Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгіменің шебері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын меңгерту, пысықтау,
әңгімелерін талдау. Жазушы әңгімелерінің мәні мен мазмұнына
тоқтала отырып, топтау, саралау жұмыстарын жүргізу.
ә) дамытушылық: Оқушыларды өзіндік талдау жасауға, ойлау білуге
дағдыландыру, өз ойын толық жеткізе білуге төселдіру.
б) тәрбиелік: әңгіме арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке,
достыққа, еңбекқорлыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, СТО стратегиясының бағыттары, топтық жұмыс, ой
толғау.
Сабақтың уақыты: 90 мин
Сабақты өткізу орны: оқу бөлмесі
Пәнішілік байланыс: XIX- XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақ әдебиеті.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақтың жабдықталуы: Ы. Алтынсарин портреті мен шығармалары
жинағы, слайдтар, мультимедиялық проектор, тірек
сызбалар;
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі: Қирабаев, Қ. Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10кл арналған оқулық,
Алматы, 1998ж.
Қосымша: 1. Қоңыратбаев Қ «Қазақ әдебиетінің тарихы».
2. Сүйіншалиев Х «XIX ғасыр әдебиеті», Алматы,«Ана тілі», 1992ж
3. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар.
Оқушы білуі тиіс: Ы. Алтынсариннің әңгімелері туралы мағлұмат.
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық – логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 25 мин
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру- 20 мин
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 мин
V. Қорытындылау- 5 мин
VI.Үйге тапсырма – 5 мин
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
1) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды үш топқа бөлемін. Бағалау парақтарын топ басшыларына таратамын.
I топ «Ойшылдар»
II топ «Білгірлер»
III топ «Тапқырлар»
Оқушылардың ойын бір ортаға топтау үшін мынадай ой тастаймын.
-Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не?
Балалар осы сұраққа мына түрде жауап береді:
-Оқу, білім алу.
-Тәрбиелі, саналы азамат болу.
-Еңбек ету.
-Өзімізден кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге көрсету.
-Ол үшін не істеу керек?
-Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек.
-Біз ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылармыз!
білімді мейірімді
Келер ұрпақ
намысты өнерлі
кішіпейіл инабатты
тату жігерлі
Әрдайым ізденіп, оқып, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінде айтып кеткен жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, келер ұрпақтың белсенді азаматы мен азаматшасы боламыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдерін жатқа айту.Өлеңдеріне сурет салу.
2.1. I топ «Ойшылдар». Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
туралы айтады.
Слайдта хронологиялық таблица көрсетіліп тұрады.
Жылдар
|
Оқиғалар
|
1841-ші жылы 2-ші ақпан
|
Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келді.
|
1850 жылы
|
Атасы Балқожа би Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке оқуға береді.
|
1857-1859 жылдар
|
Балқожа бидің хатшысы болады да, аздан кейін Орынбор облысының басқармасына тілмаштық қызмет атқарады.
|
1860-шы жылы
|
Алтынсаринге облыстық басқарма бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады. Сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді.
|
1864-ші жылы 8-ші қаңтар
|
Торғай қаласында қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп салтанатты түрде ашылды. Сол мектепке 14 бала жазылды.
|
1868-1874-ші жылдар
|
Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы болды.
|
1879-шы жылы
|
Торғай облысы бойынша орыс-қазақ училищелерінің бірінші дәрежелі инспекторы болып тағайындалды. Осы қызметте 10 жыл тұрды.
|
1879-шы жылы
|
Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шықты.
|
1880-ші жылы
|
Ы.Алтынсариннің идеясымен Орынбор, Торғай қалаларында ер балаларға ағаш ұсталығын, ал қыз балаларға киім тігу үлгілерін үйрететін қолөнер және ауыл шаруашылық мектептері ашылды.
|
1881-ші жылы
|
Орыс қаласында тұңғыш оқытушылар мектебін ашты.
|
1889-шы жылы 17-шілдеде
|
Қостанай қаласынан 3 шақырым жердегі Тобыл өзенінің бойында, «Инспектор» көлінің жағасында өз үйінде, 48 жасында өкпесіне суық тиіп қайтыс болды.
|
II топ «Білгірлер». Ыбырайдың еңбегі «Қазақ хрестоматиясы» туралы айтады.
Слайдта Ыбырай Алтынсариннің суреттері, оқыған мектептері көрсетіледі.
III топ «Тапқырлар». Ыбырайдың ұстаздығы, аудармалары туралы айтады.
2.2. Ыбырайдың өлеңдерін жатқа айту. Әр топ бір-бір өлеңнен.
2.3. Әр топтың Ыбырайдың өлеңдеріне салған суреттерін талдау.
2.4. Венн диаграммасы ( салыстыру).
Оқушылар Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің ерекшелігі мен ортақ сипатын табады.
Ыбырай Алтынсарин
|
Ортақ қасиеттері
|
Шоқан Уәлиханов
|
Ұстаз
Тұңғыш аудармашы
Ақын
Мектеп ашты
Сабақты орыс мектептері үлгілері негізінде жүргізді.
Оқулық авторы
|
Халық үшін еңбек етті
Ұлтжанды
Аудармашы
Жазушы
Еңбек жазды
Орыс достары болды.
Екеуі де атақты адамдар отбасынан шыққан.
|
Демократ ғалым
Саяхатшы
Суретші
Полиглот
Этнограф ғалым
Географ
Күй өнерін зерттеуші
Барлаушы
|
2.5. Үй тапсырмасын «Ойлан тап» бөлімі бойынша қорытындылаймыз. Әр топқа алтаудан сұрақ қойылады.
1. Ыбырай қай жылы дүниеге келді? (1841 жыл 20 қазан)
2. Балқожа би кім? (Атасы)
3. Қай жылы мектепке қабылданады? (1850 жылы)
4. Ыбырайдың арман еткен мектебі қай қалада, қай жылы ашылды?
(Торғай,1864ж)
5. Кімге жолдаған хатында 14 қазақ баласын оқытуға аш қасқырдай кіріскенін баяндайды? (Н.И.Ильминский)
6. Оның қандай шығармалары бар?( « Кел, балалар, оқылық», « Өзен», «Өнер білім бар жұрттар» т.б.)
1. Ыбырай қай жерде дүниеге келген? (Қостанай обл, Алтынсарин ауд)
2. Ыбырай неге әкімшілік қызметтен гөрі мұғалім болуды армандады?
3. Ғалым, профессор В.В.Григорьевпен қай жылы, қай жерде танысады?
(1859 жылы Орынборда)
4. Қай жылы Торғай облысы мектептеріне инспектор болып тағайындалады?
(1879)
5. «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы басты мақсаты не?
6. Ол қазақ балаларына қандай мектептер ашады? Қандай оқулықтардың авторы?
1. Ыбырай мектепті қай жылы аяқтап шығады? (1857 ж)
2. 1887 жылы қай жерде қыздар мектебін ашты? (Ырғыз)
3. «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы, қай жерде басылып шықты?
(1879 жылы Орынборда)
4. Қай жылы Омбыда тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды? (1881 ж)
5. «Қазақ хрестоматиясын» жазуға не себеп болды? Ыбырайдың оны жазудағы мақсаты мен принциптері қандай?
6.«Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын оқулығы қай өлеңімен басталады және қай
жылы жарық көрді?. ( « Кел, балалар, оқылық»!).
ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіремін.
Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен құрылымын хабарлау.
«Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгіме-новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу-өнерге ұмтылуға, Отанын елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға үндейді. Жалқаулықты, қиянат жасауды, надандықты сынап, жас ұрпақты ондай әдеттерден аулақ болуға шақырады. Еңбекті сүю және қадірлеу-Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
Еңбекті сүюге Оқу-өнерге ұмтылуға
Жігерлі Отанын, елін сүйетін
Ыбырай әңгімелерінің мақсаты
патриоттық сезімге
Кішіпейіл Талапты
Жалқаулыққа Надандыққа қарсы
тұруға бой ұсынбау тәрбиелеу
Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды. Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.
"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, "Родник" журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген қоғамдық , таптық көзқарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу арқылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.
Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-"Қыпшақ Сейітқұл". Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сөйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.
Елді отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеу- « Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің негізгі түйіні. Сейітқұлдың Барлық іс- әрекеттерінен жазушы өмірге жаңаша талап жасап, отырықшы болуға, тіршіліктің пайдалы түріне көшуге ұмтылған адамның бейнесін көрсетеді. Сейітқұл өзімен қоныстас отыз кедейді отырықшы болып, егіншілікке шұғылдануға үйретеді.
Әңгімеде Сейітқұлға оның ағасы қарсы қойылады. Ол – үұрлық- барымтамен күн көруді әдет етіп, ақыры торға түсіп, белгісіз біреудің қолынан қаза табады. Ал Сейітқұл төңірегіндегілер Қабырға өзенінің бойына орналасып, жер жыртып, егіе егеді. Бұлардың еңбегінің жемісті екендігіне көзі жеткен кедейлер тағы да келіп қосылып, ақыры Сейітқұл ауылы төрт жүз шамалы үй болады.
Көркем әдебиеттің күрделі жанры - әңгіме екені белгілі. Өйткені үлкен жанрдағы шығармаларға қойылатын талаптар әңгіме, новелла тәрізді (1-2 эпизодтан тұратын көркем қысқа әңгіме) шағын шығармаларға да қойылады. Бұл тұрғыдан алғанда Ыбырайдың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді.
Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: "Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрлысынын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар,"-деп жазды.
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы сенде еңбек ет, босқа жатпа дейді.
«Атымтай Жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай Жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай ылғи жұмыс істейді. « Күн сайын өз бейнетімен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр алаып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады» - дейді ол.
Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық ету, төзімділік сияқты жақсы қылықтар «Мейірімді бала», « Аурудан аяған күштірек» сияқты әңгімелерінде сөз болады.
Ы. Алтынсарин әңгіменің хас шебері.
Талаптың
Мейірімді бала пайдасы
Өрмекші, құмырсқа,
Аурудан аяған қарлығаш
күштірек
Атымтай Жомарт
Бай баласы
мен жарлы баласы
Бақша Қыпшақ Әке мен бала
ағаштары Сейітқұл
IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
Тірек-сызбалар арқылы оқушылармен біріге отырып, әңгіме мазмұнына шолу жасап түсінік қалыптастыру. Ауызша кейіпкерлерін атап көрсету. Үнтаспадан «Әке мен бала» әңгімесін тыңдау.
4. Бекіту тапсырмалары.
4.1. «Әдебиет лотосы»
Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы-тексеруші сайланады. Әр оқушыға кесте парақшасы таратылады. Бұл кестеде Ыбырай әңгімелеріне талдау жасалады.
Әңгіме тақырыптары
|
К е й і п к е р л е р
|
Әңгіме желісі
|
Немен аяқталады?
|
Не суреттеледі?
|
жағымды
|
жағымсыз
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
4.2. «Өнерлінің өрісі кең..»
Аталған Ыбырай әңгімелерінің бір эпизодын алып, әрбір топ өзінше кейіпкерлерді бейнелеп көрініс көрсетуге тырысады. Талап етілетін мәселе – әңгіменің негізгі идеясын, көзделген мақсатын жете таныту.
4.3. Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
1-топ. Ой толғау: «Ыбырай –әңгіме шебері».
2-топ. Арнау: «Ізбасар ұрпағы –мына біз!».
3-топ. Мақала: «Ата тәрбиесі мен ғибраты».
4.4. «Бай баласы мен жарлы баласына» әңгімесіне тоқталу.
Венн диаграммасы.
Асан мен Үсеннің ерекшеліктері мен ортақ қасиеттерін табу.
Асан Ұқсастығы Үсен
Жалқау ер балалар ақылды, батыл
Қорқақ құрдас қиындыққа төзе біледі,
Өмірге жеңіл көзқараспен қарайды достыққа адал әке сөзінен тәлім
Төзімсіз, бай баласы кедей баласы
4.5. Әңгіме бойынша семантикалық картамен жұмыс.
Үзінді кейіпкерлер
|
«Жылаған мен еш нәрсе өнбес».
|
«Елді жердің ұрысы далалы жердің бөрісі жаман».
|
«Сендердің жұртта қалғандарыңды біліп,іздеудеміз».
|
«Үйректі тірі ұстап алып ойнайық».
|
Асан
|
|
|
|
+
|
Үсен
|
+
|
|
|
|
Үсеннің әкесі
|
|
+
|
|
|
Қойшылар
|
|
|
+
|
|
Әр үзіндіні қай кейіпкердің сөзі екенін сәйкестендіріп, тұсына + белгісін қояды.
Ой толғау.
1) Әңгімеден бойларыңызға қандай қасиет жинадыңдар, нені ұғып, нені үйрендіңдер? Әңгіме бізді неге, қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыздар? Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңдар.
2) Әңгімедегі нақыл, өсиет сөздермен жұмыс жасап, мағынасын түсіндіріңіздер. Мысалы, « Молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады» т.б.
Топтастыру әдісімен сабақты қорытындылау.
Y. Қорытындылау.
Сөз соңында айтарымыз, Ыбырай жалаң үміттің ақыны емес, ол-өз кезінің ең әсерлі, ықпалды жаңашыл жазушысы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет-салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озат оқу-білімді, адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін күресті. Бұл мәселелер Ыбырай кезінің сол дәуір ұсынған ең келелі де керекті жаңа тілектері еді.
Ыбырай шашқан тәлім-тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Ыбырай мектебі кейін қазақ ішінде білім ошағының жүздеген жаңа орындарына негіз болады.
Міне, бізде осы мектептен білім алып, өз өмірімізге негіз тауып болашаққа қадам басамыз.
Ыбырай Алтынсарин әңгіменің хас шебері екенін дәлелдей келе, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау парақтарына қарай отырып, бағалаймын.
VI.Үйге тапсырма.
30-34 беттер. Әңгімелерін оқу, мазмұндау. Ы. Алтынсарин шығармалар жинағын оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |