Жамбыл облысы
Байзақ ауданы, Жеңіс ауылы
М.Мәметова атындағы негізгі мектеп
Математика пәнінің мұғалімі Шершатова Райхан Елмахановна
7 сынып
Сабақтың тақырыбы:
“Көпмүше және оларға амалдар қолдану”
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: «Көпмүше және оларға амалдар қолдану» тақырыбы бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру.
ә) Дамытушылық: есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың топтық жұмыс арқылы өз ойларын ашық айтып, ойланып жауап беруге, жолдастарының ойын тыңдап, сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пайдаланылған әдіс - тәсілдер:сұрақ - жауап, салыстыру, сөздік, жеке ізденушілік, проблемалық
Сабақ өткізу формалары: ұжымдық, жеке, жұптық, бірін - бірі тексеру, өзін - өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар, плакаттар, слайдтар, деңгейлеп оқытудың әдістері, АКТ.
Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің сабағымыздың ұраны
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмейік»
Абылайхан
Қызығушылық ояту сәті.
Бір кісі үйге кірді, ол үйде балауызшамы мен керосин лампысы тұр. Ол нені бірінші жағады?Жауабы: шырпыны
Отбасында 4 ұл бала бар. Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? Жауабы: 5 бала.
Әр оқушының алдында бағалау парағы бар.
Бағалау парағын толтырайық
Аты –жөнімізді жазып сендерге ұсынылған суреттердің ішінен сабақ басындағы көңіл-күйлерінді көрсетіңдер
Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?»:
Оқушыларды смайликтер арқылы екі топқа бөлеміз.
Бірдей смайликтерді таңдаған оқушылар бір топқа түседі
II .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Үйге берілген №90 есепті тексеру
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту.
Графикалық диктант.
Тұжырым дұрыс болса ^ белгісін,
дұрыс болмаса _ белгісін қою керек.
Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана болатын бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды
2. Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды
Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады
Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады
Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі мен қосындысын бірмүшенің коэффициенті деп аталады.
Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады
Графикалық диктанттың жауабы: ^_^_ _^)
Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана
болатын бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды (ия)
2. Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды (жоқ)
3. Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады (ия)
4. Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (жоқ)
5. Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі мен қосындысын бірмүшенің коэффициенті деп аталады (жоқ)
6. Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (ия)
ІV.Жаңа сабаққа дайындық.
Тақтада ғалым-математиктердің аттары жызылған, әр аттың қасында өрнектер жазылған . Мен сөйлемді оқимын, ал сендер өрнекті ықшамдаңдар, алған жауап бойынша қай ғалым туралы айтылғанын дәлелдейсіңдер.
1) – 3аb – 12b2 = – 3b (а +…);
2) 5с(2с2 – b ) = 10с3 - …;
3) (а – 5)(11 – b) = 11а – аb – 55 +…;
Жасына қарамастан математика саласында көптеген жаңалықтары енгізген ғалым 21 жасында дуэльде қайтты. Галуа
Бұл ғалым музыканың математикалық теориясын ашқан және Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы Пифагор
Бұл ғалымның жақсы көретін сөзі -
« дәлелдеу керегі осы еді» - Евклид
ІV.Жаңа сабақ
Анықтама.
Бірнеше бір мүшелердің алебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз.
Мысылы:m+1; х²+у²; bc2-2p+1; a2-2ab+4b2.
Көпмүшелерді қосу алгоритмі:
1) Жақшаны ашамыз (жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбасы өзгермейді)
2) Ұқсас мүшелерді біріктіреміз
(3ab3+5ab-2a2b)+(4ab2-8a2b+3ab)= 3ab3+5ab-2a2b+4ab2-8a2b+3ab=(3ab3+4ab2)+( 5ab+3ab)+ ( -2a2b-8a2b)= 7ab3+8ab-10a2b
Көпмүшелердіазайтуалгоритмі:
1) Жақшаныашамыз (жақшаішіндегіқосылғыштардыңтаңбасыөзгереді)
2) Ұқсасмүшелердібіріктіреміз
(3m3-2m2+4m+7)-(m3-m2-2m+5)=(3m3-2m2+4m+7)+(-(m3-m2-2m+5))=3m3-2m2+4m+7-m3+m2+2m-5=2m3-m2+6m+2
Көпмүшелердікөбейтуалгоритмі:
1) Біркөпмүшеніңбірмүшесін, екіншікөпмүшеніңәрбірмүшесінежеке- жекекөбейтеміз;
2) Ұқсасмүшелердібіріктіреміз
(-2ab+3a2-4b2)*(-5ab)= (-2ab)*(-5ab)+3a2*(-5ab)+(-4b2)*(-5ab)=10a2b2-15a3b+20ab3
4. Көпмүшенібірмүшегебөлуалгоритмі:
1) Көпмүшеніңәрбірмүшесінбірмүшегебөлеміз;
2) Ұқсасмүшелердібіріктіреміз
(9x2y+12xy2+15xyz)/(3xy)=(9x2y)/(3xy)+(12xy2)/(3xy)+(15xyz)/(3xy)=3x+4y+5z
V.Жаңа сабақты бекіту
«Бірлік болмай, тірлік болмас» (топтық тапсырма)
1 топ
А
|
В
|
С
|
Амалды орында
(3х+10у) – (6х+3у)
|
Көбейтуді орында:
6х2(5 – 3х)
|
Өрнекті ықшамда:
12х(х – у) – 6у(у – х)
|
Көпмүшені стандарт түрге келтір
– х + 5х2 + 3х3 + 4х – х2
|
Көбейтуді орында:
(0,4х –0,3)(8х + 6)
|
Теңдеуді шеш:
8х + 5(2 – х) = 13
|
2топ
A
|
B
|
C
|
Амалды орында
(2а – 1) + (3 + 6а)
|
Көбейтуді орында:
4а2(а – b)
|
Өрнекті ықшамда:
6а(a – b) – 3b(b – a)
|
Көпмүшені стандарт түрге келтір
4х2 + 3х – 5х2 + х3
|
Көбейтуді орында:
(6х – 0,2)(3х + 0,3)
|
Теңдеуді шеш:
4(а –5) + a = 5
|
СЕРГІТУ СӘТІ
1.Бегомотты мұздатқышқа салу үшін неше операция жасаймыз?
2. Жирафты мұздатқышқа салу үшін неще операция жасаймыз?
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
(оқулықпен жұмыс)
№117
Деңгейлік тапсырмалар
А деңгей №106, №108
В деңгей №114, №116
С деңгей №121, №124
VІ. Сабақты қорытындылау
- Өздерің бірмүше мен көпмүшені көбейтуге өрнек құрастырып, жаңа мәліметті жобалаңдар.
- Жасалған жоба байынша қандай тұжырымдама жасар едіңдер?
- Бірмүшені көпмүшеге көбейтудің тірек сызбасы арқылы жобасын жаса
5х2у
2х2у2
+
- 3ху2
+
5хуz
+
- 9
10х4у3
+
- 15х3у3
+
25х3у2z
+
- 45х2у
Қандай қиыншылықтар болды?
Не қызықты болды?
Сабақты кім толық игерді?
Кімге көмек керек?
.
VІІ.Оқушыларды бағалау
Бағалау парағына қайта оралып сабақ сонындағы көңіл күйлерінді белгілеңдер.
VІІІ.Үйге тапсырма:
Тоериялық материалды қайталау.
1 деңгей №111, 2 деңгей №119, 3 деңгей №124.
Достарыңызбен бөлісу: |