Сөздік бұрышы
Салатамыр-артерия
Көктамыр-вена
Қылтамыр-капилляр
Аорта-қолқа, ең ірі салатамыр
ҮІІІ.Дамыту
10-Химия
1. Қызылша,сәбіздің адам ағзасына
қандай пайдасы бар? (Қан құрамындағы гемоглобинді көбейтеді.)
20-География
Адам биік тау басына шыққанда неліктен басы айналып,
мұрнынан қан кетіп құлайды?(Атмосфера қысымының шұғыл төмендеуінен)
30-Салауаттану
Денсаулықты сақтау үшін адам не істеу керек?(Жүгіру қажет.Жүгіру кезінде адам ағзасы дұрыс өсіп қалыптасады)
40-Сыйлық
50-Биология
Шешесінің қаны І топ,әкесінің қаны ІҮ топ болса,балаларының қан топтары қандай болмақ?
60-Математика
Адамның бір жылғы жүрек соғысының саны қанша? (
70-Қазақ тілі
Жастар –елдің .........................,
Соғып тұрған ............................
ІХ. Бекіту
Cабақтың тақырыбы: Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімдерімен таныстыру.
2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүниетанымын арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Ұжымдық ойлау.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих. әдебиет.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
V.Үй тапсырмасын сұрау.
VІ. Бағалау.
І.Мұғалім:
Ч. Дарвин сұрыптауға ерекше көңіл бөліп, оның түрлері мен себептерін толық зерттеді. Жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелерін шығаруда, олардың ерекше бір қасиетімен өзгеріс белгілеріне қарайды. Мысалы, қауын мен қарбызды зерттеуде тек жеміс сапасын арттыру мақсаты көзделеді. Сәбіз бен қызылша өсімдіктерінің тек тәтті жемтамыры бағаланады. Ч. Дарвин қолдан сұрыптау деп атаған.
Табиғаттағы өзгергіштік өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерін өзгеріске үшыратады. Ал қолдан сұрыптауда шығарылған іріктемелер мен қолтұқымдардың адамға пайдалы, тиімді мүшелері ғана өзгертіледі.
Ч. Дарвин ауыл шаруашылығы практикасында организмдердің жаңа формалары (жануарлардың қолтұкымдары мен есімдіктердің іріктемелері) қалай шығарылатынын зерттеді. Содан соң табиғатта қандай себеп шарттардың әсерінен жаңа түрлердің пайда болатынын талдауға кірісті. Адамның қолдан сұрыптауы мен табиғатта болатын табиғи сүрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажырата білді. Нәтижесінде, Ч. Дарвин қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу ілімінің негізін салды. Дарвин 1868 жылы шықкан "Үй хайуанаттары және мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген еңбегінде қолтұқымдардың шығуын және көптүрлілігін толык сипаттады. Ірі қаранын 400- ге жуық қолтұқымдарын зерттеді. Қолтұқымдар бір-бірінен бас сүйегі дене пішіні, реңі, қаңқасы мен бұлшық еттерінің дамуы, мүйіздерінің пішіндері арқылы ажыратылады. Осындай көп айырмашылыктарына қарамастан қолдан сұрыптау арқылы шығарылған қолтұкымдар мен іріктемелердің жабайы тегі болатынын атап көрсетті. "Түр тұрақты, өзгермейді" деп санағандар "әрбір іріктеме мен колтүқымның өзіне тән жабайы тегі болады" деп есептеді. Мүндай теріс көзқараска Ч.Дарвин карсы шығып,көптеген мысалдар келтірді. Мысалы, тауьқтардың барлык қолтұқымдарынын тегі — жабайы банкив тауығы; үй үйректерінің жабайы тегі — барылдауық үйрек; үй кояндарының тегі — жабайы еуропалық қоян екендігін дәлелдеді Мүйізді ірі қараның тегі — жабайы еуропалық тур, иттін тегі — қасқыр деп көрсетті.
Қолдан сұрыптаудың мысалдары. Ч. Дарвин 1862 жылы Лондонда Бүкіл дүниежүзілік ауыл шаруашылығы көрмесінен майор Галлеттің шығарған көп масақты бидай іріктемесін көреді. Жаңа іріктеменін бастамасы ретінде масағы ірілерінен бірнешеуін тандап алады. 87 дәнекті санап алып, оны жеке үлескіге себеді. Бұдан 10 масақты бидай алған; келесі жылы 17 масақты, 39 масақты өсімдік алынған. Жыл сайын тұқымдыққа ең көп масақтылары сұрыпталып қалдырылған.Галлет ең соңында, көп масақты бидай іріктемесін 6 жылда шығарған. Тек өсімдік шаруашылығында емес, мал шаруашылығына да сұрыптау жұмыстары қолданылған. Селекционер шығарған қырыққабаттың (капуста) 6 түрлі іріктемелерінің сырт пішіндері мен жапырақтары бір-біріне ұқсамайды.
Кептердін жабайы тегі мен қолтұқымдары: 1- жабайы жартас кептері; 2—якобинец; 3—тауыс-кептер; 4—үлкен жемсаулы (дутыш) кептер; 5—сабалак кауырсынды кептер; 6—турман
Достарыңызбен бөлісу: |