Қорытынды. Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде адам тек өз қажетіне жарайтын пайдалы қолтұқымдар мен іріктемелерді шығарады. Жаңа іріктемелер мен қолтұқымдарды шығару жұмысында организмдер белгілерінің өзгеруін негізге алады.
Қолдан сұрьштау тиімді болу үшін даралар саны көбірек алынып, олардын арасынан таңдау жұмыстары жүргізіледі.
ІІ.Дамыту . Сұрыптау нәтижесі берілген өсімдіктердің қай мүшесін өзгертеді? әр мүшесінің _тұсына "+-" белгісін койып белгілеңдер
|
Тамыры
|
Түйнегі
|
Сабағы
|
Жапырағы
|
Жемісі
|
Тұқымы
|
1. Пияз
2. Картоп
|
|
|
|
|
|
|
3.Қызанақ
|
|
|
|
|
|
|
4.Қарақат
|
|
|
|
|
|
|
5. Қарбыз
|
|
.
|
|
|
|
|
6. Көкнар
|
|
|
|
|
|
|
7. Сәбіз
|
|
|
|
|
|
|
8.Қырық- қабат
|
|
|
|
|
|
|
9.Бұршак
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ. Бекіту Ч. Дарвин анықтаған өзгергіштіктерді қалай түсінгендеріңді кестеге кысқаша
жазып толтырыңдар.
Айқын өзгергіштіктің
|
Айқын емес өзгергіштіктің
|
себептері
|
мысалдары
|
себептері
|
мысалдары
|
|
|
|
|
ІҮ.Үйге тапсырма Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі
Ү.Бағалау
І. Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрлері, құрылысы
ІІ. Сабақтың мақсаттары:
а) білімділігі: Оқушыларға сабақтың түрлері, ішкі құрылысы, қызметі туралы.
б) тәрбиелілігі: Оқушыларды өсімдіктер дүниесін қорғауға, әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
в) дамытушылығы: Оқушыларға сабақтың құрылысын тірек – сызба белгілері арқылы және суреттерін көрсете отырып, ой - өрісін дамыту.
ІІІ. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
ІҮ. Сабақтың әдісі: Баяндау
Ү. Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар.
ҮІІ. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру
Сабақ барысында оқушылардан қазақ ертегілері, оның кейіпкерлері сұралады.
Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді ?
Қиял – ғажайып ертегілері
Шыншыл ертегілері
Хайуанаттар туралы ертегілер7
Бүгінгі сабағымыз ертегі сабақ екенін ескертіп, ертегі еліне сапар шегетініміз айтылады.
Ерте заманда Ерназар деген бай кісі болыпты.Ерназардың тоғыз ұлы болыпты.Кенжесінің аты Төстік екен.Төстік қалыңдығы Кенжекейді алып келе жатып, жалмауыз кемпірдің құрығына түседі.
Сонда Кенжекей:
- Сені әкең Бекторының жалмауызына беріп кеткен, сен менікі емессің, жалмауыздан біржола құтылып кел, - дейді.
Төстік жолға шығады.
Төстік елсізбен келе жатса, алдында бір адам көрінеді.
О, неғып жүрген жансыз ? – деп Төстік қасына жетіп келеді.
Төстікке жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген баукеспе ұры едім, - дейді.
Төстік оған мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1. Тамыр дегеніміз не ?
2. Тамырдың қандай түрлері бар ?
Сұрағына жауап алып, екеуі жүріп кетеді.
Тағы елсізбен келе жатса, Желаяқ кездеседі.Төстік оған хронологиялық диктант береді.
Хронологиялық диктант
1.Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш........ шықты. (1978)
2.Қазақстанда.....қорықша,......ұлттық саябақ бар. (62;5)
3.....жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым Ж.Күдерин. (1920-1930)
4.Қызыл кітаптың үшінші басылымы.....шығарылды.(1996)
Сөйтіп үшеу болып жүріп кетеді.Бұлар келе жатса, елсізде Саққұлақ кездеседі.Төстік Саққұлаққа мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1. Ұлпа дегеніміз не ?
2. Ұлпаның қандай түрі бар?
Сұрағына жауап алып, төртеуі жүріп кетеді.
Төртеуі жапан түзде келе жатса, алыста тау көрінеді. Бір тауды көтеріп, бір таудың үстіне қойып, Таусоғар жүреді. Төстік оған терминдік диктант береді.
Терминдік диктант
Өте ұсақ заттарды үлкейтіп көрсететін құрал. (микроскоп)
Желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. (цитоплазма)
Өсімдік жасушасына тән денешіктер (пластидтер)
Төменгі жағында бірнеше линзасы бар. (обьектив)
Бесеуі жүріп кетеді.
Келе жатса, алдарынан үлкен көл көрінеді. Көлдің жағасында Көлтауысармен кездеседі.
Төстік Көлтауысарға мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1.Түрөзгеріс дегеніміз не ?
2. Тамырдың қандай түрөзгерістері бар?
Төстік Көлтауысарды қасына ертіп, алтау болып жүріп кетеді.Көп уақыт өткеннен кейін бір оба көрінеді. Обаның басында жалпиып, жер астының қырағысы отырады. Төстік оған биологиялық диктант береді.
Биологиялық диктант
Бүршіктің сыртын ........... ................қаптайды.
Оның саны өсімдік түріне қарай............. ........ ......... және одан да .......... болады.
Олар........ ........ .........түсті болады.
Жетеу болып жүре отырып, жолда кездескен өсімдіктерді жинай береді. Бұлар жеті ай жол жүріп, Темір ханның еліне келеді.
Темір ханның қызын Кеше хан алмақ болып отыр екен.
Ер Төстік келген соң, Темір хан қызымды кім сұрағыма жауап берсе, соған беремін – деп елді жинайды.
Ер Төстік пен жолдастарына мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1. Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді ?
2. Вегетативті мүшелерге не жатады ?
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыз: Сабақтың түрлері, құрылысы.
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Гүл, жеміс
Бүршік, жапырақ
Қызметі
Қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады
Органикалық заттар қорға жиналады
Көбеюге қатысады
Сабақ
Шөптекті Сүректі Ағаштекті
Сабақтың түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |