Тукпиева Ансаған Ибраевна
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылы
Музыка 5-сынып
Тақырыбы: Халық композиторы Құрманғазы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
оқушыларға Қ.Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алу, күйді тыңдау арқылы қандай күй екенін ажырата білу, шығу тарихын әңгімелеу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ықпал жасау. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, оқушылардың тілін дамыту.
үш топқа сұрақ-жауап жүргізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін ашық жеткізе білуге дағдыландыру
б) тәрбиелік:
Қазақ мәдени мұрасы – күй өнеріне қызығушылығын арттыру, елін, жерін, Отаннын сүюге тәрбиелеу, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақ
Түрі: топтастыру
Көрнекіліктер: үнтаспа, плакаттар, Құрманғазының суретті, нақыл сөздер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, ой-қозғау,топтастыру.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру оқушылар Құрманғазының «Балбырауын» күйіне кіреді де екі топқа бөлініп отырады «Адай» ауылы; «Кішкентай» ауылы
а) Амандасу, түгендеу. Олардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
Намысты бол
Табысты бол
Жігерлі бол
Әділ бол
Жаңашыл бол
Салмақты бол
Турашыл бол
Шешен бол
Өнерлі бол
ІІ.Үй тапсырмасы сұрау: «Ой қозғау» стратегиясы
/екі топқа үлестірмелі парақшалар таратылады/
а/ Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.
• Естіген музыка қай жанрға жатады?
Күй деген не? (музыкалық шығарма)
Күйді шығарушы кім? (адам, күйші)
• Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?(Дина, Құрманғазы, Ұзақ, Тәттімбет, Дәулеткерей)
• Күйдің мәтіні бар ма? (Жоқ)
• Әннен айырмашылығы қандай? (Әнде мәтіні бар, ал күйде - жоқ)
ә/Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра-деген өлең жолында айтылғандай, -Небір қуанышты, қайғылы, мұңды оқиғаны домбырамен жеткізген. Домбыраның шығуы мен құрылысына байланысты аңыздар да бар.
-Кімнің үйінде домбыра бар?
-Домбыраның құрылысын кім біледі? Сұрап, толықтыру. Басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі
Күйден нені байқадыңдар, күй сендерге қандай жайларды баяндап тұр. Күйдің көңіл-күйі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ: Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Сол күй өнерінің атасы Құрманғазы Сағырбаев.
Ендеше Құрманғазының өмірі мен күйлеріне тоқталайық
...Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім, – дей отыра жаңа сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі жаңа сабағымыз ерекше болмақ, себебі жаңа сабақты, балалар, маған өздерін түсіндіріп бересіңдер.
1/Үш топта Құрманғазы атамыздың өмірбаянымен танысып
/5 мин/ жауап береді, қалған топтар оларды толықтырады
2. «Топтың атың қорғау» бөлімі
Кұрманғазының күйлерін тыңдау арқылы әр топ өз ауылдарынын аттарын қорғайды
«Адай» күйін тыңдау
1868-1869 жылдары патшға Маңғыстау жерінде он мыңдай адайлар бірігіп, қарсы көтеріліске шығады. Осы көтеріліс халықтың рухын көтеріп, жарқын болашақты елестетеді.
«Адай» күйі туралы ел аузындағы аңыздардың бар екенін, олардың ішінде Исатай көтерілісінде «Адай» руы жігіттерінің көзге түскенін айтады
«Кішкентай» күйін тыңдау
30-жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы шығармашылық дәуіріне жататын күй – «Кішкентай». Патша үкіметіне қарсы көтеріліске Исатай Құрманғазыны «сен әлі кішкентайсың»деп қасына ертпейді. Сол кезде бұл «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» деп аталған. Күйдің «Кішкентай» деп аталуы себебі осы. Құрманғазы өзінің күй шығармашылығы қадамы осылай басталады.
3«Топтастыру» стратегиясы. /трек – сызба арқылы/
І-топ Құрманғазы және оның шәкірттері
ІІ-топ Құрманғазы және оның күйлері
Құрманғазының күйлерінің аттарын параққа жазып, оқып беріңдер. /1 мин./
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Күй атасы?
2.Құрманғазыдан бата алған күйші –композитор?
3.Құрманғазыға күйшілік өнер кімнен дамыған?
4.Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
Ү. Ой-толғаныс «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы.
Қ-қасиетті
Ұ-ұлы
Р-рухты
М-мәңгі
А-азамат
Н-нағыз
Ғ-ғасырдын
А-айбарлы
З-заманының
Ы-ынтымақ
ҮІ. «Суреттер сөйлейді...» бөлімі
Берілген суреттерге қарап, өз ойларын жеткізу /3мин/
ҮІІ.«5 жолды өлең» стратегиясы бойынша домбыра сөзіне өлең жазады.
Домбыра
Әдемі, оюлы.
Шебер өте әдемі домбыра жасады.
ҮІІІ. Үй тапсырмасы: «Күй алыбы» ой толғау.
Мерзімі:
Саз өнері 5-сынып

Саз өнері 7-сынып
Мерзімі:
Тақырыбы:Лирик,композитор Естай Беркімбайұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дәстүрлі әншілік өнердің қыр - сырын терең ұғындыру, ұлттық болмысымызды дәріптеу. Келер ұрпаққа дәстүрлі өнерімізді жеткізу.
Сабақтың көрнекі құралдары: әншілердің суреттері,үнтаспа, домбыра.
Сабақтың түрі: Топтық сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ.
IV. Музыка тыңдату.
V. Жаңа сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру.
1) Амандасу, түгелдеу.
Оқушыларды 2топқа (үй тапсырмасы бойынша) бөлу:
Үй тапсырмасы: Әнші Майра .Ән «Ағаларым»
Әр топты бағалау.
Жаңа сабақ: Лирик,композитор Естай Беркімбайұлы
Мұғалім: Естай (Есмағамбет) Беркімбайұлы (1868-1946) - ақын, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі.
Павлодар облысы Екібастұз ауданының Ақкөл ауылында туған. Анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым да әнші болған. Естай Беркімбайұлы олардан көптеген жыр, дастан, толғаулар үйренген. Әнге деген құмарлығы 7-8 жасында-ақ байқалған. 16 жасында Біржан салды тыңдап, ұмытылмастай әсер алады. Осы дидарласу болашақ өнерпазға үлкен шабыт береді.
Сондай-ақ Естай Беркімбайұлы Жарылғапберді, Ақан сері, Балуан Шолақ, Сәтмағанбет, Үкілі Ыбырай, Шашубай сынды әнші-ақындармен бірге үлкен жиындарда (Омбы, Қараөткел, Көкшетау, Қызылжар, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу атырабы, Алматы) ән салып, халыққа танымал болады. Естай Беркімбайұлы ақындық, орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде белгілі болған. Оның әндері сал-серілер дәстүрін ілгері дамытты.
Композитордың алғашқы туындысы - «Шолпан қаққан» әні. Оның «Жайқоңыр», «Назқоңыр», «Майда қоңыр», «Қорлан», «Сандуғаш», «Юран-ай», «Бір мысқал», «Ашу - пышақ», «Дүние-ай», «Еркем», «Гүлнарайым», «Қоштасу», «Қаламқас», «Ғашық», «Қаракөз» әндері - қазақ музыкасының алтын қорына кірген. Ал классикалық «Хорлан», «Құсни-Қорлан» әндері Естай Беркімбайұлының есімін аңызға айналдырды. Бұл әндерді композиторлар М.Төлебаев «Біржан - Сара», Е.Брусилоский «Ер Торғын» операларында, С.И.Шабельский мен Л.М.Шаргородский қобыз бен оркестрге арналған концерттерінде пайдаланған.
Естай Беркімбайұлы кеңестік дәуірде «Туды күнім», «Құрбылар», «Өмір», «Қоңыр жел» әндерін шығарды. Атақты музыка зерттеушісі А.Затаевич Естай Беркімбайұлы әндерін тұңғыш рет нотаға түсірген.
Естай Беркімбайұлы 1939 жылы Алматыға келіп, музыка зерттеуші әрі композитор Б.Ерзаковичке өз әндерін нотаға түсіртеді. Сол сапарында ол халық ақыны Жамбылмен кездескен. Ақын Қ.Аманжолов әншінің өз аузынан «Хорлан» әнін естіп, «Хорлағайын» атты драмалақ поэма жазған. Естай Беркімбайұлы 1939 жылы Қазақстан Жазушылар одағының 2-съезіне қатысқан. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел арасында ән шырқап, халықты жеңіске жігерлендіреді. 1945 жылы ұлы ақын Абайдың 100 жыл толу тойына қатысып, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали және Нартай ақындармен өнер сайысына түскен.
А.Жұбанов пен Б.Ерзакович Естай Беркімбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. Ақын М.Әлімбаев «Естай - Хорлан» поэмасын ақынның өміріне арнаған. (Слайд көрсету)
19 ғасырда дәстүрлік өнердің жолына түскен көптеген әншілер болды. Олар: Абай, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Мұхит, Естай, Ақан Сері Біржан Сал тағы басқалары.
Музыка тыңдау
Лирик,композитор Естай Беркімбайұлының үнтаспадан әнін тыңдату.
Жаңа сабақты қорытындылау
Балалар плакатқа: Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Сұрақтарына жауап береді.
Әр топқа сұрақтар беріледі.
1. Естай жайлы не білеміз?
2. Дәстүрлі әншілерді дайындау керек пе?
3. Дәстүрлі ән мен эстрада әнінің айырмашылығы қандай?
4. Қазір қандай дәстүрлі әншілерді білеміз?
Үйге тапсырма: Естай туралы мәліметтер дайындап келу.
Саз өнері 7-сынып
Мерзімі:10.02.17
Тақырыбы:Ақын композитор Иса Байзақов
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дәстүрлі әншілік өнердің қыр - сырын терең ұғындыру, ұлттық болмысымызды дәріптеу. Келер ұрпаққа дәстүрлі өнерімізді жеткізу.
Сабақтың көрнекі құралдары: әншілердің суреттері,үнтаспа, домбыра,таратпа материал,слайд
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ.
IV. Музыка тыңдату.
V. Жаңа сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру.
1. Амандасу, түгелдеу.
2. Топқа бөлу стикер арқылы \Назқоңыр,Қалқа\
Психологиялық дайындық\үнтаспа арқылы
Үй тапсырмасы: Лирик,композитор Естай Беркімбайұлы
«Сен маған,мен саған»оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды өткен тақырыптар бойынша
Жаңа сабақ: Ақын композитор Иса Байзақов
\ Р.Стамғазиевтың орындауында үнтаспадан әнін тыңдау\
БББ кестесін пайдалану
Композитор туралы мәліметтер беру, постер құрату және қорғату\1-2 топқа композитор туралы мәліметтерді бөліп беру\
Байзақов Иса (1900-1946) - қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған. Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген
Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан ол «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады. Революцияға дейін байлардың қозысын бағады, қойын жаяды, шахтада жұмысшы болады. Оқып жүрген кезінде суырып салма ақындығы, әншілігі, домбырашылығымен ерекше кезге түседі. Өлеңдері баспасөзде бірінші рет 1924 жылы жарияланған.
1926 жылы Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда Әміре Қашаубаев, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, тағы басқа актерлармен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Жас театр қойған алғашқы пьесаларда - Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнаған.
Ал өзі инсценировка жасаған «Біржан-Сара» қойылымында Біржан болып ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндіреді. Театрда спектакль соңынан үнемі қойылатын концерттерге де белсене ат салысқан. Әншілік, артистік, домбырашылық өнерінің үстіне, серіктес артистері Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, тағы басқалардың айтатын халық әндеріне жаңа мазмұнды мәтіндерін жазып берген. Мысалы: «Заулатшы-ай», «Қалқа», «Ісмет», «Назқоңыр», тағы басқалардың сөзін Иса Байзақов қайтадан жазған. Халыққа кең тарап кеткен мұндай ән мәтіндерінің саны қырықтан асады.
Қазақтың халық әндерін тұңғыш жинап бастырушы Александр Затаевич Иса Байзақовтың аузынан бірнеше халық әндері «Кәкен», «Бике», «Жар-жар», тағы басқаларын жазып алып, нотаға түсірген. Иса Байзақов орындайтын бірсыпыра халық әндері «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын» операларының музыкасына енген.
Ал атақты «Гәкку» әні Иса Байзақовтың орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек» операсына көшті. Театрға жиналған жұрттың қалаған тақырыбына іркілместен суырып салып, өлең шығаруымен «ақын-артист» атанған Иса Байзақовтың ақындық дарыны да шарықтап өсе берді. Күн сайын театрда суырып салып айтатын жаңа жырлары, газеттерде жарияланып жататын ұсақ өлеңдерінен басқа, оның этникалық шығармалары да жиі-жиі жарық көріп отырды
«Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі», «Алтай аясында», «Кавказ», «Қырмызы-Жанай» (аяқталмаған), «Ақбөпе» поэмаларында Иса Байзақов адамгершілікті, адал махаббатты жыр етеді. Өткен өмірдің өкінішті, қайғылы кезеңдерін көз алдыңа елестетіп, қазақ пен қалмақтың ірі бай-феодалдарының зұлымдығын әшкерелейді, тап қайшылығын көрсетеді.
Иса Байзақов өмір шындығына «Неге Алатау шаттанды?», «Ұлы құрылыс», «Он бір күн, он бір түн» поэмаларын арнаған. Соңғы поэмасында ол Кеңес Одағының Батыры Марина Раскованың бейнесін жасады.
1932-1940 жылдар аралығында Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрып, ел аралап, үгітшілік қызмет атқарды. Халықты жауын жеңуге шақырды. Бұл кездерде оның композиторлық дарыны да кең өрістеді. Оның атақты «Желдірмелері» (бес желдірме) халықтың жан-жүрегін тербеді.
Иса Байзақовтың өмірі мен шығармаларын Есмағанбет Ысмайылов, Мәди Хасенов, Рахманқұл Бердібаев, тағы басқалар зерттеген. Жазушы Николай Ановтың «Ән қанаты» романында, осы аттас кинофильмде әнші-ақынның көркем бейнесі жасалған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Әнші-ақынның есімі Павлодар облысы Ертіс ауданыдағы ауылдық округке, Үлгілі ауылындағы орта мектепке берілген.
Музыка тыңдау
Ақын композитор Иса Байзақов үнтаспадан әнін тыңдату.
Әндерді пысықтау\уақыт мүмкіндігіне байланысты\
Жаңа сабақты қорытындылау
БББкестесін аяқтау
Үйге тапсырма: Ақын композитор Иса Байзақовтың әндерін жинақтап келу.

Ақын композитор Иса Байзақов
Ақын композитор Иса Байзақов
«Қарашы, домбыраның еркесіне»
Бұл өлең кейде жеке шумақ ретінде естеліктерде келтіріледі. Алайда әр естелікте сөздер өзгерістері бар. Жинаққа 1983 жылғы екі томдықтан алынды. Өйткені мәтіннің толық нұсқасы Жақан Сыздықов 1936 жылы ақынның өз аузынан жазып алынған деп есептеліп, Исаның бұрынғы жинақтарына енген.
ҚАРАШЫ ДОМБЫРАНЫҢ ЕРКЕСІНЕ
Қарашы домбыраның еркесіне,
Исаның шығып алды желкесіне,
Домбыра - екі ішекті, тоғыз перне,
Арқаның кез болдың ғой серкесіне.
Толқынды топшыменен қақ айырып,
Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.
Самғайын қанатымды жел үйіріп,
Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.
«Назқоныр»
«Айқабақ, алтын кірпік, қызыл ерін». Бұл өлеңнің тексі ескі халық әніне жаңадан жазылған. Оны жиырмасыншы жылдары осы текспен Ә. Қашаубаев орындаған. Тұңғыш рет Исаның төлтумасы ретінде 1948 жылы «Таңдамалы шығармалары» жинағына енген. Кейін басқа да басылымдарға да енген.
НАЗҚОҢЫР
I түрі
Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттын терін,
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.
Базардан алып келген күміс құман,
Жігітті адастырған қалың тұман.
Арадан қыл өтпестей тату едік,
Біздерді араз қылған қай антұрған?..
«Бір бидай»
«Сайрасаң, бауырларым, мендей сайра». Өлен алғаш рет 1948 жылы жарық көрген. Кейін де жарияланған. Бұл жинаққа 1983 жылғы нұсқа негізге алынды.
БІР БИДАЙ
Сайрасаң, бауырларым, мендей сайра,
Бақытты өмірінде күндей жайна,
Құлпырған ұлы күннің жұлдыздары,
Сәулеңмен күнмен талас, теңел айға.
Қайырмасы:
Шарықта, достар,
Бақытты жастар.
Құлпыртып ән салайық түрден түрге,
Басайық ілгері адым өрден өрге.
Шаттықтың шарықтатқан тасқынында,
Қосылып шырқатайық әнді бірге.
Қайырмасы:
Шырқатып әнді,
Әсерлі сәнді.
БІРІНШІ ЖЕЛДІРМЕ
Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын,
Өнердің қиясына шыққан сайын,
Болаттай тастан табан таймайтұғын.
Жөнелдім желдірмемен желдей есіп,
Қырандай аспандағы талмайтұғын!
Тізейін өлеңімді меруерттей;
Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.
Дабылы дауылпаздай шарықтаған,
Екпіні самолеттей заулайтұғын.
Талапты жастарымыз үйреніп ал,
Ән еді желдірме атты самғайтұғын.
Құлаштап өлеңіммен шарықтаймын,
Қарыштап шапқан сайын жалықпаймын
Гүлденген күннен-күнге Отанымның,
Өскенін айтқан сайын анықтаймын.
Шаттықтың желдірмесі, міне, қандай,
Құйылған үсті-үстіне үні талмай.
Талапты өнерпазы заманымның
Тасқыны өрге жүзген дәл осылай.
Достарыңызбен бөлісу: |