Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 6-сабақ
Бөлім:
|
1 – бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім
|
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 6
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Алып Ер Тұңға» жыры.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
6.1.4.1- көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
|
Сабақтың мақсаты
|
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айта алады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
4 минут
5 минут
15 минут
5 минут
7 минут
Сабақтың аяқталуы
4 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
Психологиялық көңіл күй тудыру
Психологиялық ахуал
«Амандасып алайық»
https://wordwall.net/ru/resource/53248984
Ой шақыру
Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып»
сөзі қандай мағынаны білдірген?
1-тапсырма:
«Алып Ер Тұңға» жырын Абайдың «Кешегі өткен Ер Әбіш» өлеңімен салыстыр. Қандай ортақ ой байқадыңдар?
2-тапсырма
Жеке жұмыс
«Блумның кубигі» әдісі бойынша тапсырмалар беру.
АТА Алып деп кімді айтады? Дастанның басты кейіпкері кім? ТҮСІНДІР Өлеңнің не туралы екенін түсіндір.
ОЙЛАН «Қайғылы жүрек жыртылды-ау» сөзінің мағынасы қандай?
НЕЛІКТЕН? Автор неліктен
«Біліктілер қалмады,
Заман оны жалмады,
Сүрінді бектің тарланы,
Салды жанға жараны», - деп деп жырлады?
НЕГЕ? Неге Алып Ер Тұңғаның қазасы халықтың қабырғасына қатты батты?
ҰСЫН Өлеңді мәнермен жатқа айтып бер.
3-тапсырма:
Синквейн әдісін қолданып, «Жоқтау», «Алып Ер Тұңға» сөздеріне қатысты бес тармақ құрастырыңдар: Бірінші жол – тақырыптың атауы (зат есім).
Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).
Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
Бесінші жол – тақырыптың мәнін ашатын бір синоним сөз.
Жырдан ауыспалы мағыналы сөздер мен тұрақты тіркестерді, көркем ауыстыруларды теріп жазыңдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |