Ақын композитор Иса Байзақов
Ақын композитор Иса Байзақов
«Қарашы, домбыраның еркесіне»
Бұл өлең кейде жеке шумақ ретінде естеліктерде келтіріледі. Алайда әр естелікте сөздер өзгерістері бар. Жинаққа 1983 жылғы екі томдықтан алынды. Өйткені мәтіннің толық нұсқасы Жақан Сыздықов 1936 жылы ақынның өз аузынан жазып алынған деп есептеліп, Исаның бұрынғы жинақтарына енген.
ҚАРАШЫ ДОМБЫРАНЫҢ ЕРКЕСІНЕ
Қарашы домбыраның еркесіне,
Исаның шығып алды желкесіне,
Домбыра - екі ішекті, тоғыз перне,
Арқаның кез болдың ғой серкесіне.
Толқынды топшыменен қақ айырып,
Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.
Самғайын қанатымды жел үйіріп,
Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.
«Назқоныр»
«Айқабақ, алтын кірпік, қызыл ерін». Бұл өлеңнің тексі ескі халық әніне жаңадан жазылған. Оны жиырмасыншы жылдары осы текспен Ә. Қашаубаев орындаған. Тұңғыш рет Исаның төлтумасы ретінде 1948 жылы «Таңдамалы шығармалары» жинағына енген. Кейін басқа да басылымдарға да енген.
Достарыңызбен бөлісу: |