Сабақтың материалдық-техникалық құрал-жабдықтары, көрнекілігі: Өндірістік құрал-жабдықтар, технологиялық нұсқау карталары, плакаттар, бүктемелер, стенд, интерактивті тақта, қажетті шикізаттар.
САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: _____ мин.
Арнайы өндіріс киімдерін және олардың талапқа сай киінулерін тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау: _____ мин.
Студенттерге мамандығының мақсаты мен міндетін түсіндіру;
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру;
Өткен сабақты қайталау;
Студенттерге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
ІІІ. Студенттерге жаңа сабақ туралы нұсқау беру: _____ мин.
Балықтар – қажетті қоректік өнім. Балық белогының құрамында басқа заттармен алмастырылмайтын, адам ағзасында жас жасушалар мен ұлпаларды (тіндерді) жасап отыратын амин қышқылдары болады. Сондықтан балық белогын аса бағалы деп есептейді. Оларға альбуминдер, глобулиндер, нуклеопротеидтер және басқалар кіреді. Дәнекер белогының белогы – коллаген – бағасыздарға кіреді. Жылумен өңдеудің әсерінен ол жеңіл өзгеріп, желімді зат – глютинге айналады. Балық өзінің құрамы жағынан адам ағзасына жеңіл сіңіріледі.
Тамақ концентраттары
Балықтың еттері май және дәнекер ұлпаларымен бірге негізгі желінетін бөлігі болып есептелінеді және ол балық массасының жартысына жуығын құрайды.