Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу



Дата09.06.2017
өлшемі60,75 Kb.
#18288
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктері және тағайындалуы, компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі

Сабақтың мақсаты:

а) ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу.

Б) Компьютердің ішкі құрылымдарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру.

В) Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, қоғам мүлкіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі: Кестелер, компьютер құрылымдары.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

ІҮ.Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ,Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы



  • Ақпаратты сығу дегеніміз не?

  • Мұрағат дегеніміз не?

  • Файлдарды мұрағаттау не үшін қолданылады?

  • Көптомды мұрағат дегеніміз не.

  • Мұрағаттан бөліп алу дегеніміз не?

  • Мұрағаттаушылардың түрлерін атаңдар.

  • Мұрағаттаушылардың міндеттерін атап шығындар.

Бүгінгі тақырып, Компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктері және тағайындалуы, компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі

Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырамыз.

ДК-дің құрылғыларының ішіндегі маңыздылары мыналар: жүйелік блок, монитор, пернтақта. Себебі бұларсыз компьютер жұмыс жасамайды. Басқа құрылғылар да пайдалы, бірақ оларсыз компьютер жұмыс жасай алады.

Компьютердің барлық құрылғылары бір-біріммен шнурлар арқылы жалғастырылады.

ДК-дің процессоры мен жедел жады ішкі құрылғысы болып табылады.

Басқалары: монитор, пернетақта, маус, модем, т.б. сыртқы құрылғылар болып табылады.

Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.

Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

ПРоцессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна немесе шина деп атайды.

Ал енді компьютердің ішкі құрылғыларымен жақын танысайық.
Жүйелік блок.

Жүйелік блок ішінде ең маңызды құраушылар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар қоректендіру блоктарымен (блок питания) бірге қоыйлады.

Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп атайды.

Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (перифериялық) деп атайды.

Компьютердің ішкі құрылғылары:

Аналық тақша (материнская плата) – ДК-нің негізгі тақшасы.



Оған мыналар енгізілген:

    • Жедел жад (ЖЖҚ-жедел жадтайтын құрылғы) – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.

    • ПРоцессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.

    • ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.

    • Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

    • Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар)

    • Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.

Тапсырма Кестені толтыру.

Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты










Қатқыл диск










Компьютердің қосу/өшіру батырмасы










Аналық тақша










Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер










Бейнетақша










Дискіжетек










Процессор










Электрмен қоректендіргіш бауы










CD-ROM










Модем мен сканерге арналған порттар










Қоректендіру блогы










Дыбыс тақшасы










Компьютерді қайта жүктеу батырмасы










ПРинтер порты










Маус пен пернетақта порттары










Жедел жады










Желілік тақша порттары.











Процессор.

Процессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.

Ең көп тараған процессрдың түрі: Пентиум. Мұндай процессорлар орнатылған компьютерлерді Пентиум деп атайды.
Жедел жад.

Жедел жад бұл деректерді уақытша сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілемі. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір ұяшықта 1 байт ақпарат сақталады.

Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақшадағы сәйкес ажыратпаларда қондырады.

Жедел жадтың сипаттамасы – оның сыйымдылығы. Қазіргі уақытта жедел жадтың көлемі 128 МБ, 256 МБ, 512 МБ, 1ГБ болып келеді.


ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі.

Компьютерді қосқан кезде оның жедел жадында ештеңе – деректер де, бағдарламалар да болмайды. Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Ал жедел жады әзірге бос болғандықтан одан басқару жүрмейді, процессор ТЖҚ-ға қатынасады. ТЖҚ компьютер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт сақтай алады. ТЖҚ-дағы бағдарламалар компьютерді дайындау кезінде жазылады.

ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплекті енгізу шығару базалық жүйесін (BIOS – Basic input output system) құрады.

Бұл пакеттік бағдарламалардың міндеті – компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілетілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.

Тақырып бір компьютердің жүйелік блогын ашып, құрылғыларды көрсету арқылы түсіндірледі.

Тақырыпты бекіту сұрақтары:



  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?

  2. Сыртқы және ішкі құрылғылардың айырмашылығы қандай?

  3. Шина дегеніміз не?

  4. Контроллер немесе адаптердің атқаратын қызмеі не?

  5. Компьютердің ең негізгі тақшасы?

  6. Процессордың атқаратын қызметі қандай?

  7. Жедел жад пен тұрақты жадтың айырмашылығы қандай?


Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет