«Жер-қазына» тақырыбы бойынша ашық сабақ
өткізген Қостанай қаласындағы №2мектеп-лицейінің мұғалімі
Тасқожина Жұлдызай Әміржанқызы
Сабақтың тақырыбы: Жер – қазына
Сабақтың мақсаты: а) «Жер-қазына» ұғымын түсіне біліп, мәнін ашу.
Міндеті: - жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жерге қамқорлық жасау қарым - қатынастарын дамыту;
- жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сілтеме: Оқулық, слайд, суретті парақшалар, күн суреті, смайликтер.
Оқытудың нәтижелері: 1. Жер - ана жөнінде түсінік қалыптасады.
2. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды. 3. Өз ойын еркін жеткізе алады.
Қадамдар: 1. Шаттық шеңбері 2. Интерактивті тақтамен жұмыс
3. Топпен жұмыс 4. Жеке жұмыс
5. Рефлексия 6. Бағалау
Сабақ барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру 2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Топқа бөлу 4. Тапсырма беру
1. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн!
Тыныш болып түніміз!
Ашық болып күніміз!
Сәттілікке толсын ай!
1.Балалар, біз қайда тұрамыз? –
2. Қазақстан жері қандай? Кең-байтақ.
Мұғалімнің сөзі: Адамның өмірі жермен тығыз байланысты. Күнделікті ішіп жүрген тамақ, киім, ауа, су – осылардың бәрі табиғаттың берген сыйы. Барша байлықтың анасы - Жер.
Сабақтың тақырыбы: Жер – қазына.
Мақсаты, Міндеті айтылады.
Сабақтың басталуы.
ІІ кезең: Үй жұмысын тексеру: І бір-бірін тексеру - 10 мин
1.Туған жеріміз Қазақстанда теңіз де, мәңгі қар басқан биік тау да, орман-тоғай да баршылық.
2. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. 3.Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен боп саналады.
4. Қазақстан – тәуелсіз ел.
5. Онда жер де, халық та, тіл де, қалалар да, астана да бар.
6. Оларды білу, қастерлеу – біздің азаматтық борышымыз.
ІІІ кезең: 1.Жаңа мәтінмен жұмыс-7 мин. Балаларды топқа бөлу:
1-топ. «Жер» Қанатты сөздердің мәнін аударыңдар:
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2 топ –«Су» Жер – қазына, Су – алтын, Мал – байлық.
3 топ-«Ауа» Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар:
Ту...ан жер табиғ...аты –хал...ымыздың ұлт..ық мақтан...шы. Сондықтан оны а...лап қор...ауға үлес қ...су – бізд...ң азама...тық бор...шымыз.
2. «Жер-ана» мәтінімен жұмыс: 10 мин
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып, ойнап жүр еді, бір қария:
– Әй, балам! Жерді неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сенің асыраушы анаң ғой,– дейді.
– Балшықты анаң дегеніне аң-таң болған Бейбіт:
– Менің анам үйде, аты – Зейнеп,- деді.
– Балам, онда сол Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер,- деп қария кете берді.
Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңілі жайланған соң, Бейбіттің есіне қарияның айтқаны түсті.
– Апа, –дедi ол,– мана бір шал: «Жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң!»- дедi, – ол не дегені?
– Сен не дедiң? – деп сұрады Зейнеп.
– Менiң анам үйде дедім.
– Балам-ай, неге осынша кiр, балшық болып келгенінді енді білдім.
Ол кісі саған дүрыс айтқан. Жер– бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.
Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады.
– «Жер – анамыз» дейтiн себебіміз,- деді анасы,– iшетін суымыз, жейтін нанымыз – жердікі. Дұрыстап ұғып алғын, тіпті, адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді. Мысалы, жаңағы жеген қаймағың сиырдың сүтінен алынады.
Сиыр жердің шөбін жемесе сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам.
Сондықтан да Жер – бәріміздің асыраушы анамыз. Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады.
Түстен кейін бақшаға кіріп, қопарып, шашып ойнаған топырақты тегістеді. Тіпті, ақырын ғана алақанымен аялап, сипап қойды.
Сұрақтар:
1. Қария балаға не деді?
2. Қарияның «Жерсіз өмір бар ма?»- деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. Жер-ана дейтін себебіміз- ...
ІV. Кім зерек?
1топ «Жер» Табиғат туралы
Табиғат біздің ана..., Жер–Ана біздің пана....
Таза болса табиғат Біз де аман бола....
2 топ –«Су»
Мен жерімді сүйе...
Мен жерімді сүйе..., Жеріме дән себе....
Ауа таза болсын деп, Жылда ағаш еге....
3 топ «Туған жер»
Кең далада жүре..., Бауырында ойнап күле....
Мен жерімді сүйе..., Ол үшін отқа түсе....
Қорытынды: Бүгінгі сабақта не білдік?
1. Оқушы: Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
2. Оқушы: Табиғат –бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аяулы бесігі, құтты қонысы, өсіп өнетін мекені.
3. Оқушы: Табиғат-халық қазынасы «Табиғатты қорғасақ- денсаулықты сақтаймыз»
5 - тапсырма. Ассоциация.
Айтылған ойларды бекіту үшін тапсырма орындалады. Тапсырма бойынша оқушылар суретті пайдаланып, төмендегі тақырыптар бойынша өз ойларын білдіреді. Тапсырма топқа бөлініп орындалады.
Бір топ – «Жердің қасиетін» жазып, топтастыру жасайды,
Екінші топ – «Жерге қамқорлық» туралы жазып топтастыру жасайды.
3 топ Жер- ана туралы жазып топтастыру жасайды.
Тапсырмаларын плакатқа маркермен орындайды, тақтаға іліп, жария етеді.
Жер-анаға хат
Жер – Ана біз сізді жақсы көреміз. Біздің сыныптағы оқушылар да сізге риза. Сіз адамдарға бақыт, молшылық, құт -береке, ырыс әкелесіз. Жер бетіне тыныштық сыйлайсыз. Сол үшін адамзат сізді құрметтейді.
1. «Жердің қасиеті» Ол бізге қуаныш әкеледі, сондықтан табиғатты қорғау керек. Ағаштар, гүлдер отырғызу, қоқыс лақтырмау, өрттен сақтау.
---------------------------------
2. «Жерге қамқорлық»
----------------------------------
3 топ Жер- ана -бәрімізге ортақ үй
Қорытындылау – Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
- Жер - біздің асыраушымыз. Жер - ананың көмегі зор. Олай болса, Жер - анамызды күтіп, баптай білейік.
Қазір мен сендерге «күннің сәулелерін» таратып беремін. Сендер сол сәулелерге Жер - ана туралы мақал-мәтелдерді жазып, тақтадағы «күннің» айналасына іліңдер.
Оқушыларға «сәулелер» таратылып беріледі, әр оқушы өзінің Жер – ана туралы мақал-мәтелдерін жазып, тақтаға іледі.
Жер – қазына, Су – алтын, Мал – байлық.
Таза болса табиғат, Аман болар адамзат.
Сулы жер – нулы жер.
Рефлексия. Смайликтер арқылы кері байланыс орнатылады.
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан, белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |