Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың күнделікті өмірден байқағандарына сүйене отырып,оларға қоршаған дүниеге не енетінін ұғындыру



Дата27.12.2016
өлшемі198,21 Kb.
#5646
түріСабақ
Бекітемін:

Пәні: Дүниетану Уақыты: 03.09.12


Cабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған дүние.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың күнделікті өмірден байқағандарына сүйене отырып,оларға қоршаған дүниеге не енетінін ұғындыру.

Ә)Қоршаған дүниені бақылап, байқағандарын қорытындылай білу арқылы дүниені танып-білуге болатындығын түсіндіру.

Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Түрі: аралас

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:бейнелі суреттер,табиғи заттар:тас,құм,шөп.

Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру бөлімі.

Психологиялық көңіл-күй туғызу.


ІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

Оқулықтағы берілген сурет бойынша әңгімелесу:

-Суреттен көргеніңді ата.

-Осындай көріністерді күнделікті жағдайда қайдан кездестіруге болады?

-Мектеп маңайында осы көріністердің қайсысы кездеседі?

2.Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суреттің ішінен өздері танитындары жайында сұрау.Аспаннан түнде нелерді көретінін, күндіз жерге жарық пен жылу қайдан келетінін айтқызып көру.Оқушылардың осы айтқанына сүйеніп, осылардың бәрінің де қоршаған дүниеге енетінін тұжырымдау.

Сергіту сәті.

3.Сөздікпен жұмыс: күн,аспан,адам,қоректенеді,көбейеді, т.б. сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру.

4.Оқулықтағы тұжырымдаманы оқып,түсіндіру.

Сергіту сәті.

5.Дәптермен жұмыс.

Күнделіктегі тапсырманы орындату.


ІІІ.Қорытынды.Мадақтау.

Оқулықтағы сурет бойынша еркін әңгіме құрастыру.

-Сабақ аяқталды.

2-3-сабақ


Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :

Пәні:Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Өлі, тірі табиғат.Адам қолымен жасалатын заттар.
Сабақтың мақсаты:Қоршаған дүниедегі өлі және тірі табиғат заттарымен таныстыру.Оқушыларды өлі және тірі табиғатта болатын өзгерістерді бақылап жүруге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Оқушылардың дүниетанымын дамытуға жағдай жасау.Көптеген заттардың адам қолымен жасалатынын түсіндіру.Кез-келген затқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:бейнелі суреттер,бейнетаспа,өлі табиғат заттары(су,құм,тас, т.б.), әр түрлі адам қолымен жасалған заттар.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Снып оқушыларын түгендеу.

ІІ.Жаңа сабақ..

1.Оқулықты пайдаланып, суреттер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың өлі және тірі табиғатты өздерінің анықтауына жағдай туғызу.

2.Бейнелі суреттерді немесе бейнетаспаны пайдаланып, өлі және тірі табиғат туралы түсініктерін тиянақтай түсу.Ол үшін сондағы көкөністерді талдап,өлі және тірі табиғат заттарын ажырату.Оқушылардың өз пікірлерін дәлелдеуге жағдай жасау.

3.Оқушылардың өмір тәжірибесін пайдалану.

-Маңайды қарап,өлі табиғат заттарын ата.Неге өлі табиғат дейміз?

-Тірі табиғатты ата.Неге тірі табиғат дейміз?

Сергіту сәті.

4.Табиғи заттармен жұмыс:түрлі өлі табиғатты таратып беру.

-Алдарыңдағы заттарды қара.Оларды ата.Оларды қайдан кездестіресің?

Ойын «Өлі не тірі»

Ойын барысында мұғалім тірі және өлі табиғат заттарын араластырып айтады.Өлі табиғатты атағанда оқушылар қол соғу керек.Сонан кейін оның неге өлі табиғат екенін дәлелдету.

5.Логикалық сұрақтар, тапсырмалар.

-Су қыста қандай түрде кездеседі?

-Суды қолға үйіп ұстауға бола ма?

-Су қайнағанда неге айналады?

-Мұз ерігенде не пайда болады?

Екінші сабақ

1.Оқулықпен жұмыс.

Адам қолымен жасалатын заттар туралы мағлұмат беру.

2.Сынып ішіндегі заттарды әңгімелету.Мысалы:парта,ағаш пен темірден жасалады,оған жазамыз,оқимыз.

ІІІ.Қорытынды.Мадақтау.

Өлі және тірі табиғат туралы түсініктерін тұжырымдау.

Дәптерге сурет бойынша берілген тапсырма орындалады.

Жұмбақ шешу.

-Сабақ аяқталды.

4-5-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :


Пәні:Дүниетану Уақыты:

Cабақтың тақырыбы:Қоршаған дүниені танып біл.(танымжорық)

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды қоршаған дүниенің әртүрлілігімен және әдемілігімен таныстыруды жалғастыру.Зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын қалыптастыру.Тірі және өлі табиғаттың құбылыстарын және заттарды бақылау, талдау, салыстыру, қорытынды жасау.

Сабақтың көрнекілігі:альбом,қарындаштар, табиғи материалдар жинауға арналған папка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты түгендеу.

Психологиялық көңіл-күй туғызу.

ІІ.Жаңа сабақ..

1.Міндеті,мақсаты анықталады.

2.Топтарға бөліну, зерттеу объектісін таңдау.

3.Ағаш, бұта, шөп тектес өсімдіктерді қарау.

А) Салыстыру жұмыстары.(ағаш,ағаш діңі,жапырағы)

ә)Бұта, бұталардың айырмашылығы.

б)Шөп тектес өсімдіктерді бұта, ағаштармен салыстыру.

Сергіту сәті.

4.Тыныштық сәті: аспанды,күн, құстарды бақылап әңгімелеу.

5.Әңгімелесу:а)Өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ата.

ә)Адамның атқаратын жұмыстарын ата.

б)Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі

6.Сурет салу жұмысы: есте қалғанын, бақылағандарын сурет түрінде салып көрсету.

7.Пікірлесу сәті

ІІІ.Қорытынды.Мадақтау.

Қоршаған ортаға қалай қарау керек?

Танымжорықтың қорытындысын шығару

А)Қуанған,ренжіген сәттері

Ә) «Табиғат досы» әңгімелеу.

-Сабақ аяқталды!


6-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Құлақ есту мүшесі

Сабақтың мақсаты:Есту мүшелері-құлақтың алатын орнын түсіндіру, денені күтуді түсіндіру.Құлақты таза ұстау жолдарын түсіндіру арқылы гигиеналық тәрбие беру, денені күтуді түсіндіру.Табиғатты қорғауға, денсаулығын нығайтуға, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:жануарлар дыбысы (үнтаспаға жазылған),музыка әуені.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау

Қоршаған орта туралы әңгімелету.

Схема бойынша жұмыс

Табиғат –тірі -? өлі -?

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Үнтаспадан түрлі дыбыстар тыңдату

2.түлік пен т.б. жануар дыбыс тыңдағанын айту.

3.Әуен арқылы адам көңіл-күйін айқындау.

4.Әңгімелеу./сұрақ-жауап/

-Бұларды ненің көмегімен анықтадық?

-Дыбыстар қалай әсер етеді?

-Заттардың дыбысы бола ма?

Сергіту сәті.

5.Сурет бойынша жұмыс: дыбыстар мен үндерді арттыру.

6.Оқушы өмір тәжірибесін пайдалану.Сол туралы оқушы еркін сөйлеуге жағдай жасау.

7.Оқушы мәтінге түсінік беру.Мазмұнын оқушылардан сұрау.

8.тірек сөздер:құлақ есту, дауыс, үн, дыбыс, жағымды, жағымсыз т.б.Сөйлем құрау.

9.Дәптермен жұмыс.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

1.Құлақты таза ұстау ережесіне шолу.

2.Адам құлағының естуі туралы әңгіме жүргізу.

3.М.Әлімбаев «Қилы-қилы құлақтар» өлеңін оқу, қара сөзбен әңгімелеу.


-Сабақ аяқталды!

7-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Мұрын-иіс сезу мүшесі.

Сабақтың мақсаты:Адамның сезім мүшесі- мұрын туралы түсінік беру.Оқушыларды тазалыққа баулып, гигиеналық тәрбие беру, әрбір сезім мүшесінің күтіміне көңіл бөлу.Сезім мүшесінің өзіне тән тигізер әсерін түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамиыту.

Сабақтың көрнекілігі:әртүрлі иісті зат суреті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Танымжорықта салған суретін әңгімелеу.

Құлақ –есту мүшесі /сұрақ-жауап/

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Қандай иіс?»-ойыны. /қимыл-әрекет көрсету/

2.Әңгімелесу

А) Иіссу не үшін қажет?

ә)Қысқы киімдерді сақтау

б)Үйдің ауасы.

Сергіту сәті.

3.Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтінді оқу.

2.Сурет бойынша әңгіме құру.

3.Тірек сөздермен жұмыс:жағымды,жағымсыз,хош иіс,,ащы иіс,тазалық т.б.

4.Дәптерде берілген тапсырманы орындату.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Жануарлардың иіс сезімі туралы әңгімелеу.Мысалы ит, мысық тамақты алдымен иіскейді.Иіс арқылы тамақтарын тауып жейді.

Ескерту :білмейтін, бұрын көрмеген нәрсені иіскеуге болмайды.


-Сабақ аяқталды!

8-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Көз-көру мүшесі

Сабақтың мақсаты:Көздің қоршаған ортаны танып білудегі орны, маңызымен таныстыру.Көзді сақтауға тәрбиелеу.Адам сезім мүшелерінің маңызын талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қоршаған орта туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:түрлі заттар, суреттер,көкөністер,үлкейткіш шыны(лупа).

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа назар аударту.

ІІ.Өткенді қайталау.

Сезім мүшелері-құлақ,мұрын туралы түсініктерін қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Затты сапасына қарай,сыни тұрғыдан айту.

Көз-алыс-жақын, қимылды,өзгерісті, түрлі ерекшеліктердің бәрін көреміз

2.Жұмбақ шешу,шешуін дәлелдеу.

3.Оқулықпен жұмыс.

А)Суретпен жұмыс.

ә)Көз пішінінің қалай өзгеретінін талдату.

б)Көңіл-күйінің өзгерісі туралы әңгіме құрастыру.

Сергіту сәті.

4.Зағип адамдар туралы, оларға адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.

5.Мақал-мәтелмен жұмыс.

«Көзің ауырса қолыңды тый»

А)оқу, оқыту.

ә)Талдау


*6.Суреттер айырмашылығын тапқызу.

7.Дәптермен жұмыс.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Сезім мүшелерінің бір-бірімен байланысы туралы әңгіме.

«Ойын ойнап, ойланайық» Көзбен көріп бейнені айту, дәлелдеу.

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!


9-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:

Cабақтың тақырыбы:Тіл - дәм сезу мүшесі

Сабақтың мақсаты:Тілдің қоршаған ортаға керек екенін түсіндіру.Таза болуға,тісті таза ұатай білу ережесімен таныстыру.Мұқияттылыққа, тиянақты, тазалыққа тәрбиелеу.Ой-өрісін, сөз қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық көңіл-күй туғызу.

ІІ.Өткенді қайталау.

Көз- сезім мүшесі туралы түсініктерін қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Жұмбақ шешу, шешуін дәлелдеу.

-Тіл не үшін керек?

Тіл- сөйлеу, дәм(ащы, тұщы, қышқыл,тәтті)

2.Ой қозғау.

-Тіл туралы не білеміз?/әңгіме, мақал, жұмбақтар айтқызу/

3. Оқулықпен жұмыс.

Суретпен жұмыс жасау.Оқыту, оқып беру.

Сергіту сәті.

4.Тілінен /сөйлей алмайтын/ адамдарға адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.

5.Дәптермен жұмыс жасау.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Сезім мүшелері-көз, құлақ, мұрын,тіл.

Олардың байланысын айтқызу.

Ребус шешу.

-Сабақ аяқталды!

10-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Тері-сипап сезу мүшесі

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйеніп, терінің сезім мүшесі екнін ұғындыру, пайдасын түсіндіру.Денені таза ұстауға тәрбиелеу.Оқушылардың сезім мүшелері жайындағы ұғымдарын кеңейтіп,адамның қоршаған дүниені танып білуіне бүкіл сезім мүшесі қатысатынын түсіндіру арқылы олардың дүниеге деген көзқарасын, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі:түрлі заттар(тікенді, тегіс, бұдырлы, қатты, жұмсақ, ыстық, суық, т.б.)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Тіл-сезім мүшесі туралы түсініктерін қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Машықтық жұмыс.

Қолдарына әртүрлі пішіндегі заттарды таратып беру.Оның сыртқы белгілерін қолдарымен сипалау арқылы анықтап, айтқызу.

2.Оқулықпен жұмыс.

Суреттегі заттардың қандай екенін айтқызу.

Сұрақ-жауап жұмысы

Не анықтаймыз?-көз арқылы, тері арқылы,мұрын арқылы,тіл арқылы,құлақ арқылы.

Сергіту сәті.

4.Тірек сөздер:дәмді, ащы, тәтті, т.б. пайдаланып сөйлем құрау.

5.Дәптермен жұмыс.

Суық, ыссы заттарды тиісті белгімен бейнелеу.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Не білдім?-адамға көмектесу, сезім мүшелерін,денені күту, зат тану.

Сурет бойынша әңгіме құрау.

Мұғалім тұжырымдамасы.

-Сабақ аяқталды!


11-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Табиғат құбылыстары.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды табиғатта болып тұратын құбылыстармен, олардың атауларымен таныстыру.Табиғат туралы білімдерін кеңейту.Табиғатты қорғауға, сүюге, адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:жыл мезгілдер суреті, қарандаш,қағаз беті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық..

ІІ.Ұйымдастыру бөлімі.

Өткен тақырыптарды ауызша талдау.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Жұмбақ шешу, шешуін дәлелдеу.

Табиғат құбылыстары:жел, бұршақ, қар, найзағай, бұлт, дауыл,боран,жаңбыр.

Ой қозғау:Осы табиғат құбылыстары туралы не білеміз?

2.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу,мазмұны бойынша жұмыс жүргізу.

3.Топпен жұмыс.

Төрт мезгілге байланысты 4 топқа бөлінеді.

Әр топ өз мезгіліне байланысты сурет салу.

1 оқушы табиғат құбылысы ерекшелігін айту.

Сергіту сәті.

4.Табиғат құбылыстары:кемпірқосақ,бұршақ,жаңбыр,шық,қар,тұман,жел,құйын,қарлы боран,сел,қырау,мұздақ,найзағай,қатқақ,күн күркіреу,ақжауын,нөсер,т.б.

Тапсырма:әр жыл мезгілін өзіне тән құбылыстарды жазу.

5.Дәптермен жұмыс

Табиғат құбылысының суретін салу.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

-Күннің ыссылығы, суықтығы туралы не айтасыз?

-Өзің білетін табиғат құбылысын әңгімеле

-Сабақ аяқталды!

12-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :

Пәні: Дүниетану Уақыты:


Cабақтың тақырыбы:Ауа райы

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ауа райы туралы түсініктерін кеңейту,ауаның температурасы мен жануарлар,өсімдіктердің тіршілігінің арасындағы байланысты қою.Табиғатты қорғауға,адамгершілікке тәрбиелеу.Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:термометр,жыл мезгілінің суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты түгендеу.

ІІ.Ұйымдастыру бөлімі.

Табиғат-өлі,тірі,адам қолымен жасалатын заттар туралы әңгімелеу.

Қоршаған орта,сезім мүшелері, табиғат құбылыстары туралы әңгімелету.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Кіріспе әңгіме.

Жыл мезгілдері,ауа райын айтқызу.

-Ауа-райын білу адамға не үшін керек?

2.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып беру.

Мәтінді әңгімелеу.

Негізгі сөздерді бөліп алу:ауа райы,термометр,жауын-шашын,жел, бұлттылық, т.б.

Термометрмен таныстыру,бөлменің, даланың ауа райын термометрмен өлшеу.Шартты белгісімен таныстыру.

3.Топпен жұмыс:жыл мезгіліне бөліну.

Тапсырма :бөлінген жыл мезгіліне байланысты ауа райын айту.

Сергіту сәті.

4.Бақылау күнделігімен жұмыс

Суретті дұрыс орналастыру.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Сұрақ-жауап.

«Ойлан тап» ойыны.

-Сабақ аяқталды.

13-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Көкжиек тұстары.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды көлеңкеге қарап, көкжиек тұстарын анықтай білуге үйрету.Бағдарлай алу дағдыларын жетілдіру, бақылағыштарын, білуге құмарлықтарын арттыру.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:альбом, қарындаш.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық тренинг.

ІІ.Өткенді қайталау.

Нені білемін?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Қоршаған орта деген не?

-Сезім мүшелерін ата.

-Табиғат құбылыстарын ата.

-Ауа райы деген не?

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Танымжорық мақсатын, міндеттерін айту.

2.Мақсаты бойынша әңгімелеу.Біздің төңірегіміздегі көзіміздің жеткен жеріне дейінгі кеңістікті көкжиек деп аталады.Адам биігірек жерге көтерілген сайын көкжиек те кеңейе береді.

Көкжиектің 4 түрі:солтүстік,оңтүстік,батыс, шығыс.

Сергіту сәті.

Машықтық жұмыс.

Көкжиек тұстарын анықтау./көлеңкеге қарап айту/

Альбомдарына көкжиек тұстарын анықтап алу.

Қысқаша жазу.

Солтүстік: С Оңтүстік: О Батыс: Б Шығыс: Ш
ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Сынып бөлмесіне келген соң білімді бекіту.

Жұлдызға, жергілікті жер белгілерімен бағдарлау./қосымша білім беру/

-Сабақ аяқталды!

14-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :

Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Күзгі табиғат

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың күзгі табиғаттың өзгеретіні туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау.Табиғатқа қамқорлықпен қарау қатынастарын тәрбиелеу.Табиғат құбылыстары мен заттар арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып, қоршаған дененің біртұтастығы туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:жыл мезгілі суреттері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Көкжиек туралы түсініктерін сұрап, білімдерін тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Кіріспе

Оқушылардың күзгі ауа райы туралы түсініктерін байқау.Күзгі өлі табиғат өзгерісі:аспанның қалпы, күннің ұзақтығы,салқындауы.

2.Оқулықпен жұмыс.

«Күз» А.Байтұрсыновтың өлеңіне талдау.

-Сурет бойынша күзгі және жазғы көріністі салыстыр.

-Күздегі табиғат өзгерісін айт.

-Күзде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күздегі жауын-шашын.

-Күз айлары.

Сергіту сәті.

3.Сөздікпен жұмыс:күзгі жапырақ, суытты, жауын.

А)оқу, оқыту.

Ә)сөйлем құрату.

4.Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешу.Шешуін дәлелдеу.

Суретін салу.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Күз туралы ұғымдарын тұжырымдалады.

-Сабақ аяқталды!

15-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :


Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Күзгі өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:Күзгі өсімдіктер тіршілігінде болатын өзгерістер туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруға жағдай жасау.Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен затардың маңызын түсіндіру, адамгершілікке тәрбиелеу.Тірі табиғат, өлі табиғат арасындағы байланысын түсіну мүмкіндіктерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, табиғи заттар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты түгендеп, көңіл-күйлерін анықтау.

ІІ.Өткенді қайталау.

Табиғат туралы әңгімелеу.

Күзгі табиғат туралы әңгіме жүргізу.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Оқушылардың күзгі өсімдіктер көрінісін байқауы.Жапырақ түсін анықтау.

2.Күзде өсімдік тіршілігінде болған өзгеріс жайында әңгімелесу.

Жапырақтарына , сыртқы көрінісіне қарап өсімдіктерді анықтау (ағаш, бұта, шөп.)

Сергіту сәті

3.Көзге түскен жануарлар туралы әңгімелесу.

Өсімдіктердің жапырақтарын жинау.

ІVҚорытынды.Мадақтау.

-Күзде жапырақты өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?

-Жапырақ түсу қай кезде басталды?

Сыртта табиғат аясында өткен жағдайда дәптердегі жапырақ суреттерін күзгі түске келтіріп бояу.

-Әңгіме құрап келу.

-Сабақ аяқталды!


16-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Бақта.Бақтың достары мен зиянкестері.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға бақ өсімдіктері туралы ұғым беру. Зиянкестері мен пайда тигізетін бунақденелермен таныстыруТабиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:бақты бейнелейтін суреттер,муляждары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Көкжиек тұстарын қайталау.

Күзгі өсімдіктер туралы әңгімелеу.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Суретпен жұмыс.

Суретке сәйкес тақырып таңдалынады.

2.Бақ өсімдіктерін атау, олардың түр-түсі, дәмі, қай кезде пісіп жетілетіні туралы сөйлету.

3.Бақ өсімдіктері туралы өздері білетін еркін әңгімелеуге мүмкіндік беру.

Сергіту сәті.

4.Жемістерді ұстап көру.

5Дәптермен жұмыс

Бақта өсетін өсімдіктерді тауып, бояу.

6.Оқулықпен жұмыс.

Сұрақтар мен тапсырмалар ды бірігіп орындау,талдау.

Жұмбақ шешу,шешулері болған жануарлардың суреттерін салу, бояу.

7.Сөздікпен жұмыс:зиянкес,пайдалы.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Бақтың зиянкестері мен оған пайда келтіретіндерді қайталау.

-Сабақ аяқталды!

17-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Бақшада.Бақша достары мен зиянкестері.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға бақша өсімдіктері туралы толық түсінік беру, бақша зиянкестері, достары туралы түсінік беру.Табиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:картиналар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Өткен тақырыптарды еске түсіру.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Бақшаны бейнелейтін картиналар бойынша оқушыларды сөйлету.Картинаға ат қою.Сұрақ-жауап

2.Бақша өсімдіктері туралы оқушылар білімін өмірде байқағанын айтқызу.

-Қандай бақша өсімдіктерін білесіз?

-Қандай тағамдар жасалады?

3.Бақша өсімдіктерін таратып, сол туралы білгендерін әңгімелету.

Сергіту сәті.

4.Мәтінмен жұмыс.Сұрақ-жауап.

5.Дәптерден бақша өсімдіктерін тауып, бояту.

6.Зиянкестер мен достар /бақшаның/ туралы түсінік беру.Оқушыларға еркін сөйлеуіне мүмкіндік туғызу.

7.Мәтінге байланысты жұмбақ шешу, бояу.

8.Сөздікпен жұмыс.Олармен сөйлем құрату.

ІVҚорытынды.Мадақтау.

1Зиянды, пайдалы, достары-сөз мағынасын талдау.

2.Оқушыларды мадақтау.

3.Сурет салу.

-Сабақ аяқталды!

18-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі :
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Жануар тіршілігінде болатын күзгі өзгерістерді түсінуге жағдай жасау.Табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу.Өлі табиғат пен тірі табиғат байланысын ұғындыру.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:картина, суреттер, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты түгендеу, сабаққа дайындау.

ІІ.Өткенді қайталау.

Бақтағы өсімдіктер.

Бақшадағы өсімдіктер.

Жануарлар:үй және жабайы

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Жабайы аңдар туралы түсінік беру.

2.Оқулықпен жұмыс

Күздегі жабайы аңдар тіршіліг туралы әңгімелеу.

Мәтінді оқу, оқыту.Мазмұнымен жұмыс.

А)Жеке сұрақтар.

Ә)Тұтас айтқызу.

3.Ойын: «Кім немен қоректенеді?»

Сергіту сәті.

4.Дәптермен жұмыс

Әр аңның тұратын жерін анықтау.

5.Сөздікпен жұмыс.Олармен сөйлем құру.

6.Қорек жинайды Қорек жинамайды

................................. ...............................

7.* Табиғат ғажайыптары.

Мәтін: «Жануарлар неге қыста тонын ауыстырады»

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Жануарлар тіршілігі туралы не білдік?

Жануарлар қысқа қалай дайындалады?

Қыста ұйқыға кететін аңдар.



-Сабақ аяқталды!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет