Сабақтың мақсаты: а Оқушыларға 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы жалпы мағлұмат беру



Дата08.09.2017
өлшемі34,1 Kb.
#31724
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сегізінші наурыз

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні

туралы жалпы мағлұмат беру

ә) Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын,

қабілетін дамыту

б) Ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу

Әдісі: түсіндіру, көрнекі, сұрақ-жауап

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі:сөзжұмбақ, мақалдар, суреттер, өлең жолы, топтастыру, тех-қ

құрал, ашық хат


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ



Психологиялық дайындық

Кіріспе

- Балалар, біз ұзақ, суық, аязды, боранды қыстан шаршап, көктемнің келуін күтеміз. Сол көктемнің иісін, жылылығын аңсаймыз. Көктеммен бірге бізге наурыз айында жақсы мейрамдар келеді. Соның бірі көктемнің алғашқы мейрамы аналар мейрамы.

- Ол қай кезде болады.

- 8- наурыз

- Бұл мейрамды бүкіл халық болып тойлайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Әр адам көзін ашып, дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол-ана. Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да Ана. Әрқашан дұрыс , таза жүр, адал бол деп тілейтін де-Ана.

Ана бұл жел жағымыздан пана, бәріміз ұшін дара, дана тұлға. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.

Оқулықпен жұмыс

"Сегізінші наурыз күні"өлең

Үлкенмін ғой мен енді,

Жудым бүгін еденді.

Апаларға арналған

Жаттап алдым өлеңді.


Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін.

Өйткені мен мамамды,

Өте жақсы көремін.


Бүгін бестік баға алдым,

Тағы, тағы алармын.

Үздік оқу-

Тартуым


Мейрамына мамамның.
Тапсырмалар мен сұрақтармен жұмыс

1. 8- наурыз қандай мейрам?

2. Сен анаңа қандай сый-құрмет көрсетесің?

3. Ата-анаң сені қалай ерелетеді?

4. Неліктен аналар мерекесі барлық елде тойланады?
"Ой қозғау " стратегиясы
аспаз Ана ұстаз
дәрігер әнші биші

Сергіту сәті

"Ана махаббаты"өлеңін тыңдау

- Көзімізді жұмып, терең дем аламыз, еркін отырамыз.



"Сіз бен біз" Әңгімесін тыңдату

Айтжан бала дастарқан басында шешесіне:

- Сен,осы шайды көп ішесің,- деп кінә тақты.

-"Сен"деме,"сіз"деп сөйле- деп оған әкесі Асхат кейіді.

-Менің досым Сергей әке-шешесіне"сен" деп сөйлейді ғой...

"Сен" деген сөз ең жақын адамдарға емес пе?

- Әрбір халықтың өз дәстүрі бар,-деді оған әкесі.

-Үлкен кісіге, ата-анаға"Сіз"деп инабат көрсету керек.



Топпен жұмыс

Топтастыру статегиясы

1-топ 2-топ

"Ана"сен үшін кім?

Ана Ана


"Күй"көңіл толқыны
"Сөзжұмбақ"шешу

наурыз 1. Аналар мейрамы қай айда?

денсаулық 2. Ең басты байлық?

жаңа жыл 3. Қазақтың қай мейрамы 22-наурызда тойланады?

бала 4. Ана үшін ең қымбат жан?

апа 5. Сенен үлкен қыз?

Роза 6. Қазақтың белгілі әнші қызы?
Өлеңді оқыту
Мақал-мәтелмен жұмыс

1. Анасыз ақын да болмайды,

Батыр да болмайды.
2. Анаға баланың алалығы жоқ.
Сабақты пысықтап, қорытындылау.

- Сабақ бойынша сұрақтар қою

- Аналар мейрамына арнап жазған құттықтау хаттарын оқыту
Бағалау
Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау



"Менің анам"тақырыбына шығарма жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет