Тәрбие сағаты тақырыбы: Жыл басы - Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы жайлы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету,оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп,имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар .
Тәрбие сағатының жүрісі:
Мұғалім: Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған«Жыл басы - Наурыз!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мансұр: Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Асель: Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.
Мансұр: Уа,халайық,халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Асель: Бұл мереке,бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Мансұр: Наурыз-көктем мерекесі.
Наурыз-жыл басы.
Наурыз-жаңа серпін,жаңа леп.
Асель: Наурыз-қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Құндыз: Наурыз-шаруаның мерекесі
Наурыз-еңбек мерекесі
Салауат: Армысыздар,халайық,
Бармысыздар,халайық
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Жұлдызай: Ал,халайық,тұрмайық,
Әндетелік жырлайық
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шащайық!
Тамирлан: Қыс кетіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Ерасыл: Әнім де саған,білім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде,Наурыз,күлімде.
Диас: Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр-аңыз.
Жүргізуші: Ән: Қош келдің, төрлет, Наурызым!
Жүргізуші: Біздің Маңғыстау өңірінде наурыз мерекесі 14- наурыздан басталады.
Жүргізуш: Бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып көріседі.(екі ұл баланың көрісуі)
Балалар ата-аналармен көріседі.
Жүргізуші:
Ақ сандықты ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Бүгінгі мерекемізді,
"Той бастар" биімен ашайық.
Би: Той бастар
Жүргізуші:
Тілім барда қазағым бар,халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы,салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар.
Енді “Жарасып тұр дәстүрім” көрінісін тамашалаңыздар.
Көрініс:"Тоқым қағар"
Жүргізуші: Білесің бе? Наурыз тойының өзіне тән ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көжені қалай дайындайтынын әжеміз айтып бермек.
( Наурыз көже таратылады)
Жүргізуші: Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды.
Диас наурыз көжеге бата береді.
Жүргізуші: Ән "Қазақы дастарқаным"
Жүргізуші:
Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің.
Қазақ биін билейтін. Би: "Шашу"
Жүргізуші:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.
Наурыз бата
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Жүргізуші: Күннің шуағы - жылы.
Ананың құшағы - жылы, - демекші аналарға арналған лебізді тыңдайық.
Адырбай Ерасыл: "Ана"
Жүргізуші: Қожабай Асельдің орындауында ән "Шіркін-ай"
Жүргізуші:
Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Көктемде қыздар үн қатты,
Мың түрлі өнер, биімен.
Би:"Гүлдер"
Жүргізуші: "Туған жер" әнімен Дарғұл Құндызды қарсы алыңдар
Жүргізуші: Қымбатты аналар! Өздеріңе арналған "Анашым" әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Жүргізуші: Сәулесіндей көрінген таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Достарыңызбен бөлісу: |