Сабақтың мақсаты: Абайдың заманындағы ұлы тұлға екендігін, ұлттық мәдениетіміздің, тарихымыздың өшпес мұрасы



Дата26.08.2017
өлшемі38,53 Kb.
#28006
түріСабақ
Шымкент қаласы, №84 жалпы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Омарова Күлпан, ана тілі, 3-сынып.

АБАЙ МЕН ӘБІШ

Сабақтың мақсаты: Абайдың заманындағы ұлы тұлға екендігін, ұлттық

мәдениетіміздің, тарихымыздың өшпес мұрасы

екендігін ұғындыру. Шығармашылықпен жұмыс

істеуге, оқып білуге ынталандыру, ойлау қабілетін

сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушылардың ана

тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,

ұлтжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, топтық тапсырмалар, суреттер.

Әдісі: әңгімелеу, топтық әдіс, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Бірнеше оқушыға үлестірмелі қағаз беремін. Әрбір сұрақ бойынша оқушына бағалап отырамын.

Үй тапсырмасын «Әке мен бала арасындағы әңгімеде әке арманына жетті ме, яғни Абай баласына риза болды ма? Деген сұрақ арқылы бекітемін. Абайдың баласына риза болған жолдарын айта отырып, бүгінгі жаңа тақырыбымыздың соның жалғасы іспетті, соның дәлелі сияқты ел аузында айтылып қалған Абай мен Әбіш арасындағы әңгімеге тоқталамын.



ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларды үш топқа бөліп аламын.



І. Әбіш

ІІ. Ақ ниет

ІІІ. Ақ жүрек

Тапсырма:

«Абай өлеңдерін жатқа айту»



«Бала Абай» тақырыбынан үзінді жазу

Мақал – мәтелдер айту.

Үш топқа тапсырманы беріп қоямын.

Сергіту сәті, «Жылы лебіз».

Оқушыларды біраз сергітіп алған соң жаңа тақырыпқа тоқталамын. Шығарманың ел аузында айтылған әңгіме екендігін түсіндіріп өтемін.

1. Наушабай дейтін кісінің Абай үйіне түсуі.

2. Абай әңгімесі, яғни Әбішті сынау мақсатында сұрақ қоюы.

3. Әбіштің жауабы.

4. Абайдың Әбішке айтқан ойы.

5. Әбіштің жасаған қорытындысы.

6. Абайдың Әбіш сөзін бағалауы.

- Балалар, Абай туралы біз көп нәрселерді білеміз. Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим)

- Бүгінгі әңгімеміздегі Әбіштің шын аты – Әбдірахман.

Әбдірахман – Абайдың баласы. Біз Әбіштен басқа да Ақылбай, Мағауия сынды балаларының бар екенін білеміз. Әңгімеміздің негізгі кейіпкері –Әбіш.

Әке сұрағына ақ зат –асыл деп жауап береді.

- Сонда Абай: «неге қара зат асыл емес пе?» - дейді.

- Қараны қалай асыл дейсіз, -деді Әбіш.

Абай өз ойын айтты. Сонда Әбіш: Соның бәрін қайдан білдің? –деді

- Ақылмен білдім, - деді Абай.

- Олай болса ақыл мида болмай ма? Ал ми ақ зат есем пе!

Екіншіден ақыл – нұр, жарық зат. Аққа ұқсамай ма? – деді.

Әбіштің бұл сөзіне риза болған әкені көреміз. Бұл біз айтып отырған Абай қазақ әдебиетіне көп еңбек сіңірген ұлы ақын – Абай Құнанбаев.

Топтастыру.

Ақын

Ойшыл сазгер




АБАЙ

Данышпан Аудармашы

Әдебиетші

Абайдың баласы

Ақылды зерек


ӘБІШ

Білімді ойшыл



ІУ. Кітаппен жұмыс.

- Рөлге бөліп оқу.

- Мәнерлеп оқу.

- Тізбектей оқу.



У. Дәптермен жұмыс.

Тақырыпты жазу.

Ақ – қара ( сын есім)

Топтық тапсырманы тексеремін.

Оқушының жауабын бағалаймын.

Ой түйіндеу.



УІ. Сабақты бекіту.

«Ақыл жастан, асыл тастан». Әбіштің өрелі ой, түйінді сөз айтқанын білдік. Олай болса, Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз», - дегендей, ата-ананың үмітін ақтайтын ұл- қыздары болып өсейік.



УІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет