Cабақтың тақырыбы: Бесік жыры М.Жұмабаев
Сабақтың мақсаты: 1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы кең түсінік беру.
2.Оқушылардың ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойларын еркін жүйелі
жеткізе алу қабілеттерін дамыту.
3. Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, постер, ой қозғау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, слайд, ребус, сурет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық сәт.
Үлкенді тыңдаймыз
Кішілерді сыйлаймыз
Жүректердің жылуын
Бір-бірімізге сыйлаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
Поэзия минуты:Әр топ екі оқушыдан өлеңді жатқа сұрау.
«Әже» өлеңін әнімен жатқа айту.
Шығармашылық тапсырмалар:
І топ. Өз әжең туралы шағын эссе жаз.
ІІ топ. Өз әжеңнің суретін сал. Галереяға ілу.
ІІІ топ. Өлең жолдарын өз бетіңше жалғастыр(ұйқасқа берілген сызбаны пайдалан).
Әже
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
.....
.........
Өлеңнің ұйқасына мән берейік. 1,3- қатарлар және 2,4- қатарлар ұйқасады. Бұл- шалыс ұйқас деп аталады.
Жаңа сабақ
Өлең кім туралы?
Әже деп біздер кімді айтамыз?
Әжелер қандай болады?
Осы «Әже» өлеңінің авторы кім?
Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін. Сендер бұл өлең кім туралы айтылғанын табыңдар.
Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)
-Ендеше балалар бұл өлеңнің авторы Ы.Алтынсарин екен? Ы. Алтынсарин туралы не білеміз?
Оқушылар өздерінің жауаптарын айтады.
-Ы. Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан. Қазақ балаларына арнап қазақ тілі оқулығын жазған. Балаларға арнап әр түрлі тақырыпта өлең, шағын әңгімелер жазды.
-Біз қандай шығармаларымен таныстық?
-«Бір уыс мақта», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала», «Кел, балалар, оқылық», «Малды пайдаға жарату»
Ой қозғау:
Балалар осы өлеңнің мына жолдарына назар аударайықшы.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған - деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?
-Бесікке кімді жатқызамыз?
-Сәби немесе бөпелерімізді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?
Олай болса, балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі.Өлеңмен таныспас бұрын Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныстыру.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім.
Өлеңді үнтаспада тыңдау.
-Бесік жыры тұрмыс салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырының басты қызметі-бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан-жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалады. Олар: «Әлди, әлди ақ, бөпем, Ақ бесікке жат бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады.
Сергіту сәті. Музыкамен қимыл
Оқушыларға мәнерлеп оқыту.
2. Өлеңді талдау.
-1-бөлімінде не туралы айтылады?
-Балаға жылы сөздер айтып, бесікке бөлейін дейді.
2) Тыстағы ауыл жайлы айтылады.
3) Баланың жылы, жұмсақ төсегі- бесік екені жайлы айтылады.
4) Анасы баласына әлди, әлди деп көзіңді жұмып, тәтті ұйқыға бата ғой дейді.
5) Қорадағы малдар, төлдері барлығы да ұйқыда.
6) Баланы жұлдызға, күн нұрына теңеп, тәтті ұйқыға кіре ғой дейді.
Дәптермен жұмыс
Терме диктант. Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу. Әр оқушы слайдтан өзін-өзі тексеру.
Топтық тапсырмалар
І топ. Суретпен жұмыс.
-Суретте кім бейнеленген?
-Суретке қарап, Алтынсариннің жоғарыда берілген өлеңін қара сөзбен әңгімеле.
-Түнде баласы жылағанда, барлығы ұйықтап жатқанда анасы тәтті ұйқысынан тұрып, баласын тамақтандырады. Бесігін тербетіп жұбатады.
ІІ топ. Ана мен балаға қатысты мақал-мәтелдер айтып көрейік.
Анаңның қарызынан
Меккеге үш арқалап апарсаң да құтылмайсың.
Әке-асқар тауың,
Ана- шалқар көлің.
ІІІ топ. -Сенің анаң саған қандай жылы сөздер айтады? (Гүл пішініндегі қағазға жазу,ана суретінің тұсына ілу)
Айым, күнім, жұлдызым, ботам, қошақаным, құлыншағым.
Ойын «иә, жоқ»: иә-шапалақтау,жоқ-үндемеу.
-Бесік жыры өлеңінің авторы Мағжан Жұмабаев.
- Бесік жырын қуыршақтарға арнайды.
-Сәбиді бесікке жатқызады.
- Мағжан Жұмабаев әнші.
- Ана баласына жылы сөздер айтады.
Сабақты қорыту.
1) «Бесік жыры» өлеңінің авторы кім?
2) «Бесік жыры» кімдерге арналған?
3) Бесіктің баланың денсаулығына қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
4) Бесік жыры не үшін айтылады?
5) Бесік неден жасалады?
6) Мағжан Жұмабаев кім?
7) Балаға ең жақын кім?
8) Ана баласын қалай еркелетеді?
-Міне, көрдіңдер ме, балалар? Ана мен баланың арасындағы осындай сүйіспеншілік пен махаббат сезімі болғанда балаларымыз мейірімді, қайырымды болып, ал аналарымыз бақытты болады. Ал аналар бақытты болса, ел де бақытты болады.Енді сәбилердің тал бесігі ашық аспан астында тербеле берсін!
Рефлексия
Сабақ ұнады ма?
- «Бесік жырын» кім жазған?
- Бүгінгі сабақтан не алдың?
Бағалау. (Бағалау бетшесімен бағалау. Өте ризамын- «5», ризамын – «4», сендерге шамалы сәттілік жетпей қалды, өздеріңді келесі сабақтарда жақсы көрсететіндеріңе сенімдімін-«3».)
Үйге тапсырма.
«Бесік жыры»өлеңін жаттау.
І топ. «Бесік жыры» деген сөзге сөзжұмбақ құрау.
ІІ топ. Бесік туралы мәлімет жинау
IІІ топ. М. Жұмабаев туралы мәлімет жинау.
-Бүгін біз Мағжан Жұмабаевтың қандай өлеңімен таныстық?
-Мағжан Жұмабаева кім?
-Үйге тапсырма:1. Бесік жыры өлең лайықты әуенге салып жатқа айту.
2. пікірлер ағашын толтыру.
Оқушыларды бағалау.
«Мен саған, сен маған» ойын арқылы өткен сабақты қайталау.
Сұрақтар:
Өлең кім туралы?
Әже деп біздер кімді айтамыз?
Әжелер қандай болады?
Осы «Әже» өлеңінің авторы кім?
Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін. Сендер бұл өлең кім туралы айтылғанын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |