Сабақтың мақсаты: Қан айналым мүшелерін түсіндіру Сабақтың міндеттері



бет2/2
Дата10.03.2017
өлшемі178,87 Kb.
#11283
түріСабақ
1   2

Қан жүрекшеден қарыншаға қарыншадан артерия қантамырларына қарай ағады.

Жүректің жұмысы – бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын жүрек циклынан тұрады. Әр соғуы 3 кезеңнен тұрады: 1) жүрекшенің жиырылуы (0,1 сек); 2) қарыншаның жиырылуы (0,3 сек); 3) жүректің босаңсуы (жүрекше мен қарыншаның бір мезгілде тынығуы) (0,4 сек). Жүректің бір рет соғуына барлығы 0,8 сек уақыт кетеді. Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70–75 рет соғады. Жүрекке күш түскенде соғуы жиілейді. Қарыншалар әрбір жиырылғанда қантамырларға 70–80 мл, яғни бір минутта 5–5,5 л қан өтеді. Жүректің өмір бойы тынбай жұмыс істесе де, шаршамауы тынығу кезеңінің болуына байланысты. Жүрек қабырғасындағы бұлшықеттердің қаңқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: а) ет талшықтары шоқтанып орналаспай, бір-бірімен тор тәрізді жалғасып жатады; ә) жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы бірыңғай салалы бұлшықеттердікі сияқты сыртқы тітіркендіргіштерге тәуелді емес (өздігінен еріксіз жиырылады); б) жүрек бұлшықеттерінің жасушалары 2 түрлі: 1) жиырылатын жасушалар; 2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар:

1) жиырылатын жасушаларда көлденең жолақты бұлшықет талшықтарына қарағанда митохондрийлері көп болады. Сондықтан олар тотығу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Керісінше эндоплазмалық тор қаңқа бұлшықет талшықтарымен салыстырғанда нашар дамыған. Жүрек бұлшықеті жасушаларында ядросы дәл ортасында, миофибриллалары шет жағында қатарласа орналасады.

2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар импульстерді жүректің өз ішіне өткізеді. Бұл жасушалар өте ірі, түйіршікті эндоплазмалық торлары өте көп. Миофибриллалары мен митохондриялары аздау әрі ядролары ірі.

Жүректің ішкі бетіндегі ерекше жалпақ жасушалар қантамырлары мен лимфа тамырларының ішкі бетін астарлап жатады. Бұл жасушалар қанның қантамырлардың ішінде ұюына кедергі жасайды. Жүрек бұлшықетінің тағы бір қасиеті сыртқы тітіркендіруге тәуелді емес. Жүректе болатын импульстерге жауап ретінде ырғақты жиырылуға қабілетті. Бұл құбылысты жүрек автоматиясы (жүректің өздігінен жиырылуы) дейді. Жүректің өздігінен жиырылуын жүректің бұлшықетінде болатын ерекше бұлшықет жасушалары реттейді. Осының нәтижесінде ағзадан бөлініп алынған жүректе қозу ырғағы пайда болады. Электрокардиограмманың көрсеткіші жүрек бұлшықеттерінің жұмысын аңғартады. Мұның жүрек ауруларын анықтауда маңызы зор.



Жүрек жұмысының реттелуі үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің 2 тобы әсер етеді. Оның парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді.

Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді (63-сурет).



Артерия қантамырлары (грекше «arterіa» – қантамыр) – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын – өкпе артериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабатыбұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты – жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді. Олардың сыртқы қабаты мықтылық, серпінділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпінді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Бұлшықеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша мықтылық қасиет береді. Артерия қантамырларымен ағатын қанның қысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпінді болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшықеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры – қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып, жіңішке капиллярларға айналады.

 

     

 

63-сурет. Қантамырлар:

а) қантамырлардың денеде орналасуы; ә) қантамырлардың түрлері: 1 – артериялар; 2 – веналар; 3 – вена қантамырларының ішіндегі қақпақшасы; б) капиллярлар; в) қан айналымының сызбанұсқасы: 1 – кіші қанайналым шеңбері; 2 – үлкен қанайналым шеңбері

 

Қорыта айтқанда, көпшілік артерия қантамырларының бойымен артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны ағады.



Ерекше ескертетін жағдай – барлық артериялық қантамырлармен тек артерия қаны, барлық веналық қантамырлармен тек вена қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.

Вена қантамырлары (латынша «vena» – қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпінділігі аз болады. Вена тамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан қозғалысы баяу.

Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлар жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.

Вена тамырларының ерекшелігі – ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады (63-сурет). Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.



Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» – шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады. Қандағы қорек заттар капиллярлардың қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Капиллярлардан қан веналарға жиналады. Капиллярлардың қабырғалары өте жұқа болғандықтан еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен капиллярлар бірде кеңейіп, бірде тарылады. Капиллярларда қан қысымы артерия тамырларынан төмен болады (5-кесте).

Қорыта келгенде, адам ағзасында қан – артериялар, веналар, капилляр қантамырларының бойымен ғана ағады.

ІV. Бекіту. Сонымен қорта келегенде төмендегі сөздерге сипаттама беріңіздер:

Жүрек. Жүрек тобы, қолқа, жүрек жұмысын реттеу, эпикард, миокард, эндокард, қарыншалар, жүрекшелер, жақтаулы қақпақшалар, айшық тәрізді қаақпақшалар, артериялар, артериола, веналар, капиллярлар қан айналым мүшелері.


Үйге тапсырма беру. Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметін оқу.

Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 06d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06d6 -> Сабақ өтілетін уақыт: 27. 01. 2015ж Барлық оқушы саны: Қатысқаны: Сілтеме
06d6 -> Сабақтың тақырыбы: Анимация, мультимедиа. Мақсаты
06d6 -> Сабақтың атауы К. Қазыбаев. Ту тiккен Рақымжан Мақсаты Күтілетін нәтиже
06d6 -> Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет