Сабақтың мақсаты: Арыз, сенімхаттар жайлы мағлұматтар беру, түсіндіру,ережелермен мазмұны жайлы ұғындыру



бет2/5
Дата25.05.2022
өлшемі37,63 Kb.
#144948
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
14052021aryz-senmhat

ТҮСІНІКТЕМЕ
Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе соз болады. Мәтін соңында қүнделіқті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.
Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,
24 наурыз 2000 жыл.
Қолы. Арыз жазушының атқаратын қызметінің толық ресми аты жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ техникалық университеті
саясаттану кафедрасының оқытушысы ________Бекенова А.К.

Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.


Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
Ескертулер:
1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.
2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.
3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.
Тапсырма: сенімхат туралы ақпаратты оқып, қажетті деректемелерін дәптерге көшіріңдер.

Сенімхат - Сенім білдірген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.
Сенімхаттың екі түрі болады:

  1. Мекеме атынан берілетін ресми сенімхат

  2. Жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхат



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет