Сабақтың мақсаты: Арыз, сенімхаттар жайлы мағлұматтар беру, түсіндіру,ережелермен мазмұны жайлы ұғындыру



бет3/5
Дата25.05.2022
өлшемі37,63 Kb.
#144948
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
14052021aryz-senmhat

Ресми сенімхат - мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, құндылықтарды алуға, ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісінде толтырылады.

Жеке сенімхат - жеке адам атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірген адамға өзінің орнына:

  • Зейнетақысын, жәрдемақысын, жалақысын, шәкіртақысын, хат-хабарды, құжаттар алуға;

  • Үйді сату, сатып алу ісіне;

  • Өз орнына қол қоюға;

  • Өтініш жазуға;

  • Машинаны жүргізуге;

  • Банктегі есептерді пайдалануға;

  • Барлық мекемелерде іс жүргізуге;

  • Пәтерді жеке адамға жалға бергенде;

  • Сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық беретін құжат.

Есте сақта!
Сенімхат белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілмесе, ол өз күшін жояды.
Сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.
Сенімхаттың құрылымы:
Ең алдымен жолдың ортасына “Сенімхат” деген құжаттың атауы жазылады. Содан кейін жылы, күні ,айы, мекен-жайы көрсетіледі. Азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірген адамның аты-жөні, мекен-жайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны, орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы қойылады. Одан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.
Жеке сенімхат үлгісі:
Сенімхат
2001 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы
Мен, азамат Жұбанов Қайрат Оспанұлы, мекен-жайым:Алматы қаласы, Әуезов көшесі,16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының IIМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің №645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының IIМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің №925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекен-жайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2001 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген.

2001 жылғы 20 қаңтар қолы----

Осы сенімхатты 2001 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Назгүл , Алматы қаласындағы лицензия №001911 “Сенім” нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс - әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №22 тізбегіне тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы -------


мөр орны

Ресми сенімхат үлгісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет