Сабақтың мақсаты: Арыз, сенімхаттар жайлы мағлұматтар беру, түсіндіру,ережелермен мазмұны жайлы ұғындыру



бет4/5
Дата25.05.2022
өлшемі37,63 Kb.
#144948
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
14052021aryz-senmhat

Сенімхат

2003 жылғы 20 сәуір, Алматы қаласы

Мен, сүт өнімдерін өндіретін «Агропродукт - Асептик» ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің Қазақстан Республикасының IIМ 2008 жылғы 12 қазанда берген жеке куәлігімнің №00144115, мекен-жайы - Алматы қаласы Достық даңғылы, 15-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.
Бұл үшін менеджер Бақыт Сағатұлына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқық беремін.
Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Сенімхат 15 күнге берілді.
2003 жылғы 20сәуір Қолы--------------

Осы сенімхатты 2003 жылғы, 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия №001911 “Айқын” нотариалдық кеңсесінің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.


Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттіліг тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқытылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы-------- мөр орны




Сөздікпен жұмыс (дәптерге жазыңдар)


  1. Сенім білдірген тұлға - доверенное лицо

  2. Сенім білдіруші - доверитель

  3. Жеке тұлға - физическое лицо

  4. Официальная доверенность- ресми сенімхат

  5. Жеке сенімхат - личная доверенность

  6. Терять силу - күшін жою

  7. Личность - жеке бас

  8. Совершать сделки - мәміле жасау


Төмендегі тапсырма бойынша сенімхат үлгісін құрастыру.


  1. Азамат Жомарт Есенгелдин, азаматша Ботагөз Серікбайқызы Қалиеваға еңбекақыңызды алуды сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат беріңіз

  2. Топ басшыңыз А.Н. Асановаға шәкіртақыңызды алуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  3. Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 2-үй, 2-пәтерді сатуға өзіңіздің апайыңыз Ботагөз Серікбайқызы Оспановаға сеніп тапсыратыңдығыңыз туралы сенімхат беріңіз.

  4. Өзіңіздің ініңіз А.Е. Болатовқа «Волга 3110» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуге сенімхат беріңіз





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет