Сабақтың мақсаты: Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Асқазанды шаю



бет6/17
Дата21.01.2022
өлшемі49 Kb.
#113145
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ас корыту

Ауырсыну орналасуы бойынша:

1. Асты жұтынған кезде төс сүйегінің артындағы ауру - өңеш дерттеріне тән;

2. Эпигастрий тұсындағы ауру – асқазан дертіне тән;

3. Пилородуоденалдық аймақтағы аурулар – 12 елі ішек дерттеріне тән;

4. Кіндік тұсындағы аурулар – көбінесе аш ішектің дерттерінде кездеседі;

5. Мықын аймағында немесе іштің екі бүйіріндегі ауру – тоқ ішектің

зақымдануында кездеседі;

6. Дефекация кезінде ауырсыну – тік ішектің немесе анустың

зақымдануында кездеседі.

Тәбеттің бұзылуы:тәбеттің төмендеуімен, жоғарлауымен, жойылуымен сипатталады.

Кекіру– асқазандағы ауаның немесе оның ішіндегі астың өңешке түсуі.

Қыжылдау – төс сүйегінің артында пайда болатын өте күшті күйдіру сезімдері.

1. астың мінезіне байланысты- қышқыл, тәтті, ащы, сұйық;

2. ас қабылдаған соң аш қарынға, еңкейгенде, жатқанда, күшенгенде пайда болады.

Жүректің айнуы-құсу алдында пайда болады, астың мінезіне байланысты болады; құсып болған соң жеңілдік әкеледі немесе әкелмейді.

Құсу:асқазанның ішіндегі заттардың ауыз кейде мұрын арқылы сыртқа шығуы. Астың мінезіне және мөлшеріне байланысты болып келеді, құрамы – асқазандағы ас, кілегей, қан аралас, «кофе тұнбасы», запыран (өт құсу) т.б.

Іштің толып, басылып тұрған сезімдері: метеоризмде, ішектердің эвакуациясы бұзылғанда; түйілу кезінде пайда болады.

Диспепсия – ас қорытылудың бұзылу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет