Сабақтың мақсаты: Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Асқазанды шаю



бет9/17
Дата21.01.2022
өлшемі49 Kb.
#113145
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
ас корыту

АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ
Мақсаты: емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.

Дигностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.

Дайындаңыз: ішінде суы бар 2-3 л ыдысты, стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды, дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты (шылапшынды).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Орындыққа науқасты отырғызыңыз;

  2. Науқастын аяғына жуынды суға арналған ыдысты қойыңыз;

  3. Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз;

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;

  5. Науқасқа 4-6 стакан суды қатарынан ішуге ұсыныңыз;

  6. Құсық рефлексін шақыру үшін оң немесе сол қолдың 2-3 саусақтарымен, шпательмен тілдің түбірін тітіркендіруін науқастан сұраңыз.

  7. «Таза жуынды су» алынғанша емшараны бірнеше рет қайталаңыз;

  8. Науқасқа ауызын шайқау үшін су беріңіз, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз;



Ескерту:

  • Белгісіз у мен уланғанда құсығын таза құрғақ банкаға жинаңыз;

  • Банкінің қақпағын тығыз жабып, жолдаманы толтырып лабораторияға зерттеуге апарыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет