Сабақтың мақсаты: Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Асқазанды шаю


Іш қату - нәжістің кідіріп калуы. Іш өту-



бет5/17
Дата21.01.2022
өлшемі49 Kb.
#113145
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ас корыту

Іш қату - нәжістің кідіріп калуы.

Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.

Құсу - асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты - науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін

.  Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс- әрекеттің тәртібі мынандай:

1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;

2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою;

3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау;

4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;

5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.

Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, кұрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықтап жауып, жолдамасын толтырып, зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике мынадай қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:

1. Науқасты бір бүйіріне жатқызу (егер науқастың қалпын өзгерту мүмкін емес болса, құсық аспирациясын - тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау үшін басын бір жаққа бұрады).

2. Мойын мен кеудесін орамалмен жабу;

3. Аузына бүйрек тәрізді лоток қою;

4. Әр бір кұсудан кейін ауыз қуысын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен тазалап тұру (керек жағдайда алдын-ала ауыз қуысынан кұсық массасын алмұрт тәрізді баллонмен сорып алған жөн).

Мейірбике әрдайым науқастын жанында болып, оның жағдайын қадағалап, құсық аспирациясын болдырмауы керек. Егер кұсықта алқызыл қан (өңештен қан кету) болса немесе кофе түсі сияқты (асказанан кан кету) болса, келесі кимыл әрекетті орындауы керек, себебі бұл шұғыл іс әрекетті талап ететін жағдай :

1. Науқасты жатқызып, төсегінің аяқ жағын көтеру;

2. Дәрігер шақыру;

3. Төс етегі аймағына мұзды қабық қою.

Науқасты тыныштандыру, дәрігер келгенше жалғыз қалдырып кетуге болмайды. Бірінші тәулікте тамақтандыруға, сұйықтық беруге болмайды. Сонан соң суық жартылай сұйық тамақ рұқсат етіледі.

Адам қажеттіліктерінің арасында ішу, жеу, бөлу секілді қажеттіліктер күнделікті қандағы қоректік заттардың тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ететіндіктен негізгі орын алады. Тағам адамның іс-әрекет етуіне керекті энергияның көзі болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрмен қарай өсіп-даму материалы болып келеді. Аштық сезімі, тәбет адамның тамақты іздеуіне, қабылдауына себепші болады. Ағзаның сыртқы ортамен тағам аркылы байланысы маңызды байланыс болып саналады.



Қанға керекті қоректік заттар сіңгеннен кейін әр түрлі заттардың ыдырауынан түзілген қалдық заттардан тазартылады. Бұл бөлу мүшелерінің жұмы сы арқылы жүреді, мысалы: адамда тәулігіне орташа есеппен 150-250 г нәжіс массасы түзіліп шығарылады. Бөліп шығару процесі бір тұтас биологиялық процесс болып, онда ас қорыту жолдарымен қатар бүйрек, өкпе, тер бездері катысады. Ас қорыту күрделі өңдеуді кажет ететін ұзақ жол болғандықтан, адамның тамақтану және бөлу қызметтерінің қажеттіліктерінің қанағаттандырылуының бұзылуы кең таралған және бұл 100 адамның ішінде 15-20-адамда кездеседі. Көбіне бұл аурулар созылмалы ағымда болып, қозу және ремиссия кезеңдерімен өтетіндіктен, емделушілер бірнеше рет медициналық және мейірбикелік көмектерді қажет етеді. Дәл осы санаттағы емделушілердің сауығуына тек қана дәрілердің ғана емес, сонымен қатар мейірбикенің құзыреттілігіндегі дұрыс ұйымдастырылған күтім, тамақтану тәртібі маңызды рөл атқарады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішекпен аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет