Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»



бет1/14
Дата05.06.2017
өлшемі3,06 Mb.
#18043
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §1. Тарих пәні туралы
Сабақтың мақсаты:

  • «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер» курсының мазмұны мен маңыздылығымен таныстыра отырып, тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптысу тарихымен таныстыру.

  • Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пәнінің ұлттық қасиетті танытудағы өткенді саралап, болашақты бағдарлауда әрбір адам үшін қажетті екендігінің мәнін ашып көрсету.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Әнұран орындау, «Хабар» ел жаңалықтарынан...

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Сабақтың алғашқы кезеңін әңгіме түрінде өткізге отырып, қалған бөлігінде оқушыларды оқулықтың құрылымы және мазмұнымен , оқулықтың сыртқы мұқабасының мағынасын түсіндіріп, авторларын жазғызып қою. Оқулықта берілген, арнайы ерекшеленген даталар, анықтамалар, шартты белгілерге оқушылардың назарын аудару.

Оқулықта берілген Қазақстан Республикасының ән ұранының мәтінімен таныстырып, әр адамның өз Отанын, әнұранын жатқа білу Отан алдындағы парызы деп оқушыларды туған жерді, елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың жоспары:

  1. Тарих ұғымы, тарих пәні.

  2. Тарих ғылымының қалыптасып, дамуы.

  3. Тарихты оқып, білу не үшін қажет?

  4. Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінің құрылымы.

Жоспар бойынша 1-тақырыпшаны 2-3 оқушыға мазмұнына қарай абзац бойынша оқытып, ал басқа оқушыларға тыңдатқызып, оның мазмұнын айтқызамын.

Тарихтың қалыптасып, дамуы тақырыпшасында оқушылардың көңілін «шежіре», «тарих атасы» деген жаңа сөздерге аударып, тек батыста ғана емес, ертеде қазақтарда да ауызша тарих айту дәстүрінің болғандығының, ол ұрпақтан-ұрпаққа сөз бен жадтың нәтижесінде жеткендігін атап айтады. Қазақ шежіресінде «Атамыз Алаш, керегеміз «ағаш» деген сөздің мағынасы туралы әңгіме қозғайды. Геродот сияқты Батыс әлеміне танымал тарихшылармен қатар Шығыста Сыма-Цян, Рашид-ад-Дин сияқты тарихи тұлғалардың болғанын айтып, оқулықтағы олардың суреттеріне оқушылардың назарын аударту. Алғашқы сабақтардан-ақ карта мен жұмыс дәптерін бастату. Қарапайым нысандарда болса да, алғашқы сабақтардан балаларды картамен жұмыс істеуге үйретеді. (Жұмыс дәптеріне алғашқы тақырыпты жазғаннан бастап, осы сабақта өткен мына сөздерді жазып алады.) Бұлар «Шежіре» - еста сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына. «Батыста тарих атасы – Геродот, Шығыстың тарих атасы – Сыма-Цян» деп жазып қояды. Жоспардың 3-тақырыпшасы бойынша оқушыладың өзіне «Тарихты оқып білу не үшін қажет?» деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың оқулықтығы мәтіннен тарихтың не үшін керектігін өздеріне тапқызып, бір-екі балаға дауыстатып оқыту. 4-ші тақырыпша бойынша Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктеріне оқушылардың көңілін аударып барлық курстың басты тарихи оқиғаларын әңгіме түрінде өтетіндерін түсіндіру. Алғашқы сабақтан сабақта онша белсенділік көрсете қоймаған оқушыларға баса назар аударуы қажет.



Қорытынды.

Осылайша сабақты әңгіме түрінде өткізіп шығып былайша қорытындылаймын. Тарих сабағы сендер аса назар аударып аңғарсаңдар өте қызықты пән. Сондықтан әр сабаққа тыңғылықты дайындалып отырсаңдар ғана сендер өздерің бұрын-соңды білмеген қызықты әңгімелерді біліп, оқып шығатын боласыңдар. Тарих – ең көне ғылымдардың бірі, соған қарамастан бүгінде оның маңызы зор және ешқашан жайылмайды, себебі кез-келген ғылым саласын алсақ, ең алдымен оны оқып меңгеру үшін оның пайда болу тарихын білу қажет.



Қарапайым адамнан үлкен ғалымға дейін жақсы азамат болу үшін тарихты сүю керек. Ағаш тамырымен, адам өз тарихымен өседі.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1.


5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §2. Тарихтың қайнар көзі – деректер.
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелік: Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік:

  1. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі қалалардың суреттері (Бұзоқ қаласы, ежелгі Сарайшық, т.б.)

  2. Тас бетінде жазылған ежелгі жазулардың суреті (Құлтегін, Тоныкөк, т.б.)

  3. «Ежелгі Қазақстан картасы»

  4. Плакатқа салынған кестелер

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1-2 баладан сабақ сұрап, қалған балалармен жалпы әңгімелесу түрінде өткізуге болады. Ол үшін:

  1. «Тарих қандай мағын білдіреді?»

  2. Оны алғаш пайдаланған кімдер?

  3. «Тарих атасы» деп кімдерді атаймыз, неліктен? – деген сұрақтарды қоямын. Тарих пәнін оқып-білу не үшін қажет деген сұрақтар бойынша оқушылардың өз ойларын айтқызып қорытынды жасай білуге үйрету қажет. Алғашқы сабақтан бастап балаларға «тарихи тілмен» сөйлеуге бейімдеу. Тағы айта кететін маңызды мәселе – үйге берілген жазбаша тапсырмаларды міндетті түрде алғашқы сабақтан бастап жүйелі түрде тексеріп отыру. Бұл оқушыларды жауаптылыққа үйретеді. Тіпті уақыт жетпей оны тыңғылықты тексеріп шығуға мүмкіндік болмаған күнде тездетіп оқушыларға дәптерлеріңді ашып қойыңдар, тексеріп шығайын деп көз жүгіртіп қарап шығу. Осылайша үй тапсырмасын тексеріп шыққыннан кейін оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанына, олардың белсенділігіне, дайындық дәрежесіне қарап, өзінің алғашқы сабағының қаншылықты нәтижелі болғанын біле аламын. Ал егер оқушылардың жауабы қанағаттандырмаса, өзімнің қай жерде олқылық жібергендігімді іздестіремін. Осылайша үй тапсырмасы арқылы өткен оқу материалдарын қорытындылап, негізгі есте сақтайтын тірек сөздерді ескертіп, жаңа сабақты бастаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгіннен бастап бұл «Тарих әлемі» деп аталатын бөлімде саяхатымызды бастаймыз. Тақтаға «Тарихтың қайнар көзі-деректер» деп жазып қоямын. Алдын ала дайындап қарап қоятын жоғарыда айтылған көрнектіліктерге (үй тапсырмасын сұрағанда балаларды алаңдатпау үшін бұл көрнектіліктерді ашпалы-жаппалы тақтаның артына іліп дайындап қоямын) оқушылардың назарын аударады. Тақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады.



Тақырыптың жоспары:

1 Тарихи дерек көздері .

ә) Жазбаша деректер.

ә) Ауызша деректер.

б) Археологиялық деректер.

в) Этнографиялық деректер.

Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала

«Тарихи деректер» деген кесте іліп қою керек.


Тарихи деректер

Ауызша

Жазбаша

Археологиялық

Этнографиялық

















































Отанымыздың тарихы бүгінгі күнге дейін негізінен заттай және жазбаша түрде басқа тілдегі деректер арқылы жазылып келгенін, атадан-балаға мұра болып жетіп отырған ауызша тарих айту дәстүрінің болғанына тоқталу. Тарихты дұрыс түсіну үшін осы деректердің бәрін салыстыра қолдану керектігін айтамын.

Ауызша деректерден басқа қазақтардың ата-бабалары түріктерде де жазба дәстүрінің болғандығына оның куәләрі деп көне түрік жазуларының суретін көрсетемін. Мұндағы жазулардың қазіргі жазулардан айырмашылығына тоқталамын. Осы орайда жазбаша тарихи деректерге қандай деректер жататынын сұрап, оқушылардың жауаптарынан кейін оны толықтыру мақсатынында оқушыларға жалпы мәтіннен жазбаша деректерге не жататынын іздетіп, 1 оқушыға оқытамын. Осылайша ауызша дәстүр бағанымен жұмыс түрін жүргізіп тақтадағы кестені толтырамын. Алғаш жазуды ойлап тапқан кімдер, неге жазған деген сияқты мәселелердің шет жағасын аздап айтып өтемін. Бұл кейбір қызығушылығын тудырған оқушылардың осы тақырыпты өздігінен үйден меңгеріп келуіне түрткі болады.Оқушылардың назарын археологиялық деректер деген кестеге аударып, тақтадағы суреттерге қарап оқушыларға бұл бағанды өздері толтыруға тапсырма беремін, Оқушылар бағанды толтырып болғаннан кейін, 1-2 оқушыға оқытқызып, қалған оқушылар айтпай қалған жері болса оқулық мәтінін пайдалана отырып толықтырады. Археология ғылымын «күрекпен қаруланған ғылым» деп те айта кетемін. Ал енді этнография ғылымы туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жер бетінде 3000 жуық этнос өкілдері өмір сүретінін, олардың тек 200-дейі ғана өз мемлекеттігін құрып отырғанын, олардың даму деңгейі мен тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерге толы екенін ескертемін. Тақтаға «Этнография- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым» деп жазып балалар оны дәптеріне көшіріп алады. Бұл жерде өздерінің теледидардан көрген әртүрлі халықтар мен тайпалардың өмір тіршілігіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелесемін. Оқушыларды ойландыру мақсатынында «Қалай ойлайсыңдар,неліктен жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі әркелкі,бірінікі сонау алғашқы қауымдық құрылыстағыдай болса,бірі ұлы ғылыми-техникалық прогресті бастан кешіп отыр» деген сияқты сұрақтар қоямын. «Этнос» терминінің анықтамасын дәптерлеріне жазғызып қоямын.

Қорытындылау.

Тарих ғылымы осындай дерек көздерінің арқасында ғана ақиқат болатынын айтып, бұл ғылым салаларында қызмет ететін адамдардың еңбегінің ауыр екенін, соған қарамастан олар адамзат үшін тер төгіп, қызмет етіп жүргендерін баса айтады.



Бекіту:

Сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып, жауап алу арқылы тақырыпты бекітеміз.



Бағалау:

Үйге тапсырма: 1. 2-параграфты оқып келу.

2. Параграф бойынша әр оқушыға 1-3 сұрақ жазып дайындап келу тапсырылады.




5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §3. Жазбаша деректер
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:Оқушыларды жазудың, қағаз бен кітаптың пайда болу тарихымен таныстыру, оның маңызын ашу.

  • Дамытушылық:Алғашқы жазу, алфавит, кітаптар мен қазіргі адамзат қол жеткізген бұл саладағы жетістіктерді қатар қойып, салыстыруға, айырмашылығы мен ұқсастықтарын таба білуге икемдіктерін қалыптастыру.

  • Тәрбиелік:Жазу, кітаптың пайда болуын адамзат қол жеткізген ұлы жетістіктер ретінде ашып көрсетіп, оның мазмұнына, тарихына шолу жасау; алғашқы жазбалардың авторы болған қайраткерлердің ісін үлгі етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.
Сабақтың көрнектілігі:

1. «Алғашқы мемлекеттер картасы» -дүние жүзі тарихынан.

2.Ежелгі көне жазулардың суреті.

3.Ежелгі алфавит пен қазіргі алфавиттің салыстырмалы суреті.

4. Бізге дейін жеткен ертеде әр елде пайда болған кітаптардың суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.


Үй тапсырмасын тексеру және бағалау мақсатында, алдымен сыныпты байқап шығамын. Одан кейін оқушылар өздері үйден тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қойып сұрақ-жауап ойынын өткіземін. Әр топтың жауаптарын тақтаға оқушылар көріп отыратындай етіп жазып, белгілеп отырамын. Осылайша үй тапсырмасын оқушылармен бірге қорытындылап, жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Жазу тарихы.

2. Алфавиттің пайда болуы.

3.Тарихи оқиғалардың және жеке тұлғалардың қағаз бетіне түсіу.


Оқулықтағы оқу материалы көлемді болғанына қарамастан, оқушылар бұл жаңа тақырыптан мол жаңалықтар алып шығу мүмкіншіліктері бар.

Тақырыпты тақтаға жазып қойып, «Балалар, жазу, оқу бізге не үшін қажет?», «Егер жазу, оқу,кітап болмаса біздің қалай болатынымызды елестетіп көріңдерші?» деген сияқты сұрақтармен жазу, оқу, кітаптың маңызын ашып, қызыққа толы тарихын тақтаға ілінген көрнекіліктерді пайдалана отырып қысқаша әңгімелеп беремін. Мәтінді кезек-кезек оқушыларға оқытып, оның мазмұнын сұрап отырады. Осылайша жаңа тақырыпты түсіндіре отырып әр абзацтағы жаңа көздерді пиктография, иероглиф, шумерлер, финикиялықтар, папирус, пергамент т.б сөздердің мағынасын тақтаға жазып отырамын. Оқушылар оны дәптеріне жазып алады.

Бұл тақырыптың оқушылармен, мектеп өмірімен тығыз байланысы болғандықтан тәрбиелік маңызы зор. Жазу, үтірдің оңайшылықпен келмегендігін, бір кітапты жасап шығару үшін көп күштің кететіндігін, бұл салада ата-бабаларымызға қарыздар екенімізді айтып, олардың еңбектерін үлгі етуге, тәрбиелеуі қажет. Оқу, білімсіз адамның өмірі қараң екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.Тақырыпты қорытындылау үшін оқушыларғы мына кестедегі тапсырманы орындатқызамын.


Жазудың пайда болуының себептері




Жазудың пайда болуының маңызы





Бекіту: Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» 1-2 тапсырмаларды сыныпта орындатып, тексеріп шығамын.
Бағалау:
Үйге тапсырма:


  1. параграфты оқып келу

Оқушылардың қызуғышылығын арттыру үшін бір-бірлеріне

Ежелгі сурет жазуларымен хат жазуға тапсырма беремін.



Сабақтың тақырыбы: §4. Заттай деректер.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Археология, этнография ғылымдарының зерттеу нысаны жайында өткен сабақтарда алған білімді жалғастырып, осы аталған ғылымдардың қалыптасу тарихы мен археологиялық, этнографиялық зерттеулурді жүргізудің өзіндік ерекшелігі туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Археологиялық және этнографиялық зерттеулер арқасында алынған деректердің айырмашылығын салыстыра білу осы деректер негізгі ежелдік адамдар оқушылардың қорытынды жасай білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың тарихи мәдени ескерткіштерін қастерлеуге, туған өлкелеріндегі маңызды ошақтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:

1.«Алтын киімді адам» суреті.

2.Ежелгі және орта ғасырларға жататын ата-бабаларымыз үй-жайлары, киім- кешектері, ішкен тамағы, рухани білімі туралы деректер- тарихи ескерткіштердің салыстырмалы суреті.

3.Этноархеология ғылымының белгілі тұлғалары: Әлікей Марғұлан, Халел Арғынбаев, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаев т.б портреттері.

4.«Ежелгі Қазақстан» картасы.

5.Археологиялық, этнографиялық экспедициялар жұмыстары бейнеленген бейнефильм.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында жалпы сыныпты қадағалап өткен соң, екі нұсқадан төмендегі анықтама сөздік жұмысын аламын. Ол үшін алдын ала төмендегі тапсырма көбейтіліп, дайындалып қойылады.



I нұсқа

Арамей алфавиті Күлтегін

Иоганн Гутенберг

II нұсқа Бумын каған

Папирус


Пергам па

Жаңа оқу материалын түсіндіру.

Өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала дайындап плакатқа жазып, тақтаға іліп қоямын.

Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын өткен сабақтағы «Жазбаша деректер» тақырыбы бойынша өткен материалдарды еске түсіремін. Деректердің қандай түрлерін білетінін сұрап, тақырыпты түсіндіруге көшемін.

Археология терминін б.з.б. 4 ғасырда алғаш рет көне замандарды зерттейтін ғылым ретінде қолдана бастаған ғалым Платон болды. Алайда нағыз археологиялық зерттеулер тек ХІV-ХV ғасырларда Қайта өрлеу дәуірінде ғана жүргізіле бастаған. Еуропалық ғалымдар ол кезеңде көбінесе грек және рим мәдениеті мен өнеріне, яғни антика дәуіріне қатысты ескерткіштерді зерттеді. Қазіргі Қазақстандық археология ғылымының даму тарихы және оның болашағы мен негізін салушы белгілі тарихшы-археологтар Әлкей Марғұлан, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаевтың еңбек жолдарының қызықты кезеңдерінен қосымша деректер келтіремін.

Өткен сабақтар нәтижесінде оқушыларда археология туралы түсініктері болғандықтан, оған кеп тоқтала қоймай, оқушылардың назарын тақтадағы археологиялық ескерткіштерге аударады немесе мүмкіндік болса, археологиялық, этнографиялық экспедиқиялар жұмысы жазылған бейнефильмді көрсетуге көшемін. Оқушылардың назарын әсіресе археологиялық және этнографиялық деректер жинаудың ерекшелігін анықтауға аударады. Этнология мен этнографияның айырмашылығын, тарихты білу үшін әр елдің негізгі қасиеттерін зерделеу қажеттілігін түсіндіремін.

Сабақ нәтижелі болуы үшін алдын ала оқушыларға 2-3 сұрақ-тапсырмалар беріп қоямын. Бейнефильмді көріп болғаннан кейін, егер уақыт болса оқушылардан осы алдын ала берілген сұрақ-тапсырмалар бойынша әңгіме-сұхбат еткіземін. Ал егер уақыт тығыздау болса, бұл сұрақ-тапсырмаларды ауызша немесе жазбаша түрде үй тапсырмасы ретінде беремін.



Келесі мәселе - жаңа сөздермен жұмыс. Бүгін сабақта кездескен жаңа сөздерді:

Қайта өркендеу дәуірі, нәсіл, радиоактивтік көміртекті пайдалану, Тигр мен Евфрат, пирамида, этноархеология анықтамаларын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тақтаға жазып қоямын. Тақтаға жазған жаңа сөздерін оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Өткен сабақты қорытындылау үшін алған білімдерін қыскаша анықтағаннан кейін, сабақты оқушылардың өздеріне қорытуына болады. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою ұсынылады:

1) Бүгінгі сабақтың несі саған ұнады немесе ұнамады?

2) Бүгінгі сабақ алдындағы сабақтардан несімен ерекшеленді?

3) Бүгінгі сабақтан сен өзіңе қандай жаңалық алдың?



Бағалау.

Үй тапсырмасы: Өткен сабақты оқу. Жаңа сөздерді қайталап, еске сақтау.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §5. Өлкетану дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.

  • Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи-мәдени ескерткіштерін пайдалану.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта көрген бейнефильм, алдын ала берген сұрақ-тапсырмалары бойынша оқушылармен әңгіме түрінде немесе жазбаша сұрақ-тапсырмаларға жауаптарын дауыстатып оқытып, оны жалпы сыныпта талқылату. Жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысы жүргізу. Ол үшін алдын ала бір-бір сөзден жазылып көбейтілген кағаз қиындыларын оқушыларға таратып шығамын. Оқушыларға берілген уақыттың аз екенін ескертіп, бос орынға дұрыс анықтамасын жазу тапсырылады.


Үй тапсырмасын қорытындылау

Археологиялық зерттеулер нәтижесінде тарих ғылымы бүгінде адамзат таңғалатын ұлы жаңалықтарды ашқандығын, оның тарих ғылымын дұрыс, терең, толық жазып шығу үшін маңызының зор екендігін айтып қорытындылаймын.

Осылайша үй тапсырмасын тексеріп, өткен сабақтың бүгінгі өтетін жаңа сабақпен де байланысты екенін айтып өтіп, жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақты мына жоспармен жүргіземін.

1.Тарихи өлкетану ғылымының маңызы мен міндеттері.

2.Тарихи өлкетанудың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы тарихы.

3.Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты қосымша ғылым салалары мен олардың атқаратын қызметі.

Осы жоспармен жаңа сабақты түсіндіре бастап, оқушыларға параграфты кезек-кезек оқыта отырып, өздеріңе бұл ғылым саласының мақсат-міндеттері не екенін ауызша айтқызамын.

Одан соң жоспардың екінші бөліміне көшеміз. Әсіресе оқушылардың көңілін Ресейде тарихи өлкетану жеке ғылым ретінде 1713 жылы 13 ақпанда орыс патшасы I Петр тұсында ғана енсе де, қазақ даласында сонау ежелгі замандардың өзінде ел тарихын жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткізген өз білімпаздары болғанын атап айтып кетемін.

Сабақ жоспары бойынша қосымша пәндерге тоқталамын. Сондықтан қысқаша тарихқа қосымша пәндер бойынша әңгімелеп өтемін де, осы бойынша мына ономастика, антропономика, топонимика, этнонимика, теонимия, космонимия, тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану сияқты жаңа сөздерді тақтаға жазып қоямын. Оқушылар тақтаға жазылған сөздерін дәптерлеріне жазып алады.

Осы сияқты қосымша пәндердің жекелеген зерттеулерінің нәтижесінде ғана тарих ғылымы толық та дұрыс жазылатынын айтады.

Одан әрі оқушылардан мұрағат жайында қандай түсініктері барын тексеру үшін, тақтаға немесе плакатқа маркерді пайдаланып, төмендегі тапсырманы орындатады.



«Мұрағат»

Оқушылар өздерінің мұрағат жайындағы не білетіндерін бір-бірлеп орнында отырып айтады. Осылайша мұрағат туралы алғашқы түсініктерін біледі. Одан әрі оқулықтағы материал бойынша толықтырып айтады.



Бекіту: Тақырыпты бекіту үшін «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындатқызамын.

Қорытынды: Тарихи өлкетанудың маңызы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, өздерінің туған өлкелерінде қандай ғылыми өлкетану жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталады, оның жалпы тарих ғылымына қоскан үлесін атап айтып кетеді.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 5-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет