Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет52/126
Дата06.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#61151
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 19. Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Ғұнатауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Мемлекеттердің калыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын керсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Көрнекілік:
1. «Ғұндар» картасы.
2. Жаңа сөздер жазылған плакат.
3. Ғұндардың батырлығын, жауынгер халық болғандығын дәріптейтін суреттер.
4. Ғұндардың пайдаланған қару-жарактарының суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушылардан мына ретпен сұралады.
1. «Алтын киімді адамның» табылу тарихы.
2. К. Ақышевтің Қазақстан археологиясына қоскан үлесі.
3. «Алтын киімді адамның» қабірінен табылған әшекей заттарды атап шығыңдар.
4. «Алтын киімді адамның» әшекей заттарына сипаттама беріңдер.
Одан кейін үйден осы «Алтын киімді адамның» тарихына қатысты жазып алып келген оқушылардың қосымша деректері оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет