Бақылау сұрақтары:
Азықтар неше топқа жіктеледі?
Азық топтарын атап беріңіз?
Қолданылатын әдебиеттер:
1. А.Ахметов., Ж.Жалғабаева Мал азықтандыру. Оқу құралы. Алматы, 2019
2. А.Егеубаев, Қ.Ахметов «Азық қоректілігін бағалау және мал азықтандыру».Алматы, 2011
№ 3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: ІРІ АЗЫҚТЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
Сабақтың мақсаты: Пішеннің ботаникалық құрамы мен өнім-өсу жағдайларына қарай қойлатын стандарттың талаптарымен және қоректілігін, сапасын анықтайтын тәсілдермен танысу
Сабақтың мазмұны: Ірі қара, жылқы және қой үшін, әсіресе байлауда тұрған кезде, пішен негізгі азықтардың бірі болып табылады. Жоғары сапалы пішен - белоктың, клечатканың, қанттың, минералдық заттардың, Д (күнге кептірген кезде) және В витаминдерінің көзі. Пішен - күйіс қайыратын малдың қарнында ас корытудың қалыпты жүруіне әсерін тигізеді.
Пішеннің құнарлылығы көбінесе оның құрамына және сапасына байла-нысты. Жоғары сапалы пішенді дайындаудың негізгі көзі - шөпті уақтылы шауып, жинап алу. Жас өсімдіктерден дайындалған пішен буыны қатып кеткен өсімдіктерден гөрі жақсы жапырақталып, тез дегдіп және бойындағы қоректілік заттарды мейлінше көп ұстайды. Шөпті кептіру өдістері және кебуінің ұзақтығы пішеннің сапасына тікелей әсер етеді.
Шабылған шөпті тез жайып кептіру оның сабағының құрамындағы қоректік заттардың шығын болуын төмендетеді. Дайындалған пішенді далада кептіргенде құрамындағы қорытылатын протеиндердің шығыны 35%-ға дейін жетеді. Қоректік заттарды сақтаудың жақсы әдістерінің бірі - шабылған шөпті маяға үйгеннен кейін желдеткішпен жақсылап кептіру. Бұл әдісті пайдаланғанда қоректік заттардың 1 гектардан жалпы түсімі артып, қорытылатын протеиннің шамасы артады. Бұл әдіс шөптің ұсақталмаған немесе ұсақталған түрін жинаған кезде өте қолайлы.
Пішен дайындаудың технологиялық тиімді әдісі - шабындықтағы шабылған шөпті (ылғалдылығы - 35%) шағын бумаларға байлап сақталатын орындарға жеткізіп, одан әрі желдеткішпен кептіру.
Пішенге сапалық баға бергенде шабылған шөптің гүлдену уақытын, бо-таникалық құрамын, жинау әдісін және сақталу мерзімін есте ұстаған жөн. Пішеннің сапалық көрсеткіші мемлекеттік сапалық тұрақтылыққа (МЕСТ4808-87) сәйкес келуі тиіс. Пішен ботаникалық құрамына және өсіп-жетілуіне байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Бұршақ тұқымдас екпе шөптер (бұршақ тұқымдастар 60%).
Астық тұқымдас екпе шөптер (астық тұқымдастар 60% және 20% темен бұршақ тұқымдастар.
Аралас бұршақ және астық тұқымдастар, екпе шөптер (бұршақ тұқымдастар 20-дан 60%-ға дейін).
Табиғи шабындықтар (астық және бұршақ тұқымдастар және басқалары).
Мемлекеттік сапалық тұрақтылық пішеннің жалпы сапасымен оның классификациясын анықтайды. Пішеннің сапасын бағалауға мынандай негізгі көрсеткіштер қабылданған шөпті дайындау кезіндегі гүлдену фазасы, түрі, иісі, шөптегі құрғақ заттардың мөлшері, зиянды және улы өсімдіктердің, соңымен қатар механикалық қосындылардың қатысы. "Ылғалдылық" көрсеткішінің орнына құрғақ заттардың шөп құрамындағы мөлшері алынған. Осы көрсеткіш екпе және табиғи шөпте 83%-дан кем болмауы керек (ылғалдылық 17%-дан аспауы қажет). "Минералдық қоспалар" көрсеткішінің орнына "тұз қышқылында ерімейтін шикі күлдің салмақтық мөлшері" алынған, оның 0,7%-дан аспағаны жөн.
Нитраттар мен нитриттердің мөлшері пішен құрамында белгілі бір деңгейден аспауы тиіс.
Екпе немесе табиғи шөптен дайындалған пішен құрамындағы шикі протеин алмасу энергиясына және азық өлшемінің көп немесе аз болуына байланысты үш топқа бөлінеді. Егер пішенде осы аталған көрсеткіштердің біреуінің өлшемі пішен құрамына сәйкес келмесе, онда ол төменгі класқа немесе нашар пішен есебінде бағаланады.
Пішеннің сапасы оның түсі, түрі және иісі бойынша, сонымен қатар зертханалық зерттеулердің анықтамалары арқылы анықталады.
Орташа сынама алу кезінде МЕСТ-27262-87 ережелерін басшылыққа алынады. Алынған орташа сынама барлық үйілген шөптің сыртқы түрінен, химиялық құрамынан толық мағлұмат беретіндей болу керек. Түріне, иісіне, түсіне қарап пішеннің жалпы жарамдылығын анықтайды, әрбір белігінің біркелкілігіне, пішініне қарап (түрі, иісі) неден бүлінгенін жинау және сақталу кезеңдеріндегі сапасына мінездеме береді.
Пішеннің түсін анықтау үшін барлық үйілген мөлшерінің немесе үйілген маяның ішкі жағынан сынама алынады, ал маяланған шөптің астынан алынған орташа сынаманың түсі арқылы анықталады. Екпе бұршақ түқымдастардың түсі жасыл түстен бастап жасыл сарғыш, одан ашық қоңыр түске дейін ал табиғи шөптің түсі жасыл түстен сарғыш жасыл түске дейін ауытқуы керек. Қоңыр қара немесе қоңыр сұр түс шөптің жаңбырлы күні жиналғанын білдіреді. Өте кұрғап кеткен және тым ұзақ сақталған пішендеме жасыл түстен сұр түске айналады.
Пішеннің иісі шөптің шабу кезіндегі жетілу фазасына, ауа райына, сонымен қатар кептірілу, сақталу жолдарының әдістеріне байланысты. Жақсы пішеннің өте жағымды иісі болады. Тым қатайып кеткен өсімдіктен және шабындықта шабылғаннан кейін ұзақ жатып қалған сонымен қатар ұзақ сақталған пішен өзіне тән иісінен айырылады, ал желдетіп кептіріліп сақталмаған пішеннен шөптің шіріген иісі шығады. Ылғал күйінде шауып, жиналған пішен көгеріп, шіріп, иістенеді. Егер иіс жөнінде күдік туса, онда 50-100 гр пішенді 1 литрлік құтыға салып, үстіне ыстық су құяды да, құтының аузын әйнекпен жабады. 2-3 минуттен соң қызған пішенді тексеруге әбден болады. Егер шіріген немесе көгерген болса, соған тән иіс шығады.
Пішеннің ботаникалық құрамын 400-500г пішеннің орташа сынамасын жүйелеу арқылы анықтайды. Жайылған жайманың үстіне пішенді 3-4 рет қағып-сілкіп жаяды да, өсімдіктің 2-3см-лік қалдықтары мен басқа қоспа қиқымдарын алып тастайды. Қиқымдары бөлініп қалған пішенді өлшейді. Өлшем (МЕСТ) мемлекеттік сапалық өлшем бойынша мына бөлімдерге бөлінеді. (Астық тұқымдастар шөбі.
Бұршақ тұқымдастар шөбі.
Әр түрлі өсімдіктер.
Зиянды және улы шөптер. Әр түрлі бөлінді бөлшектердің салмағын өлшеп, пайызға шағады.
Табиғи шөпте мынандай улы шөптер 50%-дан артық болмау керек: аңқылтақ, шым шөбі, миядау. Екпе шөптерден дайындалған пішеннің құрамында зиянды және улы өсімдіктер болмау керек, ал табиғи шөптерден дайындалған пішенде зиянды және улы заттардың мөлшері 1-ші класты шөпте - 0,5%-дан, сонымен қатар 2-ші, 3-ші кластық шөптерде - 1%-дан аспауы тиіс.
Құрамында зиянды және улы өсімдіктер көрсетілген стандарттық мөлшерден жоғары болса немесе шөп бұзыла бастаған (көгерген, иістенген, шіріген) болса, ондай пішендер кластық топка енгізілмейді.
Шөпке койылатын талаптар, МЕСТ 4808-87
Көрсеткіштер
|
Шөп үшін қойылатын өлшем
|
екпе бұршақ
түқымдастар
|
Екпе астық
тұқымдастар
|
екпе-астық бұршақ
тұқымдастар
|
табиғи
шөп
|
1
|
2
|
3
|
1
|
2
|
3
|
1
|
2
|
3
|
1
|
2
|
3
|
Прротеиннің құрғақ заттағы салмақтық
мөлшері
|
16
|
13
|
10
|
13
|
10
|
8
|
14
|
11
|
9
|
11
|
9
|
7
|
1кг құрғақ заттың қоректілігі: Алмасу энергиясы, МДж/кг, төмен емес.
|
9,2
|
8,8а
|
8,2
|
8,9
|
8,5
|
8,2
|
9,1
|
8,6
|
8,2
|
8,9
|
8,5
|
7,9
|
Азық өлшемі кем емес
|
0,68
|
0,2
|
0,54
|
0,64
|
0,88
|
0,54
|
0,67
|
0,2
|
0,54
|
0,64
|
0,68
|
0,68
|
Достарыңызбен бөлісу: |