4. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы) «Сайрам ару» (ертегі) Ертеде Құт қаласында Сая деген батыр тұрыпты. Оның Сайрам атты қызы ар екен. Сұлу жүзінің нұры түнде Ай, күндіз Күн сәулесімен тайталасыпты. Адам ғана емес, жер бетіндегі жан-жануарлардың бәрі Сайрам арудың келбетіне сүйсініп, содан сүйініш тауыпты. Жылжып жылдар өтеді. Сайрам ару да піскен алмадай албырап, нұрына нұр қосылады. Өскен сайын гүлдей құлпырады. Ханның қызы болмаса да, халқына қадірі одан кем емес екен. Елі аялап, төбелеріне көтеріпті. Сайрам арудың нұрлы жүзі, сұлу кескін-келбеті, әсем көркі, дариядай тасқындаған ақыл-ойы дүниенің төрт бұрышына аңыз болып тарапты. Қыздың әкесі жер бетінің түкпір-түкпірінен алтын-күміс саудырата сапырып, ағыл-тегіл сый алып келген әр қилы ел патшалары мен хандарының тарту-таралғыларын қабылдамайды. Бәріне бір – ақ жауап қайтарады: -Қызымның еркі өзінде, бағын байламаймын.Ұнатып, қалағанына көзім жетсе, жалқы жігіт боса да, қарсылығым жоқ!... Сайрам қыз алтын-күмісін арқалап жүргендердің бір де біреуіне пысқырып та қарамайды. Сондағы қалауы не деп таңданысады жұрт... Осы құт қаласында бес саусағынан өнері тамған шебер, асқан ер жүрек Бөкен деген саңлақ жігіт бар екен. Сайрам ару сол жігітті ғана ұнатады. Жігіттің арманы да осы қыз екен. Бөкен – еліне қатер төндірген жауларға қарсы соғысып, шапқыншыларға талай-талай соққы берген, қайыспас қайсарлығымен, айбынды қаһармандығымен танылған, батыр атанған ер жігіт. Батыл, тапқыр істеріне елі сүйсінеді. Мақпалдай қара түнге, қара көк аспанға өзінің сәулесін шашқан асыл ару мен ер жігіттің қалауы еліне жария етіледі. Ару мен ер жігіттің бұл қалауларын елі құптап, ақ тілектерін жаудырады. Сөтіп, ақылына көркі сай ару қыз Сайрам мен батыр да өнерлі ер жігіт Бөкен екеуі ұзақ және бақытты өмір сүрген екен. Сұрақтар: -Сайрамның бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар? - Сайрам мен Бөкен бір – біріне сай ма?