Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; Міндеттері



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі20,19 Kb.
#86918
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұл бала мен қыз бала достығы

5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
А) Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
(Әр топ өз ойларын плакат бетіне түсіреді.Жұмыстарын қорғайды.)

Б) «Егер ұл болсам..., егер қыз болсам...» ойыны күтілетін жауап: 
Егер мен ұл болсам елімді қорғаймын; қыздарға көмектесемін т.б.
Егер мен қыз болсам өте таза жүремін; дөрекі сөз айтпаймын т.б.







Дәптер



6. Топпен ән айту.
1.Ақиқаттың әнін,
Айтамын күнде мен.
Бөбек әлемінің
Сырларын түсініп,
Нұрына шомылдым күннің.
Тыныштық жан - көркем,
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа жетелейді
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер.
2.Дұрыс әрекеттер
Сүйіспеншілік береді,
Тыныштық орнайды,
Қиянат болмайды,
Адамзатқа әлемдегі.

«Әндер жинағы»

7. Үй тапсырмасы.
Ө. Тұрманжанов өлеңді жаттау ( 15 сабақ).

Оқулық

8. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Үнтаспа



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: А. Тайманов атындағы 34 мектеп-гимназиясы
Мерзiм:
Тақырып: «Дос болайық бәріміз» (1- сағат), 15 сабақ
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: сыйластық, достық, татулық, бірлік, әділ болу.
Мұғалiм: Есенова Д.Д
Сынып: 3 «Г»; «Б»; «Д»; «А»; «Ә»; «В».

Сабақ мақсаты:
Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
- достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
оқулық, дәптер, үнтаспа, күнделік, қанатты сөз



Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
2. Үй тапсырмасын тексеру
Ө.Тұрманжановтың «Күштісің енді сен», - деді» атты өлеңді оқу.



Сабақ барысын талдау:

Үнтаспа


Оқулық

3.Дәйексөз.
«Татулық – достық кепілі» (халық мақалы)

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?

  • Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

Түйіндеме. Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды. Ал осы айтылғандар татулық белгісі. Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.



Оқулық

4. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)
«Достар» аңыз әңгіме
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады” деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім да жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды” дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азалмағаның екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған-біткенді түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.
Сұрақтар:

  • Екі достың іс – әрекетін татулыққа жатқызуға бола ма?

  • Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

Түйіндеме: «Мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі достық қарым- қатынасты нығайтады».


Өсиет әңгімелер жинағы

5. Шығармашылық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 топ: «Жағдаяттарды талдау».
2 топ: «Достық ережесін құру».
3 топ: «Менің достарым» тақырыбына әңгіме жазу.


Оқулық, дәптер

6. Топпен ән айту.
Жан - досым»
Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қайырмасы:

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақта бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

Қайырмасы:


Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық





«Әндер жинағы»



7. Үй тапсырмасы.
М.Есенәлиеваның аударуымен берілген Е.Козлованың «Сазды хикая» ертегісін оқу.

Оқулық

8. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.


Үнтаспа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет