Түйіндеме. Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңеді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шықты емес пе? Қобланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т.б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз-мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтарды ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мысалы: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, домалақ ана және т.б.
|
«Мақал-мәтелдер жинағы»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |