Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.2A бөлім: Жай бөлшектерге амалдар қолдану
|
Мектеп: 58 ЖББМ
|
Күні: 04.11.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні: Құралов Е.А.
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Саақтың тақырыбы
|
Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
5.1.2.16
жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Жай бөлшектерді, аралас сандарды біледі.
Оқушылар көпшілігі орындай алады:
Жай бөлшектер мен аралас сандарға жай бөлшектің негізгі қасиетін қолдана алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жай бөлшектер мен аралас сандардың ЕКОЕ-сін тауып, ортақ бөлімге келтіре алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Оқушылар:
- жай бөлшек және аралас сан ұғымын біледі;
- жай бөлшектің негізгі қасиетін біледі;
- жай бөлшектердің ЕКОЕ-сін таба біледі;
- жай бөлшектің толықтауыш көбейткішін анықтайды;
- жай бөлшекпен аралас санды ортақ бөлімге келтіре алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
-бөлшектің негізгі қасиетін бөлшектерді қысқартуда және ортақ бөлімге келтіруде қолданады;
Пәнге тән лексика мен терминология:
- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)
дұрыс және бұрыс бөлшектер;
бөлшектерді қысқарту;
аралас сандар;аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
бөлшектің негізгі қасиеті;
қысқартылмайтын бөлшек;
ортақ бөлім;толықтауыш көбейткіш;
-бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;
Диалог пен жазуүшінпайдалысөздер мен тіркестер:
- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;
- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;
- бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, ... берілген бөлшектің ... ауыстыруға болады;
- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек;
- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек;
- натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек;
- натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек;
- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек.
|
Құндылықтарды дамыту
|
1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана
2. Өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену, әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
|
Бастапқы білім
|
Үлес;жай бөлшек;бөлшектің алымы мен бөлімі;дұрыс және бұрыс бөлшектер
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Ұйымдастыру сәті: Сабақ басында мұғалім мен оқушылар амандасады.
Мұғалім оқушылардың сабаққа ынтасын оятуға бағытталған жаттығу орындайды.
Үй тапсырмасын тексеру. №456
Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды.
Өткен тақырыпты қайталау. Ауызша сұрау.
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады:
Жай бөлшек дегеніміз не?
Бөлшектің алымы дегеніміз не?
Бөлшектің бөлімі дегеніміз не?
Аралас сан дегеніміз не?
Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
Жай бөлшектерді қысқарту дегеніміз не?
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
|
|
Сабақтың ортасы
10 минут
|
Жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлшегін бөлімі 16-ға тең бөлшекке түрлендіру керек. Ол үшін бөлшегінің алымын да, бөлімін де 2-ге көбейту керек, себебі 16 : 8=2. Сонда
Мұндағы 2 саны - бөлшегінің толықтауыш көбейткіші деп аталады.
Берілген бөлшектің толықтауыш көбейткішін табу үшін, жаңа бөлімді сол бөлшектің алғашқы бөліміне бөлу керек.
Бөлшекті жаңа бөлімге келтіру үшін оның алымын да, бөлімін де көбейтетін сан толықтауыш көбейткіш деп аталады.
Берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі сол бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болады.
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін:
1) берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін, яғни ең кіші ортақ бөлімін табу керек;
2) бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу керек;
3) әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін сол бөлшектердің толықтауыш көбейткішіне көбейту керек.
Қандай бөлігі боялған?
а) қызыл түспен в) сары түспен с) жасыл түспен
|