Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Бөліп шығару жүйесінің рөлін біледі. Көпшілік оқушылар үшін



бет1/8
Дата09.03.2023
өлшемі3,23 Mb.
#171573
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
электронды орта.docx 8 кл


Сабақтың тақырыбы:
Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері).
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау
8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Бөліп шығару жүйесінің рөлін біледі. Көпшілік оқушылар үшін:
Бүйректердің құрылысы мен рөлін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Нефронның қызметімен танысады.
Жаңа сабаққа кіріспе
«Миға шабуыл»
  • Бүйректе қанша қабат болады?


  • 2. Бөліп шығарудың орталық мүшесі не?

    3.Бүйрек ағза сүзгісі деп атауының себебі неде?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №1.
Нефрон бөліктері мен оның қызметі арасындағы байланысты анықтайды.
Дескриптор: Жалпы- 3 балл
1.Сурет бойынша 1,2 құрылымды анықтайды – 1 балл
3,4 құрылымды анықтайды – 1 бал
4,5 құрылымды анықтайды – 1 балл
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №2

1. Зәр түзілу кезеңдерін талдайды.
2. Нефрон капсуласында және ирек өзекшеде жүретін үдерістерді сызба түрінде бейнелейді.
3. Бүйректің ми және қыртысты қабаты арасындағы айырмашылықтарын атайды
Дескриптор:
1. Зәр түзілу кезеңдерін талдау – 1 балл
2. Нефрон капсуласында және ирек өзекшеде жүретін үдерістерді сызба түрінде бейнелеу – 1 балл
3. Бүйректің ми және қыртысты қабаты арасындағы айырмашылықтарын атау – 1 балл
«Еркін микрофон»
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет