Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Бөліп шығару жүйесінің рөлін біледі. Көпшілік оқушылар үшін



бет6/8
Дата09.03.2023
өлшемі3,23 Mb.
#171573
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
электронды орта.docx 8 кл

Жаңа сабаққа кіріспе
«Миға шабуыл»
1. Сүйек ұлпасының құрамына қандай қосылыстар және не үшін кіретінін айтыңдар.
2.Оссеин дегеніміз не?
3.Коллаген деген не?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы № 1.
Адам ағзасына оссеин нәруызы не үшін керек екенін түсіндіреді.
Жас өскен сайын оның мөлшері қалай өзгереді?
2. Сүйектің қандай жасушалары шеміршек ұлпасын жоятынын және ол не үшін керек екенін сипаттайды.
3. Неше жаста дене толық сүйектенетінін және себебін түсіндіреді.
4. Сүйек жүйкелері мен қан тамырларының қызметін сипаттайды. Олар қайда орналасқан және не үшін керек?
2. Остеон цилиндрлері арасында орналасқан зат неден тұрады? Олар қандай қызмет атқарады?

Дескриптор:
Жалпы-3 балл
Тапсырмаларды орындап,сұрақтарға жауап береді.

№ 9 зертханалық жұмыс.
Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы «Сүйектің химиялық құрамын» көрнекі көрсететін тәжірибе.
Жұмыс барысы
1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қарайды . Мынадай элементтерді анықтаңдар:
– тығыз сүйек заты;
– кемікті зат – оның пластиналары қай бағытта орналасқанына назар аударыңдар;
– сүйекқапты табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма?
– сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) табыңдар;
– қуысты – сары сүйек кемігін табыңдар;
– зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар.
2. Сүйектің микроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:
– сүйек цилиндрлерінің пластиналары;
– остеоциттер және олардың өсінділері;
– остеондардың орталық қуысы.
3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерін көрнекі түрде зерттеңдер.
– Барлық үш сүйекті созып көріңдер. Кальцийсіздендірілген сүйек қандай қасиетке ие?
– Барлық үш сүйекті иіп көріңдер. Күйдірілген сүйекті игенде не болады? Ол қандай қасиетке ие?
Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырыңдар. Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет