Сабақтың мақсаты: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орындарын мысалдар көмегімен түсіндіру



Дата05.06.2017
өлшемі29,64 Kb.
#17694
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Сабақтың мақсаты:

  • Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орындарын мысалдар көмегімен түсіндіру.

  • Жаттығу жұмыстарын орындау барысында басқа сөйлем мүшелерімен шатастырмай анықтай білуге, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ББД қалыптастыру;

  • Білімділікке, ұқыптылыққа, сауатты, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.


Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, жаттығу, бақылау

Қосымша қолданатын: Балақаев, Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі»1-бөлім.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (баяндауыш, құрамдық түрлері, баяндауыш болатын сөз таптары).

3. Жаңа сабақ.

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайлардан кейін бастауыштан кейін сызықша қойылады:



  • Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады.

Мысалы: Тіл –қоғамдық құбылыс. Жастар-біздің болашағымыз.

  • Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің 3-жағынан болып, баяндауын зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Мысалы: Бұл – үлкен жетістік. Ол – сол үйдің еркесі.

Мысалы: Үш –тақ сан. Қыздардың үлкені Майра, кішісі Сайра.

  • Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен болса, немесе керісінше болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Мысалы: Кемтар адамға күлу әдепсіздік. Менің арманым- үлкен оқу орнына түсу. Мұсылман парызы- бес уақыт намаз оқу.

Мысалы: Үш жерде үш –тоғыз.

  • Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің 3-жағынан болған бастауышты, зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Мысалы: Көрмес –түйені де көрмес. Бұл- Алматыдан келген қонақ.

  • Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін, сызықша қойылады.

Мысалы: Жүз-жиырмаға бөлінеді.

4.Жаттығу жұмыстарын орындату.

40-жаттығу(жазбаша)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет