Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту



бет2/4
Дата17.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#14150
түріСабақ
1   2   3   4

3.Ойтолғау.

-Мейірімділік - әкесі таныған жақсы мінез екен. Өйткені мейірімді адам үнемі адамға жанашырлық жасауға дайын тұрады. Барлық қасиеттер жақсы екенін әкесі де түсінеді, бірақ соның ішінде бәрінен мейірімділік жақсы екенін айтады. Ал сендер ең мейірімді адам кім екенін өте жақсы білесіңдер... Сонымен балаларға «Анашым, алаңдама!» атты эссе жазу тапсырылады. Сабақты осы жұмыс арқылы қорытындылау.

Оқулықтағы сұрақтар мен мақалдар және қиын сөздер бойынша жұмыс жасау. Үй тапсырмасы мұғалімнің қалауы бойынша беріліп, оқушылар білімі бағаланады.


әдебиеттік оқу 3 «А» сынып 92-сабақ

Күні: 25.02.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Ақ қыс. Т.Айбергенов.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: ақынның қыс бейнесін суреттеуіне қарап, өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге, лириканы түсінуге, сезінуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғаттың сұлулығын тануға, айнала қоршаған дүние және табиғат құбылыстары арқылы шындыққа қарым-қатынысының қалыптасуына жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті,плакат

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді есіңе түсіріп жаз. Бұл қай өлеңнен алынған үзінді?

«Үсті-басы - ақ ..., түсі ...,

Басқан жері ... келіп қалды.»

-Екі тапсырмадағы жазылған сөздер мағынасы нені білдіреді?

-Иә, қыс табиғатының құбылыстарын білдіреді.Абайдың қысын оқығанда қандай сезімдер білінгендей болады?(Суық, аяғының басқан ізі сықыр-сықыр еткен қыстың жүрісі қорқынышты).



2.Мағынаны тану.

-Енді бүгін біз ақын Т.Айбергеновтың ,<<Ақ қыс>> өлеңін оқып,өлеңде қандай сезімдер бар екенін анықтап көрейік.

Бір рет іштей оқып,дауыстап,мәнеріне келтіріп оқуға дайындалу.

Оқушылар кезекпен мәнерлеп оқи бастайды.

Ескерту.Өлеңді өздері бұрынырақта оқып кеткен басқа ақындардың өлеңдерін еске түсіре отырып талдаса,тіпті тамаша!Салыстыру арқылы айырмашылығымен ұқсастықтарын табуға болады да,оқушылар бір тақырыпты әр ақын әр түрлі жырлайтынын сезеді.Мысалы,бір ақынның күзі қуанышты,екіншы ақынның күзі ренішті,көңілсіз,тіпті айанышты.Балаларға бұл жерде бірнеше өлеңдерді топқа бөліп беріп,тек қана өлеңдегі ақынның көңіл күйі қандай екенін анықтап зерттеу жүргізуге болар еді.Бұл жұмыс балалар үшін өте қызық болатыны сөзсіз.Ал енді сабақты көрнекілендіргініз келсе,қыс немесе күз мезгілінің бірнеше көрінісін дайындап әкеліп,суретшінің шығарманы жазып жатқан кезде қандай көңіл күйде болғанын бағамдау үшін үшін әңгімелетуге болады.

-Балалар қыс қанша суық болса да, оның көзінен не көрініп қалғандай?Оны кім көріп қойыпты? Әрине,ақын

-Сонымен ақын қысқы қалың қарды омбылап келе жатқанда ,нені ойлап,нені іздеп келе жатыр?

-Балалар,қардың қандай түрлерін білүші едіңдер?Дәптермен жұмыс.

-Аяздың ше?

-Боранның ше?

Оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

Тапсырма бойынша ақын көзіне көрінген ақ заттарды өлеңнен теріп жазу.

Олар:ақ қолғап,ақ қыс,аппақ сукеле,аппақ тау,төбе,рояльдың ақ тілі,ақ әлем,аппақ әуел.

-Көрдіңдер ме,адам қуанғанда,жақсы нәрсені көргенде,дүниенің барлығы әдемі,таза,тіпті,құлаққа естілген дыбыстармен ән де аппақ деп жырлаған екен.



3.Ойтолғау

Сабақтың бұл кезеңінде«Бес жолды өлең»стратегиясын қолдануға болады.Бұл арқылы пәнаралық байланысты да іске асыруға мүмкіндік бар.Бұл өлеңнін жазылу ережесі бойынша әр жолдағы сөз санының сақталуы керек және әр жолдың өз қызметі бар.

1-жолда -өлең тақырыба,(негізінен зат есім);

2-жолда- тақырыпқа сипаттама (екі сын есім);

3-жолда-әрекет (тақырыпқа қатысы бар үш етістік);

4-жолда- сезім (тақырыпқа автордың қарым-қатынасын білдіретін төрт сөз);

5-жолда-бірінші жолдың синонимі (көбінесе зат есімнің).

Енді осы стратегияны өлеңге қолданып көрейік:

1-жол.Қыс.

2-жол.Аппақ, таңгажайып.

3-жол.Құшақтайды, сақылдайды, омбылайды.

4-жол.Айнала әдемі, қызықтайды екен(немесе «Көз тоймайтын ғажап әлем»)

5-жол.Табиғат.

Бұл жұмыс түрі бірнеше рет жүргізілгеннен кейін оқушылар оны құлшыныспен орындайтыны сөзсіз.Жұмыс кезінде балалар мәтінге тағы да үңіле түседі, қазақ тілінен алған білімдерін де пайдалану керектігі туындайды. Мұндай өлеңдерді алғашқы кезде бір-бірлеріне көмектесу мақсатында ережелерін еске түсіре отырып, екі бала бірігіп орындаса, бес жолды өлең кейіннен әр балаға жеке орындауға тапсырылады. Бұл әдісті қайталау кезеңінде де сәтті пайдалануға болады.

Ойтолғау кезеңі үшін, мұғалімнің қалауы бойынша, қыс бейнесін бейнелеу, сөздікпен жұмыс, шығарма жаздыру да жүргізуге болады.Ал үйге тапсырма мұғалімнің алдан ала жоспары бойынша берілмек.

Сабақта тақырыптың мазмұны мен идеясы талданып шыққан соң, лирикалық кейіпкерджің көңіл күйі балаларға жақсы жағынан қалай әсер еткені өзіңізге сезілді ме?

Оқушылар өлеңдерді де мәтіндер сияқты талдап, түсіну керектігін байқауға мүмкіндік алды ма?

Қыс бейнесі басқа қырынан көрінді ме, яғни оқушы үшін қуанышты сәттер болды ма?

Т.Айбергоновпен таныстыру оның портреті мен кітаптары арқылы немесе мектеп кітапханасына бір күн бұрын саяхат жасау арқылы да жүргізілуі мүмкін.

Үйге тапсырма: өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.



әдебиеттік оқу 3 «А» сынып 93- сабақ

Күні: 26.02.2014ж.

Сабақтың тақырыбы:Аюдың әулеті( ертегі- мысал)

Сабақтың мақсаты: Білімдік: ертегіні оқытып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларды ізденіп, өз беттерімен шешуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымы есту, оқып көру арқылы кеңейе түсетінін байқату.

Тәрбиелік:табиғатты тану,оған жанашырлық таныту-әдептіліктің бір көрінісі екеніне көз жеткізу.

Сабактын көрнекілігі;жануарлар туралы энциклопедиялар,әдемі суреттер,плакат,оқушы дәптерлері,оқулық..

Сабақтың барысы:

1.Қызығушылығын ояту.

а)Оқушылар топтарға бөлініп отырады. Әр топ алдарыңдағы плакатқа(ортасында АЮ деп жазылған) аюға байланысты берілген тапсырманы орындауды бастайды.

Тапсырмалар:

1-топ.Аюлардың тіршілігі туралы не білесіңдер?

2-топ.Аюлардың қандай пайдасы бар?

3-топ Аюлардың қандай зияны бар?

4-топ.Аюлар туралы қандай кино,мултъфилъм,ертегі білесіңдер? (Аттарын жазу).

Әр топтан бір оқушы шығып,плакат бойынша сөйлейді.

Плакат көрнекі жерге ілінеді

Ескерту. Әр жауап зейінімен тыңдалып, оқушылардың еңбегі қолдау тауып тұрғаны сезілу үшін, мұғалім «Ия, солай екен-ау, бұл қызық екен» деген сияқты сөздермен, бас изеумен мақұлдай білдіреді.

2. Мағынаны тану.

- Балалар, енді біз «Аюдың әулеті» деген ертегі -мысалды оқимыз.Сендер мәтінді оқығанда Қоянмен,Аюмен бірге орманға саяхатқа шығасыңдар. Көптеген жаңалыққа тап боларсыңдар. Барған жерлеріңде өздерің көрген аң, құстардың атын түртіп ала отырыңдар және олар туралы бұрын білмеген жаңалықтарды есте сақтап қалуға тырысыңдар. «Қорбаңбайдың бұл әнгімесі Қоянға қатты ұнады « деген жерге дейін оқимыз.

Мәтін оқылып біткен кезде :

- Ал, балалар, орманды аралауға кімдермен бірге шықтыңдар? Сендер не көрдіңдер? Қоңыр аю өз туысын қалай мақтады

Бірінші көргендері : Балықшы құс және Ақ аю

- Ақ аю немен қоректенеді екен?(Тіршілік туралы айтылғандар плакатқа басқа түсті марклермен жазылады.

- Ол қайда өмір сүреді?

- Ары қарай қайда барып, не көрдіңдер?

Балалар сусар мен тоқылдақ туралы естігендерін, көргендерін айтады және Қара аю туралы әңгіме басталады.Ол туралы деректер жиналғаны көрінеді ( плакатпен жұмыс үнемі жалғасады).

- Балалар , сендердің саяхаттарың өте ұнады, сондықтан әрі қарай саяхаттауды жалғастырғыларың келе ме?- деп, мәтінді іштей оқу жалғасады. Оқушылар оқуды аяқтаған кезде, Құр, сүйір,ерінді аю, Ақ тиын, Бамбук аюы туралы деректер жиналады.

- «Қоян Қорбаңбайдың мұндай туыс- жұрағаттары бар екенін білмеген екен»- дейді. Ал сендер осындай аюлардың бар екенін білдіңдер ме? Осы Қоянның жанында жүрген аю қандай аю екенін байқадыңдар ма? Қоян орманды аралап жүріп неге таңданды? Ол көрді,естіді,жүрді,аралады. Олай болса, адам не арқылы біледі екен? Біз аюлар туралы көп білуге не арқылы жеттік? Әрине, оқу арқылы. Бұл құсты плақатқа сабақтан өздері үшін менің жаңалық болғаным (екінші бағанға) тізбелеп жазу.

3.Ойтолғау

а) Аю түрлері энцеклапедиялық кітаптардан көрсету.

Энцеклопедиядан тағы бір қызық жайттар білген болса, «Мен тағы не білдім?» деген бағанды толтырып, оқулықтағы мақалдармен жұмыс арқылы сабақты қорытындылау.

ә) Білгенің- бір тоғыз

Білмегенің тоқсан тоғыз немесе

«Мен білгім келеді» деген тақырыпта эссе жаздырады



Ескерту . Оқушылардың аюларды зерттеу жұмысын жүргізуі кезінде, дәлелдеуі кезі олар өздері оқыған мәтіннен де оқып отыруларына болады. Сабақ кезінде өз өлкемізде қандай аюлар мекен ететінін және олар қай жерде мекендейтіні туралы да сөз қозғау өте қызық болар еді немесе үй тапсырмасы үшін шығармашылық мақсатта да пайдалануға болады.


Сабақтың тақырыбы: Құмдағы құпия.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:мәтінді оқып,оның мазмұны арқылы қоршаган табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:өз бетімен ізденуге,ойлануға мүмкіндік беру;дүниетану пәнімен байланыстыру.

Тәрбиелік:әсемдікті көре білуге,есту арқылы дыбысты ажыратуға жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар:сабақ тақырыбына орай салынған плакат,құстар әлемі жайлы әңгіме,фото-альбом,т.б

Сабақтың барысы:

1.Қызығушылық ояту.

Оқушылардың қызығушылығын үнтаспаларға жергілікті жердегі аң-құстардың дауысын жазып алып,есту арқылы ажырату үшін,жұмбақтап сұрауға болады.Кейбір бала күнде естіп, көріп жүрсе де,осы дауыстарға мән бермеген(өте әдемі,өте қатты,қырылдаған) шығар.Немесе қолда бар құс(тауық,қаз,бөдене,т.б.) жұмыртқаларын ажыратуды сұрау,жұмбақтап сұрау.

- Балалар, айналамыздағы табиғатта өзіміз күнде көріп жүрсек те, кейде әдемілігін байқамай, ерекшелігіне мән бермейтін құбылыстар болады екен. Бізді қоршаған табиғат қандай ғажайып! Сендер дүниетану сабағынан жер беті бедерінің қандай болатынын оқыған шығарсыңдар? (Тасты жер, құмды жер, таулы жер, орманды жер). Бүгін біз құмды жердегі табиғат құпияларын оқимыз.

- Құмды жер тіршілігі қандай болады деп ойлайсындар? Тақтаға кесте ілінеді. Оқушы дәптерлеріне де кесте сызылып, жұмыс жасалынады. Болған кезде олардың айтуы бойынша тақтадағы кестені мұғалім толтырады.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










«Білемін» бөлімі бойынша жұмыс. Мысалы, ештеңе өспейді, түелер жүреді, су жоқ,... Оқушының қандай жауаптары болса да, шын ниетпен, құрметпен қабылдану керек.

- Ал құмды жер туралы не білгілерің келеді.

Сондай ретпен жауаптар екінші бағанға толтырылады.



2. Мағынаны тану.

Мәтінді « Тіпті тасбақаның да шөпке жайылатынын осы жерде көрді» деген сөйлемге дейін оқып, мазмұнын түсіну.

Оқушылар болған кезде мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, кестенің үшінші бөлігін толтырымыз.

- Осы шығарманы оқығанда бұрын естімеген қандай жаңа ақпаратты алдыңдар?

- Бұл жерде қыста адамдар тұра ма? (Дәлелдеу)

- Адамдар неге құдық қазады?

- Геологтар, ботаниктер деген кімдер? Олардың анықтамасын мәтіннен іздеп тап(Сөздік жасауға да болады.

- Құмда қандай жәндіктер бар екен?

- Темір шешесіне қандай сұрақ қойды?

- Мүмкін тасбақа туралы сендер көп білетін шығарсыңдар?

- Құмды жерде ботаниктер қандай мәселені (проблеманы) шешкісі келеді? (Мәтіннен іздеу).

Оқушылар кестенің үшінші бөлігін толтырады. Болған кезде мұғалім тақтадағы кестені балалрдың айтуы бойынша толтырыды.

- Балалар, Темір мен шешесі құмды далаға қашан барғанеді? (Былтыр).

- Темір мен шешесі биыл тағы осы жерге келген екен. Олар құмды далаға неге жылда келеді?

- Балалар, мәтінді ары қарай оқып шығамыз.

Болған соң, мәтін бойынша талдау жұмысы жүргізіледі.

- Оқыған кезде өздерің үшін қандай қызық жайттарды байқадыңдар?

-Бозторғай ұясын қайда салады екен? ( Биікке, жерге,.....)

Мәтіннен іздеу.

Кестенің « Үйрендім» бөлігін толтыр. Мысалы, бозторғай ұясының селеуден жасалуы, оның жұмыртқасының теңбіл- теңбілболуы,.....

Оқулықтағы төртінші және алтыншы сұрақтарды оқытып жауап іздеу.

- Бозторғай жұмыртқалары мен ұясын қалай, қайда алып кетуі мүмкін?

- Оның осы әрекетін қалай түсінуге болады? Шынында да, бұл сендер үшін құпия ма?

- Бұл құпияны қалай анықтауға болар еді деп ойлайсыңдар? Әлде біреуден көмек сұрау керек пе? Кімнен сұрауға болар еді



3. Ойтолғау.

- Балалар, бозторғайға ұясын көшіру, жұмыртқаларын тасу оңай шаруа ма? Ал сендер Темірдің шешесі мен оған қандай мазмұнда хат жазар едіңдер? ( Хат жаздырту.)

Бұл жерде « Ұяға тиісуге, жұмыртқаларды қозғауға болмайды» деген ой айтылады. Себебі, құс ұясын тастап та кетеді. Ендеше, топ мүшелеріне плакатқа « Тиісуге болмайды!» деген ойды білдіретін сурет салуды тапсыруға болады. Тапсырмалардың сан түрлі болуы өз алдына, бірақ барлығы « Құстарға қиянат жасауға болмайды» деген идеяны алып шығу керек. Міне, мәтін идеясын тәрбиелік құны осында жатыр. Темір де, шешесі де білмегендіктен, бозторғайдың тыныштығын бұзғанын өздері де сезбей қалды. Егер олар кейін ойланса, бұл қателіктерін түзейтіні сөзсіз.

-құмды жерге ботаниктердің қызметі көбірек керек пе, әлде геологтардың қызметікөбірек керек пе?

а) геологтардыңқызметі көбірек керек.

ә) ботаниктердің қызметі көбірек керек

б) геологтардың да, ботаниктердің де қызметі керек.

Оқушыларды ойландыру үшін,жоғарыдағы сұрақты қою арқылы пікірталас та ұйымдастыруға болады.

Ескерту. Балалар осы сабақта біз бозторғай туралы көп білдік деген оймен кетуі әбден мүмкін.Осы тұсты үйрендім бөлімі бойынша қорытындылайсыз.

Ал келесі сабақ та бозторғай құрметіне арналатынын естігенде, балалардың біреулері біз оны білеміз ғоц деп қалуы мүмкін.

-Балалар, сендер мына мәтінді оқып көріңдерші,- деп,жаңа сабақты жалғастырып кетесіз.Бұл балалар үшін күтпеген сыйлық сияқты болар деп ойлаймыз.
Пәні.Әдебиеттік оқу.21-ақпан.

Сабақтың тақырыбы Б.Соқпақбаев. «Көшер кезде».

Сабақтың мақсаты

Білімдік оқушыларға романнан үзінді өз бетімен оқып, мазмұнын талдауға, тақырыбы мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық шығармашылық жұмыстарды өмірмен байланыстыра отырып, білімдерін бекітуге жағдай тұғызу.

Тәрбиелік: әңгімедегі кейіпкер сезімдері арқылы табиғатты, жаратылыстың барлық иелерін аялау, жанашырлықпен қарау сияқты мінез-құлықтарға тәрбиеленуге негіз дайындау.

Сабақтың көрнекілігі жазушы туралы деректер, портреттер және жазушы шығармалары, плакат, «Топтау» сызбасы.

1. Қызғушылықтарын ояту.

- Балалар, сендер үй жануарларын асырайсыңдар ма? ( Балаларды тыңдау ). Осылардың ішінде қайсысы адамға өте үйір?

- Ит.Ендеше,ит туралы не білеміз?

Тақ Немесе плакатқа оқушылардың сөздері тізбеленіп жазылып тұрады.Мысалы:

Ит:дос,көмекші,құтқарушы,күзетші,қызметші,иісшіл,сақ,ақылды,иесін жақсы кореді, т.б

2.Мағынаны тану.

-Балалар,ит туралы өте қызық әңгімелер,кинолар бар,тіпті оларға ескерткіштер де қойылған.Ендеше,ит туралы оқығыларын келе ме?-деп ,тақырыппен таныстырып өту.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

1-топ.Басынан бастап , «Біраз күннен бері.....деген абзацқа дейін.

2-топ, «Біраз күннен кейін»деген жерден бастап , «Тап бүгін бір сұмдық болатынын Майлыаяқ енді сезді»деген жерге дейін.

3-топ. «Тап бүгін ...»дегеннен бастап , «Итімді мен де қимаймын» деген жерге дейін.

4-топ. «Итімді мен де ...» деген жерден бастап , «Майлыаяқты маған беріп кет,-деп сұраған болатын»деген жерге дейін оқып,мазмұнын білу.Оқушылар оқып,топқа бір-біріне сыбырлап әңгімелеп ,іштерінен біреуі әңгімелеп айтуға дайындалады.

Әр топтың әңгімелешілеріне сұрақтар қойылады:


1-топқа. Майлыаяқ иттердің қандай түріне жатады екен?

сендер қандай ит түрлерін, тұқымдарын білесіндер?

2-топқа: Иесінің итті байлап қойғаны дұрыс болды ма? Ит осыдан кейын нені сезді?

3-топқа. бұл оқиғаны әгімелеп отырған адам сендердің ойларынша қандай адам ?ол бала ма үлкен адам ба?

4-топ Аманат сөзін тағы қандай әңгімеден естіп едіңдер?

(Еске түсіру,қайталау).Үй иесі Майлыаяқтың мәселесін қалай шешпек болды?

-Балалар,өздерін жаңа ,ғана оқыған үзіндіден Майлыаяққа деген қандай сезімдер байқалады? (Дәптеріне жазу.)Тапсырма орындалып болғанда,мұғалім оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе плакатқа тізбелеп жазады.

-Балалар, осындай сезімдерге толы әңгіме сендерді де бейжай қалдырмайтынын біліп тұрмын.Не істеу керек?Итке де,оның иесіне де жақсылық жасау үшін жағдайды қалай шешер едік?(Дәптермен жұмыс).

Қысқаша «Майлыаяқты құтқару»деген эссе жазу.Эссе жазылып болған соң, әр топтан бір-бір бала оқиды.Құтқару жоспарлары алуан түрлі болуы заңды және ең қызықты, ең пайдалысы ортаға салынады…

Ескерту.Осы тұта мұғалім өз уақытын шамалап,мәтінге ары қарай талдау жүргізеді немесе үйден аяқтап оқып елу тапсырылады да, оқулықтағы сұрақтармен тапсырмалар,ит туралы қазақ халқының сөздері туралы әңгімелер айтылады.Немесе оқушылар өздерінің мттерін рқаттана әңгімелеуге әрқашанда дайын екені сөзсіз.

Егер кақыт жеткілікті болса, мына жұмыс түрін орындатуға болады:

- Ал, балалар, Майлыаяқтың тағдыры не болғанын білгілерің келетін шығар. Ендеше әңгімені ары қарай оқып шығайық,- деп, мәтін барлық оқушының өз бетімен оқуына тапсырылады. Балалар оқып болған кезде мәтінді түсінбей қалған ешкім жоқ екеніне көзіңіз жетсе: «Сүйікті итімізді аманат етіп тапсырып жатамыз», - деген сөйлемді айтыңыз. Аманат сөзі бір тамаша сөз екеніне көзіміз екінші рет жетіп отыр.

- Балалар,сендер Әбекеңе итті қалай амагат етіп тапсырар едіңдер?Бір ғана сөйлеммен итті Әбекеңе тапсырыңдар.Ал кім қандай аманат айтар екен?

Балалардың аманаттары әртүрлі,өте әсерлі,қамқорлыққа толы болатынына сенімдіміз.Үйге тапсырма берген кезде тек мәтін мазмұнын сұрай беру мақсат емес деп ойлаймыз.Әлде бала үшін осындай қызық әңгіме мазмұны алынбайтын қамал болып қалды деп ойлаймыз ба?

3.Ойтолғау.

Олай болса,тақтаға «Бір жыл өтті.Майлыаяқты сағынған иесі бір күні оны іздеп келді» деген сөйлемді жазып қоясыз.«Сол кезде...» деп әңгімені оқушы өзінше қиялдап жалғастырып жазып келеді.

Оқушылардың білімі бағаланады.Ең бастысы,бұл сабақта барлық сынып оқушылары өте белседі жұмыс жасағанына,кітап оқуды өте жақсы көретіндеріне таңғалғанын мұғалім жасырып қалуға болмас.



Пәні. Әдебиет. 28-ақпан.

Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:Өлеңді оқып,ақынның табиғатты,ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшклігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық:қайталау арқылы еске түсіру,білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік:өмірмен байлыныстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге,көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі:көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет,ақын портреті.

Сабақтың барысы:

1.Қызығушылығын ояту.

Абайдың бұрын өтілген,балалар білетін өлеңдерінен бір-бір жолдын үзінді оқылады.

Тапсырма.

1.Оқылған өлеңді ары қарай жалғастырып айтып жіберу.

1.Ол үзінді қандай өлеңнен алынған атау.

Мысалы:


1.«Ой,балалар, балалар!...»

2.«Басқан жері сықырлап келіп қалды.»

3.«Аппақ қардан омбылап,»

-Иә,балалар,сендедің есте сақтау қабілеттеріңе мен әрі қызығып, әрі қызығып, әрі қуанып тұрмын. Қыс кезінде сендер Төлеген Айбергеновтің "Қыс" өлеңін оқығанда:

«Аппақ қардан омбылап,

Көктем іздеп келем мен»-деп, іздеген көктеміне де жеттік. бүгін біз Абайдың атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.



2. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп, іштей оқу.

Тақтада «Өлеңді оқыған кезде көктем табиғатынан құлағыңа қандай дауыстар естіледі?» деген сөйлем жазылып тұрады.

Кітаптан іздеп, түртіп алып жазу, оқып беру ( мысалы, боздаған түйе, қорадағы мал дауысының шуы, дуылдаған құстар мен көбелектер, сыбдыр қаққан су, балалардың шуы, өлең, жыр, қаз бен аққулардың қиқуы).

Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Осы дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген?(Дәлелдеу).

- Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады? (Үзінді оқу, яғни күнді ата-ана мейірімімен теңестіреді).

- Ал, балалар, өлеңде көктемді көріп тұрған ақынның көңіл-күйі қандай?(Дәлелдеу, үзінділер оқу).

Енді барлығымыз далаға көз жідеріп, ақын жырлаған көктемнің өз жерімізбен ұқсастығын, айырмашылығын жазамыз. Бұл- оқушының зерттеу жұмысы болып табылады.

Мысалы:


Абай көктемі Біздің ауыл(қала) көктемі

Қыстың сызы жоқ.. Түн салқын.

Жер беті құлпырған. Көк шығып, айнала жап-жасыл.

................................... ............................................................................

Осылай жазба жұмысы жүргізіле береді. Оқушылардың жұмыстары тессеріледі, оқытылады. Жұмыс қорытындыланады.

- Балалар, мынга жаңылтпашты оқып, жатқа тез айтамыз. Шөп сөзінің орнында қай сөз тұр? Қандай шөптің аты аталған? (Жаңылтпаш тақтаға, плакатқа жазылған)



Жаңылтпаш

Көк шықты,

Көктеп шықты.

Көктем шықты,

Көкпек шықты.

З. Муфтибекова

- Өз жерлеріңде өсетін қандай шөптердің атын білесіңдер? (Дәптерге жазу).

- Келесі жаңылтпашты оқы, жатқа тез айтып көр. Қай заттың түсі ауыстырылып айтылып тұр деп ойлайсың? Оқушыларға қазақ тілінде кейбір заттардың түсі ауыстырылып айтылатынын (мысалы, көк бие, көк ат деп ак жылқыны айтатынын) ескерту, сөйлеу кезінде ескерту керектігін түсіндіру.

Көкпеңбек көктем шықты.

Көк көктеп шықты.

Көкпеңбек көкпек шықты.

Көк те көк,

Көктем де көк.

З. Муфтебекова


Келесі тапсырма:

-Берілген сөйлемді оқыңдар. Бұл көктем күнінің қай мезгілі? (таңғы,кешкі, күндізгі). Дәлелдеңдер.

Көктегі көктем күнінің күлімдеген көзінің кірпіктері көкжиектен көрінді.

3. Ойтоғау.

Ақынның бұл өлеңі қысқартылып берілгендігін атап өте отырып:

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,

Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай сары алтын шатырына

күннің кешке кіргенін көрді көзім,- деп, ақын осы өлеңді толық нұсқасында осылай аяқтағанын айтуға болады.

- Қандай тамаша сурет! Балалар, Абай аталарың көктемгі сөзбен суреттеген, ал сендер көктемгі сан алуан бояу тілімен суреттей алар ма едіңдер? Әріне, сендер өте тамаша суреттер салатындарына сенемін. Оқушыларға уақыттың мүмкіндігіне қарай сурет салу тапсырылады. Егер уақыт жетпесе, үйге қосымша тапсырма ретінде берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім өзі дайындаған көктем суретін, яғни пейзажды тақтаға іледі де, жетекші сұрақтар қояды.

Ол сұрақтар оқушының сурет мазмұнын ашуына ғана емес, баланың көре білуін, байқағыштығын, басқа біреу байқамағанды байқау мүмкіндігін, өзінше ойлап, пікірін айта алу, ел алдында сөйлеу, басқаны тандау, басқаның пікірімен келісу немесе келіспеу, өз ойын пікірталас кезінде дәлелдеуге де мүмкіндік береді.

Ал мұғалім оқушының қандай ақылға сымайтын пікірі болса да, бас изеу, «А, а... сен солай деп ойлайды екенсің ғой» деген сияқты мақұлдау арқылы оқушының ой-пікірінің ары қарай дамуына жол салады. Егер оқушының пікірі мүлде ақылға сыйымсыз болса, басқа балалардың ойларын тыңдай келе өзі-ақ алдындағы ойынан қайтады немесе біраз уақыт таласуға тура келеді.

Сурет тақтаға ілінген соң, оқушыларға:

- Балалар, суретке жақсылап қарап аламыз, - дейміз (бір минуттай).

Сілтеме арқылы 1-сұрақ қойылады.1. Бұл суретте не болып жатыр?

Оқушылар бір-бірлерін зейін қойып тыңдап, әңгімелейді.

Оқушы жауабына қарай:

2. Олай деп айтатындай не көріп тұрсың?

3. Тағы не көрдіңдер? деген сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеушілердің ойлары ары қарай дами береді. Мысалы, бірнеше оқушы пікірі әртүрлі ойда айтылса, «Сонымен біреулеріңіз үшін бұл ерте көктем болса, біреулеріңіз үшін жаздың басы сияқты екен ғой. Мүмкін, ешкім байқамағанды, біреулеріңіз байқаған шығарсыздар» дегенде, оқушылар суретке мән бере қарау керектігін сезінеді де, әңгімелеу ары қарай жалғасады. Бұл сұрақтар- сурет пен суретші шындығын ашуға талпыныс. Сурет талдау кезінде бірер оқушының сөзін бөліп, «Ой,сен керемет айттың...» деп мадақ сөз айту артық болады, оларға: «Балалар, сендердің белсенді әңгімелеріңе мен өте риза болып тұрмын!»

Пәні.Әдебиет.7-наурыз.

Сабақтың тақырыбы; Көл.Т.Молдағалиеев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңді оқып,талдау арқылы туған жер табиғатын тануға,оның әдемілігін сезінуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: көлдің ерекшелігін,адамдардың оған әсемдәк ретінде қарау себептерінің ашылуына мүмкіндік беру.

Тәрбиелік:оқушылардың табиғатты сүю, оны аялау сезімдерін ояту және қазіргі заманның нарықтық экономикалық қатынастарының табиғатқа байланысын сездіру.

Сабақтың көрнектілігі:ақын портреті, «Балдырған»журналдары(журналдщың бас редакторы ретінде), плакат, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы.

1. Қызығушылығын ояту.

-Балалар, сендер Қазақстанның көлдері туралы өте көп білесіндер деп ойлаймын.

Оқушылар жыл басында оқығандарын еске түсіреді.Олар таба алса, Қазақстан көлдерін картадан да көрсетуіне болады.

-Өте көп айтылатын көл аттарын атап жіберіңдерші.

Тақтаға Алакөл,Балқаш,Зайсан,Марқакөл сияқты көлдердің аттары жазылады.

Балалар осы төрт көлдің атауы бойынша бөлініп отырады.Яғни алакөлдіктер,балқаштықтар,т.б

Тапсырма.Әр топ алдарындағы плакатқа жазғы маусым кезінде демаушыларды өз көлдерінде шақыратын жарнама дайындалады.

«Болмайды!» дегеннен басқаның барлығына рұқсат етілетіндіктен,оқушылар өлең шығара ма,би билеп шыға ма,топпен «автобусқа отырып» бағыттарын ( маршруттарын) көрсете ме, жол картасын сызып,оның тиімді, арзан, пайдалы,жайлы жағын жарнамалай ма, шығармашылық еркіндік беріледі. Бұл жұмыс кезінде балалардың білетіндері топта айтылып жинақталады.Ал білмейтін деректер энцикопледиялық сөздіктер,тағы басқа ақпарат көздері арқылы берілу керек немесе оқушылар өздері ізденіп, оқып келеді.

Әр топ жарнама жасап болғанда, қошамет білдіріп,оқушылар орындарынан тұруы,қол шапалақтау болуы да мүмкін.Тапсырма тосын болғандықтан, оқушылар сіздің не талап етіп тұрғаныңызды түсіне алмай, тосылып, қиналуы да мүмкін. Сондықтан ситуациялық тапсырмаларға осылай үйрету арқылы оқушыларды дәстүрден тыс сабақтарға,жағдайларды тез,сапалы,қызықты шешуге дайын болуға үйретеміз.

Дегенмен мұғалім әр топ шыққан сайын:Бұл топқа осы көл туралы білгелерінің келетін

сұрақтарының жоқ па?деп ескертіп отырады.Егер окушылар сұрақ қоя алмаса,мұғалім сұрақтар қоюы қажет.Олсұрақтар көлдің ерекшеліктерін ашатындай болу керек.Бұл бала танымын кеңейтуге қызмет етеді. Мысалы:

- Сендердің көлдеріңнің суы ащы ма, тұщы ма?

-Онда қандай балықтар бар?

- Осы көл қыста қата ма , жоқ па?

-Сендердің көлдеріңнің мінезі қандай?

-Осы көлге жақын қандай қалалар бар? (Қажетіне қарай картаны іліп,пайдалану).

Сұрақтар төңірегінде көптеген деректер мен білмеген жағдайлар ашылады. Тіпті кейбірін үйде іздеп келу керектігін ескертіледі.Оқушылардың шығармашылық жұмыстары қортындылады. «мені таңқалдырған .... Мені қызықтырған... Бүгін мен жауаптарыңнан мынандай жағдайды байқадым...» деген ерекшеліктер аталып өтілгені дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет