Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту



бет1/4
Дата17.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#14150
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Аяз ата. Б. Үсенбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық:сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту;мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Тәрбиелік: адамгершілілкке, табиғатты аялай білуге баулу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері:түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнектілігі:қыс бейнесінің суреті, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг



ІІ. Жаңа сабақ.

- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

- Жаңа жыл мерекесібар.

- Жаңа жыл мерекесінде балалар кімдерді шақырады?

- Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.

- Аяз ата қайдан келеді?

- Аяз ата суық жақтан бізге базарлығын алып келеді.

Оқулықпен жұмыс.

1) Өлеңді мәнерлеп оқу

2) Мазмұнын ашу.

3) Сөздік жұмысын жүргізу.

4)Жаңылтпашты жатқа айтқызу.

Қар тайғанақтатар,

Тайғанақтамау үшін

Ат тағалатар.

Ақ мақта ақ қардан аппақ па?

Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?



III.Сабақты бекіту.

-Аязата жайлы не айтар едің?

-Мерекенің қызықты өтуіне Аязата қалай қызмет етеді?

-Жаңа жылда қандай әндер орындалады?

Жасыл шырша жанында әні орындалады.

Жаңа жыл туралы сурет салдыру.



IV.Үйге тапсырма беру.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Аязата туралы өлендер жаттап келу.

Әдебиеттік оқу 3 «А» сынып

Сабактың тақырыбы; Не үшін? Қадыр Мырза Әли

Сабақтың мақсаты:Білімдік:ақын өлеңіндегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау;қазақ тілі пәнімен байланыстыру.

Дамытушылық;оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру,

пікірлерін қолдау ниетін байқату,тақырыпты өмірімен байланыстыруға

жағдай туғызу.

Тәрбиелік;жақсы сөздерге мән бере отырып,баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеуге,

әсемдікті түсінуге жетелеу.



Сабақтың көрнекілігі;ақын портреті,Күміс қонырау және тағы басқа шығармалары.

Сабақтың барысы;

Тақтада қажетті деген құралдар ілулі,тарау тақырыбы жазулы.

Жақсы-Ай мен Күндей,әлемге бірдей.

1.Қызығушылығын ояту.

-Балалар,бүгінгі сабақта халқымыздың Жақсы-Ай мен Күндей,әлемге бірдей деген аталы сөзіне көңіл бөлеміз.Жақсы адам,жақсылық туралы тамаша сөздер сендердің алдарыңда жазулы жатыр.

(Әр топқа мақалдар берілген.)

Жақсының жақсылығын айт.

Жақсы-ісімен жақсы.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Жақсыдан-шарапат,жаманнан кесапат(4топқа).

Әр топ алдарындағы мақалды оқып,түсінгендерін талқылап,бір оқушы сынып алдында қорғауға шығады.Әр топтың жұмысы қорғалғаннан кейін,тақтаға ілінеді.Мұғалім қазақ халқы жақсы адамды құрметтегендіктен,жақсыны үлгі тұтқандығын атап өтеді.



2.Мағынаны тану.

-Ал,балалар,ақын ағаларың Қадыр Мырза Әлидің Не үшін? деген өлеңінің жақсы мен жақсылыққа қандай қатысы бар екендігін оқып,танысып көрейік.Оқушыларға өлеңді іштей оқу тапсырылады.

Оқып болған соң,әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ. 1-шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.

2-топ. 2- шумақ бойынша жақсы адам бейнесін жазу.

4-топ. Өлеңдегі <<Не үшін керек?>> деген сұраққа жауал болатын тіркестерді көшіру.



3.Ойтолғау.

Бұл кезеңді былай ұйымдастыруға болады:

- Сонымен, балалар, жақсы адамның бейнесін сомдап шығарамыз. Оның бойынан қандай қасиеттерді көргілерің келеді?( балалардың сөздері тізбеленіп, сурет бойынша жазыла береді).

Мұғалім тақтаға плакат іледі. Онда адам бейнесі салынуы мүмкін (суретке қараңыз).Қызыл түсті маркермен балалардың сөздері жазыла бастайды:

- Осы жақсы қасиеттер сендердің араларыңдағы балаларда бар ма? Немесе жұмыс түрін былай да беруге болады:

- Өзің жақсылық деп ойлаған бір оқиғаны байқап қалған кезің болды ма? Сол жақсы қылықты 3-4-сөйлеммен жазып жеткізуге тырысып көрелік.

Оқушылардың жұмыстарын мұғалім аралап оқып көреді де, бірнешеуін оқытады. Әр жұмыстың жетістігі аталып өтеді.

-Бүгінгі сабақтағы ойлар «Не үшін?» өлеңін оқығандықтан туып жатыр. Мен сендерге өте қуанып тұрғаным, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді, мінездерді көре алады екенсіңдер. Бұл – керемет қасиет! ендеше сендер өздерің үшін қандай қорытынды ой шығарар екенсіңдер? Ол үшін мына сөздер көмектесер деп ойлаймын:



Не істеу керек?

Оқушылар осы сөздерге мағыналас тіркес сөздер іздеп табады.

Жақсыдан ...

Жақсымен ...

Жақсының ...

Жақсыны ...

Жақсыда ...

Бұл келешек өлең жазуға да сұранып тұрған тіркестер екенін байқатуға да болады.

Мұғалім сабақты бағалау жұмысын өзінің қалауымен жүргізеді.

Үй тапсырмасы: - Балалар, сендерге өлең неліктен ұнады? Иә, өлең егер оқуға жеңіл болса, жаттап келіңдер мүмкін, біреулерің жаттап та алған боларсыңдар?




Сабақтың тақырыбы: Аманат.С.Тұрдалиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әңгімені оқытып, мәтін мазмұнын түсіну арқылы оның идеясын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық:оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өз бетімен оқу, жұмыс жасау дағдысының дамуына мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: <<аманат>> ұғымның мәнін түсіндіре отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын дамыту жетелеу.

Сабақтың көрнектілігі және қажетті құралдар:

тақта,бор,маркер,плакат,дәптер.



Сабақтың барысы:

1.Қызығушылығын ояту.

Тақтаға сабақтың тақырыбы, авторы жазылады.

-Балалар,сендер бұрын АМАНАТ деген сөзді естіп көрдіңдерме?

Сөздік үшін:Біреуге немесе сенімді қолға ең қымбат, аяулы затын, қасиет тұтқан нәрсесін тапсыруды аманат дейді (тақтада).

-Мысалы,әнші шәкіртіне нені аманат етуі мүмкін?

-Ата баласына нені аманат ету мүмкін? Оқушылардың пікірлеріне тыңдап қорытындылау.

Алдына ала мәтіннің мазмұны туралы болжауларын айтады.

-Мәтінде не турулы айтылатынын білгілерің келеме?

-Оқушылар топтпрға немесе қатарларына қарай бөлініп,мәтәндә іштей оөуға кіріседі.

1-қатар.Басынан баста<Әне!- деді томпақ Қуаныш...>деген жерге дейін оқиды.

2-қатар.<-ал енді –деген Сабырға...>дегеннен<әкем мен шешем түскі шайды алдарына алғары жатыр екен>деген сөйлемге оұыды да мазмұнын әңгімелеуге дайындалады.Оқшылар түсініксіз сөздерді теріп, түртіп алып, жазып отырады.

Ескерту. Мәтінді бөлу, үзіп оұыту қалай болса, солай емес, ондағы ой мен оқиға желісінің басы, аяығына мән беру арқылы алдын ала дайындалады,жоспарланады. Себебі бала әңгімені басынан емес, ортасынан оқуына да тура келеді. Ол әңгімені басында не айтылатынын басқа топтағы осы бөлімді оқыған оқушылардың айтуы бойынша , оларды тыңдау арқылығана біледі де,өзі ары қарай жалғастырады. Сондықтан әңгіме үзіндісі бала үшін түсінікті болуы шарт. Бұлай оқып , мәтінді түсіну оқушыға өз бетімен оқу, өзгені тыңдау сияқты жауапкершілікті жүктейді. Сонымен бірге бала өзі оқыған бөлігінен кейін де әлі талай жұмыс жасау керектігін сезінеді. Бұл пікірге көзқарасыңыз оңды болар деп сенеміз.

Әр топтан өздері оқыған бөлімнің мазмұнын әңгімелеушілер шығады, оларға сұрақтар қойылуы мүмкін.

1-қатарға:

- Бұл қандай мезгіл еді? Кеме қандай суларда жүзе алады? Ендеше бұл қандай су болуы мүмкін?

2- қатарға:

- Баржа деген не? Жазушы кеменің жүрісін қалай суреттеген? Сендер кемеге отырып көргендерің бар ма? Кеме ненің қуатымен жүреді? Кеменің қандай түрлерін білесіңдер?

3-қатарға:

-Балалар не істеді?

Балалардың тез, өнімді жұмысы қысқаша атап өтіледі.

- Дегенмен, әңгіме аяқтала қойған жоқ. Сендер сияқты олар да рақат демалыста жүр екен. Балалар үйге келгенне кейін, үлкен мәселе туындайды. Бұл не болуы мүмкін? Кәне, болжап айтып көрейікші.

-Балалар, енді ары қарай не болғанын білу үшін не істейміз?

Оқушылар мәтінді аяғына дейін оқып бітіреді де, түсінгендерін білдірсе, « Мен сендердің көздердіңнен көріп тұрмын, өте тамаша түсіндіңдер» деп сеніміңізді білдіресіз.

- Ауылда қандай той болған екен?

-Мұндай да той болатынын бұрын естіп пе едіңдер?

- Бұл бәріміз үшін жақсы жаңалық емес пе?

- Той иесі кім?

- Сонымен әңгіменің « Аманат» аталу себебін кім түсіндіріп берер екен?

-Дәлмырза қарттың өсиет-аманатын кім оқып береді?

3.Ойтолғау.

-Жақсы адамның жақсылығын көрген, онв есіне түсіріп әңгімелеп отырған бала қандай бала?

Ескерту. Осы сұрақты әңгіме, пікірталас ретінде алуға болады. Оқулық сұрақтары мен мақал-мәтелдері бойынша да тиімді жұмыстар жүргізу мұғалімнің жоспакрлауына, уақытты тиімді және үнемді пайдалануына байланысты. Әңгіме мазмұны бойынша кеменің, Дәлмырзаның талдарының суретін салу әңгімеге жоспар жазу сияқты жұмыстар да уақыт пен мүмкіндік үлесінде.

Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық:оқушыға өздік жұмыс жасату арқылы оның оқулықпен жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, проблемалық мәселелерді шешудегі іскерлігін арттыруға жағдай туғызу.

Тәрбиелік:отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейіррімділікке, қамқорлыққа, ұлттық дәстүрімізге бала көзқарнасын қалыпьтастыруға, сана-сезімді биіктеуге ұмтылу әректтері.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар:батырдың портреті,альбом,тақта,бор,маркер,плакат,жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарынан ұйымдастырылған көрме,топтау сызбасы.



Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру мұғалімнің өз шешімі бойынша жоспарланбақ.Дегенмен ол жұмысты жаңа сабақпен қиыстырып,шебер байланыстырса,ұтымды болған болар еді.



1.Қызуғышылығын ояту:

а)......Иә,балалар жақсы адамдар жанымызда жүргенде оның жақсылығы айтылмай,ол мүлде байқалмай да қалуы мүмкін.Мысалы батырларды мақтан етеміз.Сендер қандай батырларды білесіңдер?

ә)Ал біз бүгін Кеңес Одағының батыры,жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқимыз.Плакатқа немесе интерактивті тақтаға кесте сызылып жазылады.

Сыныпқа жалпы сұрақ қойылады.

-Батыр туралы не білеміз?

Кестенің бірінші бөлігі оқушылардың айтуы бойынша толтырылады.

-Бауыржан ата туралы тағы не білгілерің келеді?Осы сұрақ кезінде оқушылар балалық кезін білгіміз келеді деуі әбден мүмкін.

2.Мағынаны тану.

-Ендеше біз бүгін батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелігін оқимыз.

Ескерту:Батыр туралы тағы білгісі келгендерін өздері тауып оқу керектігін айту қажет.Бұл жерде мұғалімге кітап көрмесі қызмет етеді.

Топқа бөлініп оқу өте тиімді,себебі кейбір бала мәтіннің аз бөлігін меңгеру оңай екенін сезініп отырады.Себебі оқушылар өздік жұмыс жасау қабілетіне қарай топталып бөлінбейді де,кейбір баланың үлгеріміндегі ерекшелігін ескеріп,оларға салмақ түсірмеу жағы да қарастырылу керек.Оқушылар бір-бірін тыңдауға дағдыланады да,ойша өзінің оқығанымен байланыстырады,түсінгенін жеткізіп әңгімелеуге тырысады.Кейбір сабақта мәтіннің белгілі бір бөлігі талданбай қалуы да мүмкін.Ол оқиғаның шарықтау шегі немесе ары қарай не болатынын баланы қызықтыратын,оқымай қою мүмкін емес жағдайға дейін әкелу керек те,егер уақыт жетпесе,үйге тапсырма ретінде ұсыныңыз.Ендеше,сіз осы мәтінді баалаларға қалай бөліп,оқуға ұсынар едіңіз?

Әр топ өздері оқыған әңгіме бөліміне ат қояды.Мұғалім тақтаға жазып тұрады.Әңгіме бойынша жоспар пайда болады.

-Сонымен бала Бауыржан кішкентай кезінде қандай болды?Дәптерге оқушылар оқығандары бойынша топтау ссызбасын жүргізеді.

Тақтада плакат ортасына Бауыржан сөзі жазылады да.оқушылардың жұмысы жинақталады.Әңгімелегі бала Бауыржанның бейнесі шығады.Әңгімені талдау кезінде жеті атаны білу,үлкенді сыйлау,сөз тыңдау,ата дәстүрін құрметтеу,жыл қайыру сияқты ғұрыптарға мән беру қажет.

3.Ойтолғау.

Оқушылардың өздері де іштерінен «Мен жеті атамды білемін бе?» деген сауалға тап болады.Ал Отанын сүйген адам Қ.Мырза Әли жазғандай қандай болушы еді?Ендеше ата-баба өсиеттері мен мақал-мәтелдеріне кезек беріп,оқулық бойынша жұмыс жасау ары қарай жалғасады.

Сабақтағы барлық жұмыстар аяқталысымен кестенің соңғы бөлігі-«Не үйрендім?» бөлігі толтырылады.Ол оқушылардың өздерінің айтуымен жазылады.Яғни балалар бүгінгі сабақта өздері үшін не жаңалық ашылғанын анықтайды.Батфрдың өз Отанын жақсы көру сезімдерінен шыққан мақал-мәтелдері де бар екені айтылса,батырдың бойындағы қасиеттері ашыла түсер еді...

Сіз не байқадыңыз? Сабақтың 1-кезеңінде пайдаланған сызба,кестелерге сабақ соңында қайта айналып келу сабақ мазмұнын,идеясын ашуға.жүйелі жұмыс нәтижесін шығаруғы мүмкіндік береді.



Әдебиеттік оқу 3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала.А.Жақсыбаев

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: шығарма мазмұнымен танысуға,оқу-білімнің қажеттігін түсінуге,пікірталас тудыруға,бала бейнесін сомдауға мүмкіндік беру

Дамытушылық: мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға және белгісіз жағдайларды шешуге жағдай жасау

Тәрбиелік:рухани байлықтың маңызын,қажеттілігін сезінуге түрткі болу;оқуға;байқағыштыққа,білуге,құштарлыққа тәрбиелеу ; кітапқұмарлық қасиеттер жайлы балаларды ойландыру.

Сабақтың көрнекіліктері және қажетті құралдар: оқулық,батырлар жырының бір нұсқасы,плакат,Қазақстан картасы және тез оқу деректері

Сабақтың барысы:

1 Қызығушылығын ояту

а)Сабақта баланың қызуғышылығын арттыру үшін мұғалім тақтаға қалам,кітап,майшам суреттері салынған плакатты іледі,осы суреттегі заттарды пайдаланып, қысқа ғана үш минуттық оқиға құрастыру керектігін тапсырады. Жазу жұмысы бітісімен, оқушылардың бірнешеуі өздері құрастырған оқиғаларын оқиды.

ә) қызығушылығын ояту мақсатында ең жақсы, тез оқитын екі оқушының оқу техникасына сынақ жүргізіп, оларды мақтан етіп, тез оқудың сырын білу үшін, сұхбат алуғада болар еді

2.Мағынаны тану.

Енді оқушыларға «оқымысты бала » мәтінін «кешке жақын үй сыртында..............» деген жерге дейін оқып, мазмұнын түсіну және мәтінде кездескен жер- су аттарын түртіп жазып отыру тапсырылады. Оқу аяқталғанда:

- Балалар, сендер жазған оқиға мен мәтіндегі оқиға арасында ұқсастық бар ма? (Салыстыру). Оқушылардың мәтінді түсінгенін сұрақтар арқылы анықтау.

Ескерту. Мәтін бойынша сұрақтар қою – ойлануды, алдын ала дайындықты қажет ететін мақсатты жұмыс. Төмендегі сұрақтар қандай мақсатпен қойылғанын ойланарсыз.

- Әлкейдің кітаптары неге аз?

- Адам 4 – 5 жасынан да кітап оқып кететіне сенесіңдер ме?

Сендер неше жастарыңда әріп тани бастадыңдар?

- Батырлық дастанның көлеміне қарап, не айтар едіңдер?

(Көрмедегі дастандарды пайдалану).

- Әлкей мен балалардың қуаныштары неге әртүрлі?

- Әңгімені оқығанда сен неге таңдандың? (Бұл сұрақтардың барлығы бала Әлкейдің бейнесін шығаруға қызмет ету керек).

Әңгімені ары қарай оқу. Оқушыларға түсініксіз сөздер мен жер-су аттарын теріп жазып отыру тапсырылады. Мәтін оқылып болған соң, мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.


Мысалы: Әдебиеттік оқу 3 «А» сынып



Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала.А.Жақсыбаев

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: шығарма мазмұнымен танысуға,оқу-білімнің қажеттігін түсінуге,пікірталас тудыруға,бала бейнесін сомдауға мүмкіндік беру

Дамытушылық: мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға және белгісіз жағдайларды шешуге жағдай жасау

Тәрбиелік:рухани байлықтың маңызын,қажеттілігін сезінуге түрткі болу;оқуға;байқағыштыққа,білуге,құштарлыққа тәрбиелеу ; кітапқұмарлық қасиеттер жайлы балаларды ойландыру.

Сабақтың көрнекіліктері және қажетті құралдар: оқулық,батырлар жырының бір нұсқасы,плакат,Қазақстан картасы және тез оқу деректері

Сабақтың барысы:

1 Қызығушылығын ояту

а)Сабақта баланың қызуғышылығын арттыру үшін мұғалім тақтаға қалам,кітап,майшам суреттері салынған плакатты іледі,осы суреттегі заттарды пайдаланып, қысқа ғана үш минуттық оқиға құрастыру керектігін тапсырады. Жазу жұмысы бітісімен, оқушылардың бірнешеуі өздері құрастырған оқиғаларын оқиды.

ә) қызығушылығын ояту мақсатында ең жақсы, тез оқитын екі оқушының оқу техникасына сынақ жүргізіп, оларды мақтан етіп, тез оқудың сырын білу үшін, сұхбат алуғада болар еді

2.Мағынаны тану.

Енді оқушыларға «оқымысты бала » мәтінін «кешке жақын үй сыртында..............» деген жерге дейін оқып, мазмұнын түсіну және мәтінде кездескен жер- су аттарын түртіп жазып отыру тапсырылады. Оқу аяқталғанда:

- Балалар, сендер жазған оқиға мен мәтіндегі оқиға арасында ұқсастық бар ма? (Салыстыру). Оқушылардың мәтінді түсінгенін сұрақтар арқылы анықтау.

Ескерту. Мәтін бойынша сұрақтар қою – ойлануды, алдын ала дайындықты қажет ететін мақсатты жұмыс. Төмендегі сұрақтар қандай мақсатпен қойылғанын ойланарсыз.

- Әлкейдің кітаптары неге аз?

- Адам 4 – 5 жасынан да кітап оқып кететіне сенесіңдер ме?

Сендер неше жастарыңда әріп тани бастадыңдар?

- Батырлық дастанның көлеміне қарап, не айтар едіңдер?

(Көрмедегі дастандарды пайдалану).

- Әлкей мен балалардың қуаныштары неге әртүрлі?

- Әңгімені оқығанда сен неге таңдандың? (Бұл сұрақтардың барлығы бала Әлкейдің бейнесін шығаруға қызмет ету керек).

Әңгімені ары қарай оқу. Оқушыларға түсініксіз сөздер мен жер-су аттарын теріп жазып отыру тапсырылады. Мәтін оқылып болған соң, мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Мысалы:

- Әлкей сияқты сен тез жаттай аласын ба?



- Сен Абай ақынның неше өлеңін айта аласын?..

-Балалар, Әлкейдің бойындығы өздерің байқаған жақсы қасиеттерді жазып көріңдер.

- Әңгімеде қандай жер-су аттары кездесті? Бұл – Қазақстанның қай облысы деп ойлайсыңдар? Картамен жұмыс. Нәтижессінде, балалар өздеріне белгісіз болған бір мәселе - Әлкейдің туған жерін іздеп табады.

3.Ойтолғау

. Сабақтағы барлық жұмыстар аяқталысымен кестенің соңғы бөлігі-«Не үйрендім?» бөлігі толтырылады.

4. Үйге тапсырма

- Әлкей сияқты сен тез жаттай аласын ба?

- Сен Абай ақынның неше өлеңін айта аласын?..

-Балалар, Әлкейдің бойындығы өздерің байқаған жақсы қасиеттерді жазып көріңдер.

- Әңгімеде қандай жер-су аттары кездесті? Бұл – Қазақстанның қай облысы деп ойлайсыңдар? Картамен жұмыс. Нәтижессінде, балалар өздеріне белгісіз болған бір мәселе - Әлкейдің туған жерін іздеп табады.

3.Ойтолғау

. Сабақтағы барлық жұмыстар аяқталысымен кестенің соңғы бөлігі-«Не үйрендім?» бөлігі толтырылады.

4. Үйге тапсырма


Сабақтың тақырыбы: Hағыз адам.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: аңыздың мәнін түсіндіру, идеясын ашуға деген талпынысқа жетектеу .

Дамытушылық: адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ашып көрсету арқылы қарама-қарсы ұғымдар туралы шындықты түсінуге мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: балаларды адамгершілік пен қаталдықты ажыратуғаб достық деген ұғымды қастерлеуге тәрбиелеу; тақырыпты өмірмен байланыстыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сабақтын көнкілігі және қажетті құралдар:

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылық ояту.

Ескерту. Оқушылар мүмкіндік болса, топпен отыраса.

Балалар орынан тұрады,әр оқушыдан жанындағы сыныптасына бұрылып,бір-біріне ұйқасқа құрылған марапат сөз айту сұралады.Мысалы:Ақылды Айжан,тыңғылықты Төлеген,...

Балалар,сендердің бір-бірлеріңе жасаған құрметтеріңе қарап,мен өте риза болып тұрмын.Нағыз достар мен жолдастар осындай-ақ болар!Сендер өз достарыңды қандай тыпқырлықпен дәріптедіңдер!

2.Уй тапсырмасын сұрау.

Ендеше біз бүгін «Екі дос» деген аңыз әңгімелер оқимыз.

Егер мүмкіндік болса,мәтін компьютерге теріліп,мынандай бөліктермен жеке-жеке бөлініп жазылады да,балалардың алдына қойылады.

1-бөлік.Басынан бастап,«Қолға түскен қазақ азаматтарын айдап әкетіпті» деген сөйлкм қоса алынады.

2-бөлік.«Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі» деген сөйлемнен бастап,«...Досымды босатсаңдар,ең қымбат өмірімді қияр едім,-дейді» деген сөйлемге дейін.

3-бөлік.«Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болды...» деген сөйлемнен бастап,соңына дейін.

Оқушылар осы бөліктерді оқып,өздері әңгіменің бас-аяғын ретімен орналастырып,оқуға дайындайды.Неге бұлай орналастырғандарын түсіндіреді,дәлелдейді.Ескерту.Бұл стратегияны пайдалану әдісін Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім» тықырыбын оқуда пайдаланғаныңызды есіңізге түсіріңіз.

-Ал,балалар,қалай ойлайсыңдар,қолбасы досы үшін өзін өлімге қиған батырға қандай жаза қолданады?Әлде басқаша болар ма екен?

Оқушылардың болжамдары тыңдалады.Тіпті,бұл жерде аңызды бұрын оқып алған бала болса да,ол қолбасының қандай болғанын қалайтынын,досты өлімге қиғысы келмейтінін бала жауабын байқайсыз.

-Оқиғаның осылай аяқталуы саған ұнады ма?Оның осылай аяқталуына қарап,сендер жаудың қолбасшысын қандай адам деп ойлайсыңдар?Сендер қолбасшыға қандай хат жазар едіңдер?

Қысқаша хат жаздыру.Бұл жұмыс қорытыланғанда,қатыгездік әшкереленіп,бала жүрегінің мейіріміне,әділдігіне сүйсінетін болармыз.

-Енді біз оқиға қалай аяқталғанын білу үшін аңызды не істейміз?

Тұтқындағы достың аман-есен құтылуын тілеп, оқуға кірісеміз. әңгіме мазмұны ары қарай талданады.

- Балалар, тұтқын адамды құтқару үшін, ешқандай қиындықтан қорықпастан, досы жаудың қолына өзі келді. Күнделікті өмірде сендердің бастарыңда қиындық болып қалса, не істеу керегін алдымен ойлану керек пе, жоқ ешқандай ойланбай әрекет ету керек пе? Бұл- өте қиын сұрақ.

Мәтін тұтас шыққан соң, балалар мәтінде кездескен қиын сөздер болса, тиісті жұмыстар жасалады.

Ескерту. Қол , қолға түсу, қолбасы, иығына қолын артып деген сөздердің мағынасымен жұмыс жасау. Қызық тапсырма болайын деп сұранып тұрғаны анық.

-Балалар, аңызды жазған адамның аты-жөні көрсетілген бе?

Сұрақ бойынша аңыз туралы түсінік жұмысы жүргізіледі.

III. Жаңа сабақ.

Нағыз адам » деген сұрақ-тапсырма бұрынғы сыныптардан оқыған әңгімелерін еске түсіру үшін берілген («Жаман жолдас»). Дос және достық туралы мақал-мәтелдермен танысу. Сынып оқушылардың мүмкіндігіне қарай эссе, бес жолды өлең жазу, тағы басқа шығармашылықтапсырма беріледі. Оқушы білімін бағалау мұғалімнің жеке тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты жүргізілмек. Үй тапсырмасы да ойлануды қажет етеді. Егер мәтін мазмұны толық талданса, үй тапсырмасы үшін тақырып төңірігінде шығармашылық жұмыс жасау тиімді болар.Нағыз адам туралы мағұлмат беру арқылы тусіндіру,мазмұндап рольге бөліп оқыту.



IV.Қорытындылау.

1.Құдыққа бірінші келген адам неліктен су ішпей кетті?

2.Құдыққа екінші келген адам туралы не айтар едің?

3.Құдыққа келген үшінші адамды екінші адаммен салыстыр.

Қуаң дала -шөл ,шөлейтті,ылғал тапшы дала.

Мақал -мәтел

Сыйлассаң,сыйымды боларсың.

V.Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу мазмұндау.45-47бет.

Сабақтың тақырыбы: Бұғышақ пен оның серігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегіні оқып, мазмұнын түсінуге,өмірмен байланыстыра отырып, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: сөздің мән-мағынасын ажыратуға жаттықтыру.

Тәрбиелік: шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік қасиеттері мен дағдыларының дамыуна мүмкіндік жасау,ерік беру.

Сабақтың көрнекілігі: топтау сызбасы, бұғы суреті.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушылар топпен отырады.

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында, әр топқа тапсырма беру.

- Балалар, мысылы, сендер үйден шығарда, бір жаққа кетерде ата-аналарың қандай ескертулер айтады? ( Оқушылардың жазған сөздерін тыңдау. Сіз күтпеген сөздер болатынына дайын болуыңыз керек екендігі анық).

- Бұл сөздер күнде айтылы ма?

- Ал күнде айтқан сайын, сендер қандай жауап қайтарасыңдар? (Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау). Сендер көшеге, бір жерге жолдас, серіктеріңмен шығасыңдар.Ата-анаң да, сен де жолдасыңнын жақсы болғанын қалайсындар.



3. Мағынаны тану.

- Бүгін біз осы жағдай сияқты «Бұғышақ пен оның серігі» атты ертегіні оқимыз. Қазақ халқы жаңына ерген адамды серік, жолдас, сапарлас деп атайды. Ол адам дос болмауы да мүмкін. Себебі адамдар қызмет, оқу, жұмыс бабымен біргежүруге тура келеді. сендердің де жл\олдастарың өте көп, ал досың біреу ғана болуы мүмкін.

Ертегіні оқыту. Оқып болған соң,оқулықтың тапсырмалар бөлігінен екінші, үшінші сұрақпен жұмыс жасау.Бұл жерде оқушылардың өз өмірлерімен де байланыстырып, ата-ана қамқорлығын сезіндіру.

- Бұғышақтың қандай сөздері әкенің қамқорлығын білдіреді? (Мәтіннен іздеп табу)

ата-ана баласының жолдастары жақсы болғанын қалайды.

-Ертегідегі Бұғышақтың әкесі оның жаныдағы серігін төрт рет сипаттайды. Осы сипаттаулардан Бұғышақтың жолдасының ең жақсы қасиеттерін іздеп, түртіп алып, жазып отыру керек. Оны топтасу сызбасына дәптерлеріңе түсіресіңдер. Әр топтан бір оұушы шығып сипаттау бойынша түсіндіреді. Тақтадағы плакатқа: 1. мықты; 2.айлакер; 3. ақылды, сақ; 4. мейірімді деген сөздер жазылады.

-Балалар, кестедегі Бұғышақтың жолдасының қасиеттеріне қараңдаршы. Сендерге қайсысы ұнайды? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау).

1.мықты 2.айлакер, ержүрек

3.ақылды 4.мейірімді
Енді сызба бойынша жұмыс жүргізіледі.

-Бірақ, балалар, Бұғышақ серігін қанша мақтаса да, әкесі оның жолдасының бір қасиетін естігенше ғана (..Енді. балам, сені алаңдамай күтетін боламын», + деді. Бұл қандай қасиет? Мәтіннен тауып оқыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет