Мектепті дамытудың бағдарламасына ТҮсінік хат



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі473,5 Kb.
#82721
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МДЖ Тасмола
МДЖ Тасмола, Программа 25.11.2022 оконч (2) (копия)


Мектепті дамытудың бағдарламасына
ТҮСІНІК ХАТ

Мектепті дамыту бағдарламасы (әрі қарай-Бағдарлама) - білім беру ісіндегі мектептің өзіне тән мазмұнын және оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылу ерекшеліктерін сипаттайтын нормативтік басқару құжаты. Бағдарламаны өзгерістер бағдарламасы деуге болады, яғни ол білім беру мекемесінің қиындықтан сәтті шығуын және мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның өзгеріп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет.


Бағдарламаның негізгі міндеті – мектеп ұжымын оны дамытудың мақсатына жаппай жұмылдыру және үйлестіру. Бағдарламаны жасаудың маңызды бір міндеті осы білім беру мекемесі үшін 3-5 жыл бойы мәнді болып табылатын тақырып таңдау .
Бағдарлама мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • Мектептің бүгінгі жетістіктері қандай, оның әлсіз және күшті жақтары қайсы,ондағы проблемалардың мәні неде?

  • Мектеп пен оның бітірушілерін 3-4 жылдан кейін қандай күйде көруді қалаймыз?

  • Мектептің бүгінгі жағдайынан өзіміз қалайтын болашақтағы күйіне сәтті өтуі үшін не істеу керек және қалай істеген дұрыс?

Яғни стратегиялық менеджмент тұрғысынан алғанда :

  • Қазір мектеп қай деңгейде?

  • Болашақта қай деңгейде болуға тиіс?

  • «Мектеп қазіргі күйінен болашақтағы күйіне өтуі үшін не істеу қажет?» деген сұраққа жауап беріледі.

Бағдарламаны жалпымектептік жұмыс жоспарының ерекше бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы мектеп жоспарының басқа да түрлері сияқты, даму жоспары міндетті түрде талдау негіздемесінен, мақсаттар мен міндеттер қоюдан, мақсатқа жету үшін сәйкес құралдарды таңдаудан, маңызды әрекеттер мен шараларды жоспарлаудан, олардың орындалу мерзімдерін белгілеу мен мәселелерді шешудің кезең-кезеңдерін анықтаудан, жауаптыларды белгілеуден және бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелерден, т.б. тұрады.
Ұсынылып отырған Мектепті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналаған бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Бағдарламада жылдар бойынша кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат қойылған, атқарылатын мерзімді жұмыстар жүйеленген, кадрлар мен оқушыларға арналаған кезеңді іс-әрекеттер, оқу – тәрбие процесіндегі нақты мінде ттер, жергілікті бюджет бойынша бөлінген қаржы, мұғалімдердің сапалық құрамы, күтілетін нәтижелер енгізілген.
Осы бағдарламаны орындаудың әрбір кезеңіне, яғни 2017-2018 оқу жылы, 2018-2019 оқу жылы, 2019-2020 оқу жылдарына арналған қысқа мерзімді жоспар жасақталады. Әрбір кезең SWOT-талдама арқылы қорытындыланып отырады.
Жоғарыда атап өтілген талаптардың орындалуы – бағдарламаның жүзеге асырылуын тиімді басқарудың қажетті шарты болып табылады.
Жасалған мектепті дамыту бағдарламасы педагогикалық ұжымда талқыланып, мұғалімдердің ұсынбалары бойынша түзетіліп, алқалы орган - педагогикалық кеңесте оған мүмкіндігінше оқушылардың өзін-өзі басқару органы, қамқоршылық кеңес, т.б. өкілдері шақырылып, бекітілуі тиіс.
Мектепті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің бірлескен талдауы бойынша әзірленді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет