Сабақтың мақсаты: Білімділігі : Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру



Дата26.06.2018
өлшемі39,5 Kb.
#44329
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тоқтар - тұңғыш ғарышкер.( Е Өтетілеуов)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.

Тәрбиелілігі: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу.

Көрнекіліктер: Суреттер, флипчарт т. б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық жұмыс, т. б.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды жұлдызшалар тарату арқылы 3 топқа бөлу:

1 - топ «Ай»

2 - топ «Күн»

3 - топ «Жұлдыз»

«Қызығушылығын ояту»

Жұмбақ

Күміс қанат сұнқары



Көкке еркін сүнгиді

Бұлттан да тым әрі ,

Кеткен жанды кім дейді ? (ғарышкер)

- балалар ғарышкер дегеніміз кім?

- кім айтады ,12 сәуір қандай мереке ?

- балалар қалай ойлайсындар ғарышқа кез-келген адам ұша ала ма? (батырлық, жігер ,төзімділік,еңбеккорлық,табандылық, ....және т.б.)

2 . Кластер Ғарыш сөзіне (Әр топқа плакат тарату )

Оқушылар болған соң оқып береді .

Слайд Ғарыш ,ғарышкерлер туралы туралы

Жердің жан-жағын қоршап тұрған шексіз кеңістік ғарыш деп аталады .

Кашаннан бері адамдар аспанға қарап ,жұлдыздарға жетуді армандаған екен .

Грек аңызы бойынша алғаш рет адам қанат жасап ,күнге ұшып бармақшы болған екен ,бірақ күнге жете алмай жанып кеткен екен .Өйткені күн ол қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз.Күн жарық пен жылудың негізгі көзі .

Адамдар алдымен ғарышқа жануарларды ұшырған .

Бейнефильм ғарышкерлер мен Байқоңыр ғарыш айлағы туралы

ІІІ. Жаңа сабақ

- Бүгінгі сабағымызда Е. Өтетілеуовтың «Тоқтар - тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз.

Өтетілеуұлы Ермек — 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады.

Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды

Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. Білімі жоғары. техника ғылымдарының докторы, профессор. 1965 - 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштардың жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.

Оқулықпен жұмыс

1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып беру .

2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы

3. Бір шумақтан әр топқа бөліп беріп , мағынасын ашу тапсырылады .

(Жақсы жауап берген топқа жұлдызша беру)

Сергіту сәті

Құстар ұшып барады

Көкте қанат қағады

Барлық құстар қосылып

Шик-шик деп ән салады

Сөздік жұмыс

Құрық - асау жылқыны ұстау үшін пайдаланатын, ұшында ілмегі бар ұзын сырық.

Бұғалық - асау атты ұстауға арналған мықты қыл арқан.

Тұңғыш - ең алғашқы, бірінші.



Венн диаграммасы

Ғарышқа ұшу мен ұшаққа отырып ұшудың айырмашылығы:

Сұхбат сұрақ жазу

1 топ


Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ағамызға қандай сұрақ қояр едіңіздер?

- Оқушы сұрақтарын оқу.

2 топ

Шығармашылық жұмыс



Оқушылар өз ғарыш кемелерінің суретін салып, оған ат қояды.

Жұмыстарын қорғайды.

3 топ

Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығару.(1шумақ)



«Ия жоқ» ойыны

Әр топқа кезекпен кезек

Cұрақтары:

1.Ғарышқа алғаш ұшқан Ю.Гагарин (ия )

2.Скафандар ол қазақтың ұлттық киімі (жоқ)

3.Алғаш ғарышқа ұшқан Лайка атты ит(ия)

4.Гагарин ұшқан ғарыш кемесі «Восток»(ия)

5.12 планета бар (жоқ)

6.Байқоңыр ғарыш айлағы(ия)

7.Жерден басқа планеталарда тіршілік бар (жоқ)

8.Адамдар ғарышқа саяхаттау үшін барады(жоқ)

9.Ғарышқа кез- келген адам ұша алмайды (ия)

Дұрыс жауаптарға жұлдызшалар беріледі

Сабақтың соңында жұлдызшаларды санап ,жеңген топты анықтау .

Ғарышқа кез келген адам ұша алмайды .Мықтылардың мықтысы ғана ұшады.Сондықтанда жеңген топтың экипажы кәзір ғарышқа аттанады .

8. Үйге тапсырма беру:

Өздеріңе ұнаған өлең шумағын жаттау.

Бағалау парағымен оқушы жұмысын бағалау және топқа баға беру.



Ү. Бағалау.
Бастауыш сынып мұғалімі Баядилова Мирамкул Айсиновна
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет