Сабақтың мақсаты: Білімділігі : оқушыларға"С" дыбысы мен әрпін таныстыру. "С" дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. "



Дата06.07.2018
өлшемі30 Kb.
#47330
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:

С с дыбысы мен әріпі


Сабақтың мақсаты:
Білімділігі
:

оқушыларға"С" дыбысы мен әрпін таныстыру.


"С" дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 
"С" дыбысына байланысты сөздер ойлауға дағдыландыру. "С" әрпінің баспа түрін жазып үйрету.
Дамытушылығы:

Оқушылардың ойлау қабілетін мен шығармашылығын дамыту. Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға дағдыландыру. 


Тәрбиелігі:

адамгершілікке тәрбиелеу, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. 


Сабақтың түрі:

аралас сабақ


Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топтастыру.
Көрнекілігі:

С әрпі, Сиқырлы сандар, сағаттың суреті,буындар, кеспе әріптер, 


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
Армысың, сұлу күн!
Армысың, ашық аспан!
Қайырлы күн, баршаға!
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? (Б б)
- "Б " дыбысы қандай дыбыс?
- "Б " дыбысына сөз ойлау.
- Сөздің қай жерінде кездеседі?
Екі оқушыға ба, бо деген буындардан сөз құрату.
ІІІ Жаңа сабақ.
а ) Ойын «Сиқырлы сандар».
-Балалар, қазір біз сиқырлы сандар ойынын ойнаймыз.Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ, бұл сандардың не жасырып тұрғанын білеміз. Мен сендерге сұрақ қоямын, әр сұраққа жауап алынса, сандар алынып астынан сурет шығады.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп дегеніміз не?
- Сауат ашу сабағынан өткен әріптеріңді атап шығыңдар?
/ сағаттың суретін құрастырады /.
- Балалар сағат сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (С с)
- "С " дыбысын хормен қайталату.
- "С " дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.
ә) Топтастыру әдісі
- Мен С әрпін жазамын, сендер С дыбысы бар сөздер тауып айтасыңдар.

сағат садақ

С

сабақ сан


сәбіз
б ) Артық сөз
1) сан, нан, сары, сағат
2) Аса, сәбіз, ата, сиыр
в) Сиқырлы буындар
Суреттерді көрсете отырып буынға бөлгізу
Са-ғат, са-бақ, ма-са т.б 
ІV. Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға, солға иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
V.Оқулықпен жұмыс. С әрпіне байланысты са,со,су буындарын, бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.
VІ. Дәптермен жұмыс
1. "С" әрпін жазу.
Ауада жазу, тақтаға жазып көрсету . Арнайы дәптерге "С" әрпінің үлкен және кіші әрпін жаздыру.
Ойын. « Кім зейінді?» 
-Балалар, мен сендерге өлең оқимын. Зейін қойып тыңдап отырыңдар.
Сара сауды сиырды,
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қырда,
Сан шаруаны тындырды.
Осы өлеңнен С дыбысынан басталатын сөздерді атату.
VІІ. Сабақты қорыту.
- Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
-С дыбысы қандай дыбыс?
- С дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Сабаққа қатысып, белсенділік көрсеттің тамаша.

Новоишимка ауылы

№ 32 орта мектебі
Дефектолог – логопед сабағы

« С » әрпін машықтау



оқушымен жеке жұмыс

Дефектолог- логопед: Тургалиева А.А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет