Айырқалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі .Ол жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі. Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады.
Құлақшын- ерлердің бас киімі. ("Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б.") аң терілері мен бұзау, қозы- лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірнеше сайдан тұратын үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп, керіп қояды.