Сабақтың тақырыбы:Темекі және оның ағзаға зияны Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Темекі тарихы, оның қалай алынатыны және адам ағзасына тигізетін зиянын статистикалық мәліметтерді көрсете отырып түсіндіру. Тәрбиелік мәні: Оқушыларға темекі және оның ағзаға зияны жайлы мағлұмат бере отырып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға, ұқыптылыққа және адамгершілікке, денсаулығын күте білуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушыларға темекі және оның ағзаға зияны жайлы түсіндіре отырып, оларда темекіге деген негативті көзқарас қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру
Сабақтың типі:жаңа сабақ Сабақтың түрі:аралас сабақ (сәйкестендіру тесті, «Гандбол» ойыны, топтастыру кестесі ) Сабақтың әдісі: топтастыру кестесі арқылы темекі зиянын түсіндіру Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, компьютер Пәнаралық байланыс:биология, география, тарих.
Христофор Колумб темекіні ең бірінші кубалық қоныстарда кездестіреді. 1492 жылы, 15 қарашада Х.Колумб өзінің күнделігінде “түтіндеп жатқан шоқтар” туралы және олардың адамға қандай пайда әкелетінін түсіне алмағаны туралы жазады. Оны аборигендердің бір түрлі әрекеттері таңдандырады. Олар белгісіз өсімдіктердің сарғыштау жапырақтарын түтікке орап, бір жағын отпен жағып, ал екінші жағын ауыздарына салған. “Аборигендерге түтінді жұту ұнайтын. Түтіктерді үнділіктер “табако” немесе “сигаро” деп атайтын” деп жазды ол өз күнделігінде. Үнділіктер темекі өсімдігін “кохобо” деп атаған. Жергілікті халық Х.Колумбқа темекі мен темекі өсімдігін сыйға береді.
І кезең. Х.Колумб және түтіндеп жатқан шоқтар
ІІ кезең. Темекінің Еуропаға келуі
Темекіні Еуропаға 1496 жылы Х.Колумб және оның көмекшілері әкелген еді.
Ресей жеріне “түтіндейтін шоқтарды” алғаш рет ағылшын саудагерлері 1585 жылы әкелді. Бірақ Ресей патшасы Михаил Федоров оларға қарсы тұрды. Көк түтінді ұнатқан адамдарды 60 рет таяқпен табаннан сабап жазалайтын, ал бұл әдетке үйір болғандарды екінші рет көргенде құлақ пен мұрынды шауып тастайтын болған.
Сол 1585 жылы Англияда Елизавета І темекі тартушыларды ұрылармен теңестіріп, оларды көшеде мойындарына арқан салып жүргізу туралы заң қабылдайды. Бірақ оның ең жақын көмекшісі Уолтер Роли оны көпшілікке таратып, сән мен үлгіге айналдырады.
Яков І темекіні зиянды, қауіпті және өркениетті адамға тән емес деп айтты. Өзінің “Темекі зияны туралы” атты еңбегін 1604 жылы басып шығарады. Оны Яков І мынадай сөздермен аяқтайды: “Бұл көргенге жағымсыз, иіскегенге мүмкін емес, миға зиянды және өкпеге қауіпті әдет”.
Темекі Пиренейден өтіп, Францияға да жетеді. Португалидағы француз елшісі Жан Нико темекі жапырақтары мен ұрықтарын Франция патшайымы Екатерина Медичиға сыйға тартады. Соған қоса темекі көңілді көтеретін, денені ширататын, бас пен тістің ауырғанын жазатын дәрі деп сипаттайды. Сондықтан Францияда басында темекіні “Нико шөбі” деп атаған. Темекі құрамындағы улы зат никотин осы Жан Никоның есімімен байланысты аталған.
1967 жылы Петр І темекі саудасына рұқсатын береді. Ол өзі Голландияға сапарынан кейін құмарланған темекі шегуші болған.
Темекі өсімдігі
Темекі өсімдігі
Темекі өсімдігі алқа тұқымдастар класына жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австрия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің 3 түрі өседі. Ол бір жылдық өсімдік, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымдар. Темекі өсімдігінде улы алколоидтар бар. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды.
Көк темекі
Қазақстанда табак өсіру үшін 4500 гектар жер бөлінді.
Қазақстанда әр жыл сайын 9000 тн табак өндіріледі.
- Қазақстанда -
Әр жыл сайын 12600 млн темекі экспортқа шығарылады.
3000 млн темекі шеттен әкелінеді.
Жыл сайын 25000 адам шылым шегу нәтижесінде қайтыс болады.
15 млн. халықтың шамамен 5 млн-ы шылым шегеді.
Темекі құрамындағы улы заттардың ағзаға әсері
Никотин
Смола
Улы газ
Бензопирен
Стирол
Синильді қышқыл
Никотин жүйке жүйесін тітіркендіреді, қан қысымын жоғарылатады, ұсақ қан тамырларын тарылтады, ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясын күрт арттырады. Ауыз, тамақ, қолқа, кеңірдектің сілекей қабатын тітіркендіреді.
Никотин жүйке жүйесін тітіркендіреді, қан қысымын жоғарылатады, ұсақ қан тамырларын тарылтады, ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясын күрт арттырады. Ауыз, тамақ, қолқа, кеңірдектің сілекей қабатын тітіркендіреді.
Темекі ең алдымен өкпеге зиянын тигізеді, темекіден адам өкпесіне улы зат смола жиналады. Смола – темекі құрамындағы заттар күйгенде түзілетін қоспа. Смоланың құрамында ауру туғызатын реактивті элементтер бар. Смола өкпедегі ауа алмасу жолдарын бекітеді.
Темекі ең алдымен өкпеге зиянын тигізеді, темекіден адам өкпесіне улы зат смола жиналады. Смола – темекі құрамындағы заттар күйгенде түзілетін қоспа. Смоланың құрамында ауру туғызатын реактивті элементтер бар. Смола өкпедегі ауа алмасу жолдарын бекітеді.
Темекі түтініндегі улы газ көмірсутектің сіңірілуін нашарлатады, ағзадағы “С” дәруменінің азаюына әкеп соғады. Сонымен бірге улы газ гемоглабинмен бірігеді, нәтижесінде гемоглабиннің бір бөлігі қарапайым демалу процесінен алынып, ағзада оттегі жетіспеушілігі дамиды.
Темекі түтініндегі улы газ көмірсутектің сіңірілуін нашарлатады, ағзадағы “С” дәруменінің азаюына әкеп соғады. Сонымен бірге улы газ гемоглабинмен бірігеді, нәтижесінде гемоглабиннің бір бөлігі қарапайым демалу процесінен алынып, ағзада оттегі жетіспеушілігі дамиды.
Бензопирен, яғни канцерогендік шайыр тіс эмалының бүлінуіне әкеліп соқтырады.
Бензопирен, яғни канцерогендік шайыр тіс эмалының бүлінуіне әкеліп соқтырады.
Стирол адамның көру, дәм және иіс сезу қабілетін төмендетеді.
Стирол адамның көру, дәм және иіс сезу қабілетін төмендетеді.
Темекі құрамындағы синильді қышқыл жүйке жүйесін улайды, оның жұмысын бұзады.
Темекі құрамындағы синильді қышқыл жүйке жүйесін улайды, оның жұмысын бұзады.
БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ШЫЛЫМ ШЕГУШІЛЕР
ТҮРЛІ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНІҢ МӘЛІМЕТТЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК, ЖЫЛ САЙЫН ӘЛЕМДЕ 5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ТЕМЕКІ ЗАРДАБЫНАН КӨЗ ЖҰМАДЫ. ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ 90% ТЕМЕКІДЕН БОЛАДЫ.
Сөздікпен жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
Гемоглобин – қанның құрамындағы бояушы қызыл зат
Онкологиялық ауру – қатерлі ісік ауруы
Секреция – без клеткаларынан ағзаға берілетін маңызды зат
Экспорт – өнеркәсіп өнімдері мен басқа да тауарлардың, сондай-ақ капиталдың шетелдерге шығарылуы
Инсектицид – зиянды жәндіктерге қарсы зәр ретінде қолданылатын улы зат
“Гандбол” ойыны
“Гандбол” ойыны
Темекінің зияны
Н
И
К
О
Т
И
Н
1. Бірінші байлық.
2. Темекі құрамында болатын улы зат.
3. Темекінің отаны.
4. Үндістер темекі өсімдігін қалай атаған?
5. Темекі тартушыларды ұрылармен теңестіріп, оларды көшеде мойнына арқан салып жүргізу туралы заң қабылдаған кім?
6. Зиянды жәндіктерге қарсы зәр ретінде қолданылатын улы зат.
7. Никотин қандай көкөніс құрамында бар?
“Никотин” сөзжұмбағы
“Теру” стратегиясы
“Теру” стратегиясы
Дұрыс:
Бұрыс:
Темекіде көптеген улы заттар болады. 5. Темекіні тастау өте қиын.
3. Зияны жоқ темекі болады. 7. Темекі шегу – зиянды әдет.
4. Темекіге көп қаржы жұмсалады. 8. Темекі – сенімді дос, көмекші.
Ситуациялық сұрақтар:
Ситуациялық сұрақтар:
1. Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Бірақ сенің темекі шеккің келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді. Сен достарыңды да қиғың келмейді. Не істер едің?
2. Азамат 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Азамат ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмай жүр. Егер сен Азаматтың орнында болсаң не істер едің?
3. Темекі денсаулыққа зиянды екені белгілі. Зиян болса неге сатылады? Темекіге тосқауыл қоюға бола ма? Сіздердің ойларыңыз ...