Сабақтың тақырыбы: Астана – болашақтың қаласы. (1 слайд)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астана туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: қазақ тілін үйренуде оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру.
Тәрбиелік: оқушыларды отанды сүюге, Астананы құрметтеуге баулу (2 слайд)
Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
Сабақтың түрі: жаңа, қалыпты
Технологиясы: модульдік технологиясы, интерактивтік оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның елтаңбасы, туы, картасы,
буклет “Астана- еліміздің жүрегі”
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жалпы сұрақ.
Сенің туған жерің қай жер?
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Тудың авторы кім?
Елтаңбаның авторы кім?
ҚР рәміздері қай жылы қабылданды?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлаймыз?
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана – арман қала.
Эпиграф: Асқақтай бер, Астанам,
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған! / Н. Айтұлы/
(3 слайд)
Қазақстанның астаналарын еске түсірейік.
1-ші астанасы- Орынбор қаласы. (4 слайд)
2-ші астанасы- Қызылорда қаласы. (5 слайд)
3-ші астанасы- Алматы қаласы. (6 слайд)
4-ші астанасы- Астана қаласы. (7 слайд)
Үлкен қалалардың өз елтаңбасы бар. Астана қаласының елтаңбасында 14 жұлдыз бейнеленген. Ол 14 облыс деген сөз. Шаңырақтың суреті береке, ынтымақты білдіреді. Қалқан бейбітшілік пен тәуелсіздік мағынасында. Есіл өзенінің жағасына орналасқандықтан судың толқыны бар. Астана қаласының елтаңбасының авторы- суретші Салауат Дембат. (8 слайд)
Астананың елтаңбасы (9 слайд)
1. Мәтінмен жұмыс.
Қай елдің астанасының аты мемлекеттік рәміздер тәріздес. Мысалы, Мәскеу десе- Ресей, Пекин десе- Қытай, Лондон десе- Англия мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.
Мемлекетіміздің бас қаласы- Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл талай тарихи оқиғаларды бастан өткізді. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір орны болған.
Астана қаласы- Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана- болашағы үлкен қала. Мұнда әсем , зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астана іскерлік ( бизнес) және мәдени орталыққа айналды. (10 слайд)
2. Мәтінді аудару.
Каждая страна имеет столицу как государственные символы. Например, Москва- мы представляем Россию, Пекин- Китай, Лондон- Англию. В нашем государстве главный город Астана. На сегодняшний день Астана известна всем. По статистике историков в прошлые века на сегодняшнем месте Астаны находились Западные орды гунов. Город Астана находится в Северном Казахстане. Здесь воздух чистый, зимой холодно, летом жарко.
Астана в будущем будет большим городом. Здесь строятся высотные здания.
Астана превращается в центр культуры и бизнеса.
3. Символ города Астаны- Бәйтерек (11 слайд)
4. Сұрақтарға жауап беру. (12 слайд)
Дүние жүзі бойынша қандай мемлекеттердің астаналарын білесіңдер.
(13 слайд)
Астана- Қазақстан (14- 23 слайд)
Мәскеу- Ресей
Пекин- Қытай
Париж- Франция
Рим- Италия
Мадрид- испания
Сеул- Корея
Қайр- Египет
Анкара- Түркия
Тест сұрақтарына жауап беру (24 слайд)
Схема бойынша әңгімелеу (25 слайд)
Венн диаграммасы бойынша салыстырайық. (26 сдайд)
АСТАНА ПЕТРОПАВЛ
үлкен қала шағын
астана ескерткіш облыс орталығы
президент мұражай облыс әкімі
әдемі
8. Мақал-мәтелдерді жалғастыру (27 слайд)
IV. Қорытынды.
Y. Үй жұмысы: Астана туралы өлең немесе әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: |