Сабақтың мақсаты: Білімділік : Өлең құрылысына талдау жолдарын еске түсіру



Дата02.07.2018
өлшемі19,32 Kb.
#45687
түріСабақ
Күні: 23.01.2016

Пәні: Сөз өнері

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Қалқаман Сарин. «Ертіс...Семей...»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлең құрылысына талдау жолдарын еске түсіру

Тәрбиелілік: Оқшылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту

Дамытушылық:Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу; шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тіл дамыту,

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар Пәнаралық байланыс:музыка

Сабақ барысы:



Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.(2 минут)

Үй тапсырмасын пысықтау:

Жаңа сабақ барысы

Құрметті оқушылар! Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге әннен жұмбақ жасырғым келіп тұр.



М. Беспаев, МуАРТ тобы, К. Төленбаева, С. Майғазиевтердің орындауында көпшілік құлағына сіңген әндерді қосып, оқушыларға орындаушының кім екенін жасырамын. Жұмбақ шешілгеннен кейін тақтағы автордың суреті ілінеді. Осыдан кейін оқушыларды автордың өмірбаянымен таныстырамын. Сарин Қалқаман Айымғазыұлы1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдары аспирантураны тәмәмдаған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. ҚР Үкіметінің «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Жазушылар одағының мүшесі. «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы. «Жібек сезім – Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім», т.б. ән мәтіндерін жазған.Бүгінде ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, "Астана" теле-арнасындағы «Кеш емес» ток-шоуында жүргізуші болып істейді.


Ертіс... Семей...

Есімнен еш кетпейсің Ертіс, Семей...
Еңсемді езе берді-ау сол кішкене ой.
Барар ем барлығын да құрбан етіп,
Бұйырып бүгін, ертең жол түссе ғой.

Кеудемде күмбір-күмбір шулайды орман,
Әуреге салған жанды бұл қай жалған?
Сылаңған сері күндер артта қалып, 
Бір арман қолын тағы бұлғайды алдан.

Осылай ой тербетіп жолда келем,
Тулайды тұла бойда толғақ - өлең.
Әп-сәтте сезім кешіп абыр-сабыр,
Беймаза мұндай күйде болмаған ем.

Қайтейін, ғұмыр қысқа, ал, жол ұзақ,
Тар көше, тас қаланың таңдары жат.
Аңсатып баға жетпес балалығым,
Жеткізбей бара жатыр арман ұзап.

Ілесіп кеттім екен қандай көшке?
Үмітім өшпесе екен. (Жанбайды өшсе.)
Есілде ел сүйсінер еркелік бар,
Ертісті бірақ, әттең, салмайды еске... 

Сұрақтар:

  1. Өлеңнің тақырыбына тоқталыңыз?(Туған жерге деген сүйіспеншілік, сағыныш сезімі)

  2. Автордың суреттеуі сіздің ойыңызбен сай келе ме? Сіз туған жерге деген сағынышыңызды қалай жеткізер едіңіз?

  3. Өлең неше шумақ, тармақ, бунақтан тұрады? (5 шумақ, 20 тармақ, 3 бунақ)

  4. Өлең жолдарындағы буын санына тоқталыңыз (11 – 13 буынды)

  5. Өлең ұйқасы: (қара өлең)

  6. Өлеңде кедесетін троп түрлеріне тоқтал: (Метафора: толғақ – өлең.)


Шағын ой – толғау жазу:

Тақырыбы: Туған жер
Үйге тапсырма: Ертіс... Семей... өлеңін жаттау
Оқушыларды бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Ертіс... Семей...



Есімнен еш кетпейсің Ертіс, Семей...
Еңсемді езе берді-ау сол кішкене ой.
Барар ем барлығын да құрбан етіп,
Бұйырып бүгін, ертең жол түссе ғой.

Кеудемде күмбір-күмбір шулайды орман,
Әуреге салған жанды бұл қай жалған?
Сылаңған сері күндер артта қалып, 
Бір арман қолын тағы бұлғайды алдан.

Осылай ой тербетіп жолда келем,
Тулайды тұла бойда толғақ - өлең.
Әп-сәтте сезім кешіп абыр-сабыр,
Беймаза мұндай күйде болмаған ем.

Қайтейін, ғұмыр қысқа, ал, жол ұзақ,
Тар көше, тас қаланың таңдары жат.
Аңсатып баға жетпес балалығым,
Жеткізбей бара жатыр арман ұзап.

Ілесіп кеттім екен қандай көшке?
Үмітім өшпесе екен. (Жанбайды өшсе.)
Есілде ел сүйсінер еркелік бар,
Ертісті бірақ, әттең, салмайды еске... 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет