|
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың маңызы туралы түсіндіру
|
Дата | 29.03.2017 | өлшемі | 12,84 Kb. | | #12452 | түрі | Сабақ |
| - Сабақ тақырыбы:
- Адам және өсімдіктер мен жануарлар
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Альмаханова Меруерт
Сабақтың мақсаты: - Білімділік: Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың маңызы туралы түсіндіру.
- Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын дамыту.
- Тәрбиелігі: Табиғатты, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
- Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық
- Табиғат – ол анамыз, Табиғатқа біз баламыз.
- II. Үй тапсырмасын тексеру
- Жер басқанның жүйрігі,
- Аспаннан келер бұйрығы.
- Бұйрығы жетіп келгенде,
- Шошаңдайды
- Белестен шапқан бесті ат,
- Бүкір келген желісті ат,
- Бейғам елді іздейді,
- Малдан күдер
- Бір-біріне сенетін үш дос нелер?
- Адам мен жануарлар арасындағы әр түрлі қарым-қатынасқа мысалдар келтір
- Адам және өсімдіктер мен жануарлар
- Ал, санайық, санайық,
- Санын біліп алайық
- Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
- Қолымда сонда саусағым нешеу?
- Оң қолымда бес саусақ,
- Сол қолымда бес саусақ
- Қосып едім екеуін,
- Болып шықты он саусақ.
- “Өз үйлеріне орналастыр” ойыны
- Кубик лақтыру ойыны
- Үй жануарлары туралы жұмбақтар
Кубик лақтыру Кубик лақтыру - Кішкене ғана бойы бар
- Айналдыра киген тоны бар.
Кубик лақтыру Кубик лақтыру - Екі найзасы бар
- Екі айнасы бар
- Төрт сылдырмағы бар
- Бір шыбыртқысы бар.
Кубик лақтыру Кубик лақтыру - Басында екі таяғы бар
- Төрт аяғы бар
- Адам емес бірақ
- Иегінде сақалы бар.
Кубик лақтыру Кубик лақтыру - Кезікті бір жануар
- Үстінде екі тауы бар.
- Тест.
- 1)Тірі табиғатқа не қажет?
- А) Ауа Ә) Тас Б) Машина
- 2)Бақша шаруашылығынан не алынады?
- А) дәнді дақылдар Ә) көкөністер Б) жемістер
- 3)Адамдар малды қай кезде шөппен, жеммен азықтандырады?
- А) жазда Ә) қыста Б) көктемде
- 4)Топырақ арасына жол салатын қай жорғалаушы?
- А) көбелек Ә) ара Б) жауынқұрты
- 5) Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді?
- А) тыныс алып, қоректенетіндігімен
- Ә) терең ойлайтындығымен, саналығымен
- Б) орманда, далада өмір сүретіндігімен
-
- Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
- Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
- Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? - Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу) - Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу) - Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу) - Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті) - Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу) - Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу) - Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.
- Күніміз ашық болсын,
- Туніміз тыныш болсын,
- Ауамыз таза болсын,
- Жан-жануар аман болсын.
- Бәріміз аман сау болайық.
- Тақырыпты оқып, үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер жаттап келіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|