Қызығушылықты ояту. Мұғалімнің сөзі (Абай әндерінің баяу сазымен):
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсуіне зор үлес қосқан ақын.