ІІ түсіну Өлеңді мәнерлеп оқу
«Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ»
Екі жақты күнделік стратегиясы арқылы Абайдың «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдеріне талдау жасау.
Үш өлеңдегі ақын ойының үндестігін табу, өз ойын ортаға салу.
І топ «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»
ІІ топ «Байлар жүр жиған малын қорғалатып»
ІІІ топ «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
ІІІ Қолдану «Ақылдың алты қалпағы» Эдвард де Боно тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырма беріледі.
А) Ақ қалпақ: өлеңнің белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.
Ә) Сары қалпақ: Бұл қалпақпен сіз өлеңнің жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Б) Қара қалпақ: Бұл - «әзәзілдің қорғаушысы» өлеңінің жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз, оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз.
В) Қызыл қалпақ: Сезімге ерік бересіз, өлең туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер. Заман ағымымен бе, әлде басқа себептермен өзгерген адамдар туралы.
Г) Жасыл қалпақ: Өлең кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады. Заманға лайық жастарға көзқарастары туралы.
Ғ) Көк қалпақ: Шығарманың маңызы туралы.
ІV. Талдау І топ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі.
ІІ топ. Венн диаграммасы «Адасқанның алды – жөн» өлеңі мен 38 қара сөзін салыстыру.
ІІІ топ. Абайдың сөзден салған өрнегі.