Сабақтың мақсаты: Білімділік. Жыл мезгілдеріне толығырақ тоқталу, оқушылардың білім деңгейін көрсету



Дата23.08.2017
өлшемі28,16 Kb.
#25073
түріСабақ
Сабақ жоспары қазақ тілі пәні бойынша 4 сыныпта

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері» 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Жыл мезгілдеріне толығырақ тоқталу, оқушылардың білім деңгейін көрсету.

  1. Дамытушылық. Осы тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Сөлеу тілін дамыту.

  2. Тәрбиелік. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу. Қолданылатын стратегиялар «Кубизм», «Түртіп алу», «INSERT».

Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

  3. Психологиалық ахуал оқушылар келген қонақтармен амандасады.

  4. Тіл дамыту.

ІІ. Сабаққа мақсат қою.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Жаз

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жыл мезгілдері




Қыс

  

Күз




Көктем

 

    Сызба арқылы мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Мағынаны тану «Кубизм» стратегиясы бойынша.



  1. Суреттеңіз. Жыл мезгілдерін атаңыз.

  2. Салыстырыңыз. Күз бен жаз мезгілінде адамдар қандай еңбекпен айналысады?

  3. Саралаңыз.

Адамдар қай жыл мезгілін қалайды?

Мәтінмен жұмыс. Ауа-райы

  Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.

Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Маусымның – 22 -сінде күн мен түн теңеледі.

Жаздан кейін қоңыр салқын күз де келіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі. Аспанды қара бұлт қаптап, жауын да жиі жауады. Қар аралас жауын-шашын болады.

Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Күн аязды, жер тайғақ болады. Қыстан кейін көктем де келеді. Жылдың әр мезгілінде ауа-райы өзгеріп тұрады. Ауа-райын болжаумен метеорология ғылымы айналасады. Ауа-райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі-барометр. Ал жердін жасанды серіктері жоғарыдан ауа-райынның жағдайын өзгерісін бақылайды да, радио арқылы жерге хабарлап тұрады. Ауа-райының құбылысын алдын ала біліп отыру кеме капитандарына, ұшқыштарға егіншілерге және малшыларға аса қажет.



ІV. Түсінігін тексеру.

Ой қозғау:

  1. Күзде қараңғы қашан түседі?

  2. Күн мен түн қашан теңеледі?

  3. Өзендер мен көлдер қашан қатады?

  4. Адамдар ауа – райының өзгеруін қайдан біледі?

  5. Сабақты қорытындылау.

  6. Зат есім  Жыл мезгілдері

  7. Сын есім Алтын, тамаша

  8. Етістік Өзгереді, өседі

  9. Сөйлем Жыл мезгілдері өте тамаша.

  10. Синоним    Уақыт

VІ. Үйге тапсырма беру:

Жылдың төрт мезгілі жайлы әңгімелеу, суреттеу.



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет