www.testent.ru
Ондық бөлшектерді бөлуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару.
Дамытушылық мақсаты. Ондық бөлшек және оны бөлу ұғымын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Есептер жазылған карточкалар, интерактивті тақта, сабаққа жасалынған слайд.
Түрі. Ойын сабақ. «Математикалық футбол» ойыны.
Сабақ барысы. І Ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Сыныпты екі футбол командасына бөлу. «Алакөл» және «Аралтөбе» командалары.
ІІІ. Негізгі бөлім. «Математикалық футбол» ойыны.
ІҮ. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.
Ойынның шарты:
Сыныпты екі командаға бөлу. Атын беріледі.
Интерактивті тақтадан алдын ала жасалған футбол алаңын шығару. Алаңда ойыншылардың суреттерінің жанында таратпа материалдардағы есептерді жауабы жазылады.
Әр командадан бір оқушыдан шығарып, қолдарына таратпа материал (карточкалар) беру. Әрбір қағазда 2 есеп жазылады. Бір оқушы тақтаға есеп шығарған кезде тапқан жауабын футбол алаңынан тауып, келесі жауапқа қаламмен сызып тұрады. Бірінші жауап алаң ортасында болады. Ең соңғы дұрыс жауап қарсылас команданың қақпасының жанында болады. Соңына бірінші жеткен команда екінші командаға гол теуіп, жеңіске жетеді.
Оқушылар екі топтан кезекпен тақтаға шығып отырады. Отырған оқушылар әр команда өз есебін орындарынан орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |