Сабақтың мақсаты: білімділік мақсаты



бет10/14
Дата28.01.2018
өлшемі1,57 Mb.
#34579
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Көркем-сәнді тігістер



Бедерлі

Шеттікпен (жиектеу)



Қатпарлы


Сәндік тігістер. Сәндік тігіс (түрі) – бедерлі тігістерді, кантымен бүкпесі бар тігістер түрлерін біріктіреді. Бедерлік тігістер баулықты және баулықсыз тігілген, әдіптік және үстінен тігілген болып келеді. Қайырылған тігістер бөлшектің оң бетінен (немесе теріс бетінен) қайырылып, кескіндемелері бойынша қайырылып тігіледі. Тігістен қайырылу шетіне дейінгі қашықтық 1,5-2 мм. Бірнеше паралельді тігістерді орындау кезінде қайырылу сызығын тек бірінші тігіс үшін ғана жасайды, қалған паралельді тігістер- тігістер арасындағы қашықтық пен енін шектеуші арнайы жабдықпен жүзеге асырылады.

Аталған тігістер екі немесе төрт инелі машинада орындалады, ал шығыңқылықты жасау үшін астынан ватин немесе жұмсақ драп салынады. Бірінші тігістің орны шамамен алдын-ала белгіленіп алынады. Бедерлі тігісті алу үшін астынан жұқа астарлы мата салынады және тігістер арасында мата қабаттарының арасынан баулық жүргізе отырып, баулығы бар атылған тігіс алынады. Күрделі конфигурациялы тігістер бір инелі машинада орындалады.

Бір ілмекті немесе бір шөрнекті екі инелі машинаны қолданған кезде баулықсыз да жеткілікті шығыңқы тігісті алуға болады. Ол үшін ине пластинасында шығыңқылық жасалады, ал табан астына-материалды қайыруға арналған газ салынады.

Бедерлі тігістер әйелдер және балалар киімдерін сәндеу үшін қолданылады, ал қайырылған тігістер сәнді ерлер жейделерінде қолданылады. Бүкпелі және үстінен тігілетін бедерлі тігістер сыртқы көрінісі бойынша сырып және үстінен жүргізілетін біріктіруші тігістерге ұқсайды. Бірақ, оларды бүтін бөлшектерде орындалады, нәтижесінде мата үнемделеді. Берілген тігістер торлы маталардағы тұтас бедерлерде, иініштерді дайындау кезінде және т.б. қолданылады, яғни бөлшектердің суреттері бойынша теңестіру қажет болған кезде. Қосымша жолақшасы бар материалдардағы тігістер астарлы бұйымдарда қолданылады. Бүкпелі тігісті теріс бетінен бір сызық етіп белгіленеді. Бөлшек белгіленген сызықтары бойынша оң бетімен ішке қарай қайырылады да, қайыру сызығынан 1,5-2 мм қашықтықта сырып тігіледі. Сосын тігіс үтіктеледі (бір жаққа қарай жатқыза үтіктеледі) немесе ажырата үтіктеледі (бүкпелі тігіс ажыратылып үтіктеледі).

Жай үстінен тігілетін сәндік тігіс жолақшасыз немесе жолақшасы бар матадан орындалады. Бірінші жағдайда бөлшектің оң бетіне тігіс сызығы жүргізіледі, сосын үлгі бойынша тігіс еніне 0,5 мм, қосып тігіледі. Тігіс қосымшасы жатқыза үтіктеледі. Бөлшекті оң бетімен жайғастырып, тігілу сызығы белгіленеді немесе арнайы жабдық көмегімен бөлшекті қосымшаға сырып тігеді. Егер бөлшектің жасырылуға тиісті басқа сәндік тігістері болса, онда күрделі құрылысты үстінен тігілетін тігіс орындалады. Мұндай тігістің сызығы бөлшектің оң бетінен белгіленеді және сол сызық бойынша бөлшектің теріс бетінен мата жолақшасы салына отырып, біріктіру тігісі жүргізіледі. Сосын бөлшектің оң бетін ішке қаратып, қайырады да, тігістен 1,5-2 мм қашықтықта тігіледі. Жолақшаны тігістің басқа шеті бойынша орналастырады және қайырады. Сосын бөлшекті жолақшаға қайырып тігіледі. Кантты тігістер шеттік және біріктіруші тігістер болып келеді. Олар киімдерде, соның ішінде ведомстволық киімдерде кең қолданысқа ие. олардың негізгі түрлері көрсетілген. Кантты тігістерді өңдеудің
ең тиімді әдісі бірізді-паралельді болып табылады. Кантты тігуге арналған жолақша арнайы жабдық көмегімен оң беті сыртқа қаратылып ұзына бойымен теңдеу екіге қайырылады да, материал қабаттарының араларына салынады және біріктіруші машинасының инесінің астына беріледі, яғни қосып тігіліп шығады. Тігіске байланысты бөлшектер біріктіріліп тігіледі, үстінен немесе әдіптеліп тігіледі.

Бір жақтық қатпарларға барлық майысулар (қайырылулар) оң бетінен бір жаққа, теріс бетінен екінші жаққа бағытталған. Ал екі жақтық қатпарлар – қайырылулар бір-біріне (бір-біріне түйістірілген) бағытталған немесе бір-біріне қарама-қарсы банттық бағытта бағытталған.

Қатпарлардың орындалу бірізділігі төменде келтірілген: қатпарларды белгілеу; уақытша тігістермен қатпарларды біріктіу және ылғал-жылулық өңдеумен орындау; қатпарларды тұрақты тігістермен біріктіру; уақытша тігіс жіптерін алу және ластарды шешу; сәндік тігістерді орындау және қосымшаларды бекіту; үстіңгі кескіндерді тігу; қатпарларды уақытша бекіту. Мата жіптеріне бұрыштап
орналасқан қатпарлар сондай-ақ бұйым етегіне дейін жетпейтін қатпарлар уақытша тігістермен біріктіріледі. Бұл жағдайдағы уақытша тігістер тек тұрақты тігістер жоқ жерден өтеді. Қысқа қатпарлар кескіндемелері бойынша
қайырылып, кесіндісі бойынша тігіледі және соңынан үтіктеледі.

Дайын қатпарларға келесі талаптар қойылады: қайырылу сызығы, тігіытер түзу тігіс болуы тиіс; бүкпе симметриялы болуы тиіс; топтастырылған қатпарларды бекіту, тігістері бір деңгейде, ал қатпар ұзындығы бірдей болуы тиіс; қатпарларға берілетін қосымшалар негізгі бөлшеке тығыз орналасуы тиіс; киілу барысында қатпарға берілген қосымшаның деңгейі қамтамассыз етілуі тиіс және бекітпедегі тігіс аяғындағы материалдың сақталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет