Жөрмеп тігу шеттік шығару. (видиоролик) Барлық бұйымдарда да жөрмеп тігу көп кездеседі: өңірді өңір астымен қосып өңдегенде, қаттаманы өңдегенде. қақпақшаны астар матасымен өңдегенде, әдіпті мойын ойындысына және қолтық ойындысына қосып өңдегенде т.б.
Өңдеу жолы: екі бөлшектің оң жақтарын беттестіріп, қиықтарын теңестіріп 0,5 – 0,7 см. айналдыра көктеу. Жөрмеп тігу 0,5 -,07 см. (матаға байланысты, егер мата жұқа, сетінегіш болып келсе онда 0,7 см жөрмеп тігіледі, ал егер мата сетінемейтін болса онда 0,5 см жөрмеп тігіледі). Көктеу жібін суырады. Оң жағына аударып, 0,1 – 0,2 см шеттік шығарылады, баса үтіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |