Сабақтың мақсаты: Білімділік: Менделдің доминанттылық заңы туралы терең түсінік қалыптастыру



бет2/2
Дата10.06.2017
өлшемі0,52 Mb.
#18542
түріСабақ
1   2

Үшбұрыштың сұрақтары:

1) Генетика дегеніміз не?



2) Суретте көрсетілген ғалым кім?

3) Генетиканың дамуы неше кезеңнн тұрады?

4) Ген .....................

Төртбұрыштың сұрақтары:


  1. Г.Мендель қай жылы дүниеге келген?

  2. Мендельдің неше заңы бар? Қай заңдарымен таныссың?

  3. Будандастырудың қандай түрлерін білесіңдер?

  4. Доминантты және рецессивті дегенді түсіндір.Олардың белгілері қандай?

Дөңгелектің сұрақтары:

  1. Гентикада қолданылатын негізгі белгілерді жазып көрсет?

  2. Мендельдің 1865 жылы жариялаған мақаласы қалай атаоады?

  3. 1900 жыл қандай жыл деп саналады?

  4. Генетика деген атауды кім енгізді?

  1. Жаңа сабақ (15 минут)

Дигибридті будандастыру моногибридті будандастыруға қарағанда күрделірек болады.

Дигибридті будандастыруда бір-бірінен екі белгі бойынша ажыратылатын даралар шағылыстырылады.

Егер шағылыстыру үш немесе оданда көп белгілер арқылы жүргізілсе оны полигибридті будандастыру деп атайды.

Белгілердің ажырау заңы

Моногибридті будандастыруда Мендель тек бір жұп қарама-қарсы белгілердің тұқым қуалауын зерттеді. Осы зерттеу нәтижесінде ол бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесін және екінші ұрпақта байқалатын белгілердің ажырау заңдылығын ашты.

Мендель келесі тәжірибесінде екі жұп белгілердің тұқым қуалауын зерттеді.



будандастырды

Сары – А, тегіс – В

жасыл – а, бұдыр – в

Қарама-қарсы екі жұп белгі – тұқымның

сары және жасыл түсінің,




ДИГИБРИДТІ
тегіс және бұдыр пішінінің тұқым қуалауы зерттелді.

Ғ1 даралары – біркелкі сары түсті, тегіс пішінді болып, екі доминантты белгі жарыққы шыққан. Ғ2 төрт түрлі фенотип көрінген. 9:3:3:1 ажырау.





Тұқымның түсі б/ша қарасақ, онда алынған 16 өсімдіктің ішінде сары тұқымды 9+3 =12 бөлікті, ал жасыл тұқымды 3+1 = 4 бөлікті құрайды. Сонда сары тұқымды өсімдікпен жасыл тұқымды өсімдіктің арақатынасы 12:4 н/е 3:1 тең болады.Бұл моногибридті будандастырудағы белгілердің ажырауын көрсетіп тұр. Егер тұқымдардың пішіні б/ша алсақ,онда тегіс пішінділері 9+3 =12 бөлікті, ал бұдыр пішінділері 3+1 =4 бөлікті құрайды.Тұқымның пішіні б/ша белгілер 12:4 н/е 3:1 қатынасына ажырайды.Сонымен дигибридті будандастыруды екі моногибридті будандастырудың көбейтіндісі деп атауға болады. Мендель ашқан бұл құбылыс кейін белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы немесе Мендельдің 3-ші заңы деп аталады.

  1. Бекіту /сиқырлы сандықша/ (3 минут)


  1. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?

  2. Мендельдің 3 заңын ата?

  3. 9:3:3:1 арақатынасын түсіндір?

  4. Мендеь тәжірибесіне не себепті бұршақтың түрлерін алды ?


  1. Қорытындылау (2 минут)

Қортындылай келе белгілердің ажырау заңы екінші ұрпақта жүретіндігі дәлелденді. Дигибридті будандастыруда бір-бірінен екі жұп белгілері бойынша ажыратылатын даралар шағылыстырылатынды анықталды. Мендель өз тәжірибесіне 9:3:3:1 қатынасын дәлелдеуде асбұршақтың түрлерін пайдаланды. Бұл дигибридті будандастыру деп аталады.

  1. Үй тапсырмасын беру (1 минут)

Үйге тапсырма

§24 оқу

«МЕНІ ТАНЫ» Берілген терминдерге сипаттама берулері тиіс

Дигибридті будандастыру

Пеннет торы

Тәуелсіз тұқым қуалау

Мендельдің үшінші заңы

Талдаушы шағылыстыру

Деңгейлік тапсырмаларды орындау



  1. Бағалау (2 минут)

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет