3.Көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тонна кең өндірілгенін айтқан ғалым – Қ.И.Сәтбаев (1899-1964)
4.Қазақстанның Андронов мәдениетін кезеңдерге бөлу проблемасымен айналысқан ғалымдар?
5.Қола дәуірі хронологиясы - Б.з.б 2800-б.з.б 900 жылдар
6.Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орныдар – Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба
7.Қола дәуіріне тән Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында орналасқан қала – Арқайым қаласы
7.Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш ашқан ғалым?
8.Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш қашан табылған – 1914 жылы
9.Еуразия даласындағы қола дәуірі мәдениеті – Андрон мәдинеті
10.Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды – Батысқа, Оңтүстікке
11.К.В.Сальников Андронов мәдениетін үш кезеңге бөлді. Қалай? Федоров кезеңі б.з.б XVIII-XVI ғ.ғ, Алакөл кезеңі б.з.б XV-XІI ғ.ғ, Замараев кезеңі XII-VІІI ғ.ғ
12.Қола дәуірінде күйдірілген кірпіштен салынған кесене – Түгіскен кесенесі
13.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі – Көзе құмыралар
14.Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ – Орталық Қазақстан
Үй тапсырмасының жауаптарды топтардың өзара тексеруі. 1-топ-2 топты, 2-топ-3 топты, 3 топ-1 топтың тапсырмаларын тескереді.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Археологиялық топ Беғазы-Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті үш кезеңге бөлінеді
Өтпелі кезеңі
Дамыған кезеңі
Соңғы кезеңі
Атасу заманынан Беғазы-Дәндібай заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің дамыған кезеңге жататындар:
Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәнбібай, Ортау-3, Саңғыру-1,-3 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы -1,-3 қоныстары және басқалары
Соңғы қола дәуіріне бейіттік құрылыстардан басқа Қарқаралы қаласы жанындағы Суықбұлақ, Қарақаралы, Ұлытау ауылының маңындағы, Қызылтаудағы Тағыбайбұлақ және басқа қоныстар жатады
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985жж.)
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985жж.) XX ғасырдағы аса ірі ғалымның бірі. Дүние жүзі ғылымында ол Қазақстан археологиясының және Қазақ археология мектебінің негізін қалаушы. Сондай-ақ, ол тарихшы, шығыстанушы, этнограф, әдебиетші-фольклорист, және аса ірі өнертанушы. Ә.Х Марғұлан XX ғасырдағы ең ірі – Шоқантанушы ғалым.
Әлкей Марғұланның қызметі
Ауыз әдебиті мұралары
Тарихи зерттеулер
Археологиялық зерттеулер
«Эпос тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі», «Ежелгі дәуірдегі халықтың аңыздары», «Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер», «Кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Қорқыт туралы қазақтың қара сөздері», «Қорқыт аңызын дәстүр етіп сақтаушылар», «Қорқыт бұрынғы ғалымдар мен ақындар есінде», «Қорқыт кітабының қазақ аңыздарындағы елесі», «Қорқыт жүрген жерлер», «Қорқыт музыкасындағы дәстүрлер», «Қорқыттың өліммен күресі», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Жырдың варианттары», «Қазақтың ерлік жырларындағы әлеуметтік сарындар», т.б. еңбектерінен анық көреміз
Әлкей Марғұланның тарихи зерттеулерін негізінен былай жіктеуге болады:
Хұндардың саяси тарихы;
Хұндардың тұрмысы және салт-дәстүрі;
Хұндардың бізге жеткен аңыз-ертегілері;
Хұндардың қала мәдениеті және архитектурасы;
Хұндардың қол-өнері:
а) ою-өрнектері (орнамент).
б)зергерлік өнері «Полихром стилі».
в) қару-жарақтары.
г) бейнелеу өнері.
Хұндардың шет елдермен қарым-қатынасы;
Хұн жазулары, яғни эпиграфикасы;
Хұн тілі мен түркі тілдерінің сабақтастығы;
«Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнері тарихынан», «Қазақстанның көне архитектурасы», «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» археологиялық зеттеулер нәтижелерінде жарыққа шығарған осы сияқты монографиялық жұмыстармен қатар, тарихқа, этнографияға, археологияға, әдебиет пен өнерге арналған 400-ге жуық кітаптары мен ғылыми зерттеулерін жарыққа шығарған.
Тапсырмалар
№
Қола дәуірінің үш кезеңі
Хронологиясы
1
Ерте қола дәуірі
2
Орта қола дәуірі
3
Кейінгі қола дәуірі
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Қола дәуірінің үш кезеңін жаз